400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті қосу және азайту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімі үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3В

Мектеп: №79 негізгі мектебі


Күні: 27.06.2017 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Берсүгірова Алтынгүл

СЫНЫП:5

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.13 Ондық бөлшек ұғымын меңгеру;

5.5.3.5 Ондық бөлшектерді оқу және жазу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Ондық бөлшек ұғымын түсінеді

  • Ондық бөлшектерді қалай оқылуы мен жазылуын үйренеді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Ондық бөлшектерді оқиды және жазады

Кейбір оқушылар:

  • Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді түрлендіреді

Бағалау критерийі

  • Ондық бөлшек ұғымын түсінеді

  • Ондық бөлшектерді оқиды, жазады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Ондық бөлшектерді оқи алады, жаза алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • бүтін бөлік, бөлшек бөлік

  • ондық бөлшек

  • үтірмен ажыратылатын таңбалар саны

  • үтірден кейінгі таңбалар саны

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Ондық бөлшекті жазу үшін оның бүтiн бөлiгiн және бөлшек бөлiгiн айыра білу керек

  • Бүтiн бөлiгi жоқ жай бөлшектi ондық бөлшек түрiнде жазу үшiн бөлшек бөлiгiнiң алдына 0 санын жазып, “нөл бүтiн” деп оқу керек



Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік пен келісім. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Ынтымақтастық, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану /табиғи құбылыстар/

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы оқу


Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы









Ұйымдастыру кезеңі

«Сәлем-сөздің анасы» түстес түстер сәлемі психологиялық ахуал тудыру.

Екі топқа түстер бойынша бөліну /қызыл, сары/

Ой қозғау

Математикалық шолу: \ауызша сұрақтарға жауап беру, есептер шығару\

1. Қандай сан жай бөлшек деп аталады? Мысал келтір.

2.Ондық бөлшектерді қалай оқимыз және жазамыз?

3.Жай бөлшекті ондық бөлшектен қалай ажыратамыз?

Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау


Түрлі түстер





Слайд




Жұлдызша

Сабақтың ортасы




















АКТ мүмкіндіктерін пайдалану арқылы интербелсенді тақтадан ондық бөлшек туралы бейнебаян көрсетілді.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқулықтағы материалды талдап, топтан бір оқушы қорғайды.

Топқа сұрақ тастау

Жай бөлшектi немесе аралас санды ондық бөлшек түрiнде жазу үшiн?

1) керек жағдайда бөлшектiң алымындағы цифрлар саны мен бөлiмiндегi нөлдер санын теңестiру;

2) бүтiн бөлiгiн жазу (ол нөлге тең болуы мүмкiн);

3) бүтiн бөлiгiн бөлшек бөлiгiнен айыру үшiн үтiр қою;

4) бөлшек бөлiгiнiң алымын үтiрден кейiн жазу

керек.

Жай бөлшектер мен аралас сандардың арасында бөлiмi 10 санына еселiк болатын бөлшектер жиi кездеседi.

Бөлiмдерi 10, 100, 1000 және т.с.с. болатын бөлшектердi 9 10 = 0,9; 15 39 100 = 15,39; 18 327 1000 = 18,327; 937 895 1 000 000 = 0,937895 түрiнде жазуға болады.

0,9; 15,39; 18,327; 0,937895 — ондық бөлшектер. Олардың бүтiн бөлiгi (үтiрге дейiнгi сан) және бөлшек бөлiгi (үтiрден кейiн жазылған сан) бар. Бөлшек бөлiгi үтiрмен айырылып жазылған.

Аралас сандар мен оған тең ондық бөлшектер бiрдей оқылады.

"Дұрыс сөйлеп үйренейік" әдісі

7 3/10 және 7,3 сандарының оқылуы: жетi бүтiн оннан үш.

7/10 — оннан жетi, 0,7 — нөл бүтiн оннан жетi.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы оқушылар топтың жауабын бағалайды.

5-конечная звезда 12 5-конечная звезда 11 DrawObject1



Сергіту сәт: Қонжықтар биі (бейнебаян)

Жеке жұмыс. «Инсерт» әдісі

1.Оқушылар оқулықтағы есепті шығарады.

2.Әр есеп «!» не «?» тыныс белгілерін қояды

«!»- берілген мәтінді түсіндім

«?»-берілген мәтінде сұрақтарым бар

3.«?»белгісі қойылған оқушылар анықталады. Осы есеп бөлігінде «!» қойылған оқушылар өз түсінгенін баяндайды.Барлық «?» белгісіне жауаптар беріліп, бекітіледі.

№594

1) 25,4; 2) 0,136; 3) 103,15; 4) 8,234;

5) 1,39; 6) 267,267; 7) 1015,1; 8) 307,3078;

9) 36,04; 10) 0,003; 11) 181,105;

12) 0,0809; 13) 200,7001 ондық бөлшегiн оқыңдар.

№595

987,654 321саны берiлген. Осы санның 1) ондық

үлес; 2) жүздiк үлес; 3) мыңдық үлес; 4) он мыңдық

үлес; 5) жүз мыңдық үлес; 6) миллиондық үлес

разрядында қандай цифр жазылған?

Оқушылардың дұрыс жауаптарын "Бағдаршам" әдісі арқылы бағалау

Сөйлемде кездесетiн сандарды параққа жазыңдар:

1) мұхиттардың орташа тереңдiгi — үш бүтiн оннан тоғыз километр;

2) Жердiң Күндi айналу жылдамдығы — он бiр бүтiн оннан он тоғыз километр секунд;

3) Бұқтырма су қоймасының толық көлемi — қырық тоғыз бүтiн жүзден алпыс екi текше километр.

Оқушылар бір – бірлерін басбармақ арқылы бағалайды.

4.Тарихқа шолу

Симон Стевин — еуропалық математикаға ондық бөлшек терминiн енгiзген

Жұптық жұмыс

«Көрші» әдісі.Оқушылар оң жақтағы көршісі арқылы жұпқа бөлінеді.

№597

Жай бөлшектерді ондық бөлшек түрiнде жазыңдар және оқыңдар.

Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау

Жеке жұмыс. Дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау.

1. Ондық бөлшектердің оқылуын жазыңыз:

A. 5,2; B. 6,37; C. 8,425; D. 80,3956

2. Ондық бөлшек түрінде жазыңыз:

  1. 5 бүтін оннан 3;

  2. 0 бүтін жүзден 9;

  3. 25 бүтін мыңнан 8.

3. Бөліндіні ондық бөлшек түрінде жазыңыз:

Бейнебаян, инербелсенді тақта


Оқулық



Постер































Стикерлер




















Бағдаршам


Үлестірме таратпалар

















Үлестірме таратпалар



Жұлдызша







Сабақтың соңы







Кері байланыс: Табыс ағашы

Нені білдің? Не түсініксіз болды?

Сабақ несімен қызықты болды?

Ү йге тапсырма. №599 есеп

Қызыл,жасыл, сары алма стикері

«Табыс» ағашы
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі