400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп: Т.Рысқұлоа ОМ


Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Құрманқанқызы М.


Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


5.1.1.13ондық бөлшек ұғымын меңгеру;

5.5.2.5ондық бөлшектерді оқу және жазу;

5.1.1.14ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну,

мысалы, 1,3 және 1,30;


Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: Ондық бөлшек ұғымымен танысады, оқиды және жазады

Оқушылардың көпшілігі: Ондық бөлшектер анықтамасын қолданып есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар: Ондық бөлшектер арқылы өлшем бірліктерді өрнектей алады.




Бағалау критерийі


  • Ондық бөлшек ұғымын анықтайды, оқиды және жазады.

  • Ондық бөлшектерге берілген есептерді шығарады.

  • Ондық бөлшектер арқылы өлшем бірліктерді өрнектейді.


Тілдік мақсат:

Ондық бөлшек ұғымын біледі. Ондық бөлшектерді оқиды, жазады және түсіндіріп өз ойларын жеткізеді.

Пәнге тән лексика мен терминология

  • Ондық бөлшек;

  • Бүтін бөлік, бөлшек бөлік;

  • Үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;

  • Ондық таңбалар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Қандай бөлшектер ондық бөлшектер деп аталады?

  • Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?

  • Ондық бөлшектің жазылуындағы қай цифрлар ондық таңбалар деп аталады?


Құндылықтарға баулу


Құрмет,ынтымақтастық, ашықтық,қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік. (топқа бөлу)


АКТ қолдану

Интербелсенді тақта


Саралау

3-тапсырмада оқушылар сараланады. Диалогта оқушылардың деңгейіне қарай әртүрлі сұрақтар қойылады


Пәнаралық байланыс


Жаратылыстану (Ширату жаттығуларында)


Алдыңғы білім

Жай бөлшекке арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы, бөліктің негізгі қасиеттері.



Сабақтың барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері


Сабақтың басы

5 мин






Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу,түгелдеу, «Сандарды бейнеле» ойыны арқылы жағымды ахуал орнату.

Құндылықтарға баулуға байланысты қазақ хандарының суреттерін таңдау арқылы топқа бөлу. 1топ-Абылай хан, 2топ-Әбілқайыр хан, 3топ- Тәуке хан, 4топ-Бөкей хан.



Сабақ ортасы

30 мин

































































































































Жаңа тақырыпты меңгерту.

«Сәйкестендіру» әдісі.

 Тақырыпқа қатысты жауаптарын сәйкестендіру арқылы сабақты түсіну. Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында «сәйкестендіру» әдісін пайдалану арқылы тапсырмалар беріледі. Ол әдіс арқылы оқушы жаңа тапсырманы түсінеді,ойланады тапсырмаға байланысты тапсырмаларды сәйкестендіреді. Берілген жаңа тақырыпты топтан талқылайды,өз ойларын ортаға салады,тексереді,нәтижесін қағазға жазылған тапсырмаға қатысты сәйкестендіріп жауабын көрсетеді.Берілген сұрақтар арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі

Миға шабуыл:

(ширату жаттығулары)

Үнді пілінің бойының биіктігі 2м70см., ал Африка пілінің биіктігі одан 1м30см артық. Үнді және Африка пілдерінің екеуінің биіктігін бірге алғанда қанша болса, сусиырдың биіктігі одан 5м20см кем. Сусиырдың биіктігін тап және оны сантиметрмен өрнекте?

Жауабы: 150 см

ҚБ: Смайликпен


1- тапсырма:

Төмендегі тұжырымдардың дұрысын, дұрыс белгісімен белгілеңіз;

Ондық бөлшектің алдымен бүтін бөлігі,кейін бөлшек бөлігі жазылады

д

Ондық бөлшектің бүтін бөлігі бөлшек бөлігінен үтірмен ажыратылады

д

0,0068 санының бүтін бөлігі 0-ге тең

д

Егер бөлшек дұрыс болса, онда үтірдің алдына1 цифры қойылады


4,023 санының бүтін бөлігі 23-ке тең


 санының орнына 7,015 санын жазуға болады


 жай бөлшегін 0,3 бөлшегімен ауыстыруға болады.

д


2- тапсырма

Ондық бөлшек түрiнде жазыңдар:

Жауабы: 1) 0,7; 0,19; 0,317; 0,501

2) 1,1; 7,18; 24,09; 9,813

3-тапсырма

Шамалардың мәндерiн ондық бөлшек түрiнде жазыңдар:

1) метрмен: 3 м 15 см; 2 м 7 см; 35 см; 9 см;

2) килограммен: 6 кг 350 г; 4 кг 83 г; 650 г; 49 г;

3) теңгемен: 5 тг 61 тн; 17 тг 35 тн; 67 тн

Жауабы:1)3,15м; 2,07м; 0,35м; 0,09м

2)6,350кг; 4,083кг; 0,650кг; 0,049кг

3)5,61тг; 17,35тг; 0,67тг


Дескриптор:

-ондық бөлшектің анықтамасына сәйкес келетін дұрыс тұжырымдарды анықтайды.

-жай бөлшкеті ондық бөлшекке айналдырады.

- ондық бөлшектер арқылы өлшем бірліктерге берілген тапсырманы орындайды.

Деңгейлік тапсырмалар.


Топтық жұмыс: «Кім білімді» әдісі арқылы

А деңгейі

717.Сөзбен берілген есептерді ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

1)нөл бүтiн оннан тоғыз;

2) нөл бүтiн жүзден он жетi;

3) нөл бүтiн жүзден үш;

4) екi бүтiн мыңнан үш жүз он бес;

5) үш бүтiн жүзден бес;

6) тоғыз бүтiн мыңнан екi жүз жетi.

Жауабы: 1) 0,9 2)0,17 3)0,03 4)2,315 5)3,05 6)9,207

ҚБ: Шапалақтау

В деңгейі

718. Бөлiндiлердi ондық бөлшек түрiнде жазыңдар:

1) 7 : 10; 13 : 100; 91 : 1000; 109 : 1000; 33 : 1000; 7 : 1000; 2) 21 : 10; 119 : 100; 893 : 10; 4911 : 1000; 627 : 100; 517 : 10

Жауабы:1)0,7; 0,13; 0,091; 0,109; 0,033; 0,007

2)2,1; 1,19; 89,3; 4,911; 6,27; 51,7

ҚБ: Жетонмен

С деңгейі

726. Ондық бөлшектерді разряд қосылғыштардың қосындысы түрiнде жазыңдар:

1. 

2. 

Жауабы:1) 0,4+0,034+0,12 2)0,67+0,9+0,025

ҚБ: Бас бармақпен


Жұптық жұмыс:

«Дұрыс-Бұрыс» әдісі арқылы

(Дұрыс немесе бұрыс жауапты таңдаңыз)


Дұрыс

Бұрыс

Натурал сандарда ең кіші разряд бірлігі-ондықтар



(0,002) нөл бүтін мыңнан екі



0,33=





(0,41) нөл бүтін жүзден қырық бір



ҚБ: Жапсырма смайликпен


Қосымша тапсырма:

«Бәрін білгім келеді» әдісі арқылы оқушылар тапсырманы орындайды.

Атауы бойынша ондық бөлшекті тауып,сәйкес әріптерді белгілейді.Сол белгілеулер бойынша әлемдегі ең кіші құстың атауы шығады.



Сабақтың соңы

Рефлексия. «Шабадан,қоқыс жәшігі,еттартқыш» әдісі.

Мақсаты: Сабақта алған білімдерін саралай біледі.

Оқушыларға стикерлер таратылады. Оқушылар стикерлерді тақтада тұрған кері байланысқа жабыстырады.

Шабадан: Алған керекті ақпараттар......

Қоқыс жәшігі: Бүгінгі сабақтағы керексіз дүние.........

Еттартқыш: Бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек,толықтыруым керек.........


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
861
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі