жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ондық бөлшектер
Қысқа мерзімді жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану |
Мектеп: № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 22.01.19 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Молдағалиева Зауре |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы:Ондық бөлшектер |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1.1.13 ондық бөлшек ұғымын меңгеру |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Мәселелік тапсырмамен топта жұмыс жасау арқылы оқушылар ондық бөлшекпен танысады және оларды оқуды, жазуды, разрядтық қосылғыштар қосындысы түрінде ұсынуды және разрядтық қосылғыштар қосындсыны ондық бөлшек түрінде жазуды үйренеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тәрбиелік және дамытушылық аспектісі |
Есептеу дағдыларын, математикалық тіл, есте сақтау, ойлау дағдыларын дамыту; Табиғат жайлы білім арқылы жауапкершілік сезімін, сабақта мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ типі |
Жаңа білімді меңгеру және алғашқы бекіту, жаңа мәліметті бекіту |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Оқушылар
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдікмақсаттар |
Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен ондық бөлшекті, оның қалай жазылуын ұғынады және түсінеді, ондық бөлшектің разрядтарын атайды. Пәнге тән лексика мен терминология: - бүтін бөлік, бөлшек бөлік; - ондық бөлшек; - үтірмен ажыратылатын таңбалар саны; - үтірден кейінгі таңбалар саны; - ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; - разрядтары бойынша сандарды жіктеу; - разрядтық бірліктер. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ... керек; - ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін ... керек; - ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу үшін ... неше цифр болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифрға жылжыту керек; - егер ондық бөлшектің соңына бір немесе бірнеше нөлдер тіркеп жазылса ( алып тасталса), онда ...бөлшек шығады; - ондық бөлшекті қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектеу үшін ... керек. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтардыдарыту |
Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту -топтық жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады, жаһандық азаматтық ондық бөлшек ұғымының даму тарихына саяхат жасау арқылы, ондық бөлшекті жазудың заманауи нұсқасымен танысу арқылы іске асырылады |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Микрокалькуляторлар, интерактивтітақта немесе диапроектор, жекелеген маркерлік тақталарнемесе рефлексияға арналған кітапшалар |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы, бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, натурал сандардың разрядтары |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Топтарға бөлу. «Пазл» әдісі Оқушылар өздерінің бөліктерін тауып, пазл құрастырады. 1 тапсырма. Пазл бөліктерінде ұсынылған тапсырмаларды ауызша орындау арқылы сабақ тақырыбын анықтау. Ауызша орындайтын тапсырма: 1. Мәжіліс залын мереке қарсаңында безендіру үшін 100 шар сатып алынды. Оның 39-ы қызыл шар. Қызыл шар қанша бөлікті құрайды. 2. Дүкенге құстар мен жануарлар үшін 600 кг
жем әкелінді. Түске дейін оның
3. 8 санын бөлімінде 100 болатын бөлшекпен алмастырыңыз. |
1 - қосымша |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 25 минут Сергіту сәті |
2 тапсырма. Пазлда
есеп шартында немесе есеп шығару барысында кездестірген барлық жай
бөлшектерді жазып шығыңыз.Оқушылар
жазбасы: Бөлшек сызығын қолданбай, оларды қалай жазуға болатынын ойланыңыз. Бөлімінде 10, 100, 1000,
10000 және т.с.с. сандарды бөлімсіз жазуға
келісті. Ең алдымен, бүтін бөлігін, ал одан кейін бөлшек бөлігінің
алымын жазады. Бүтін бөлікті бөлшек бөліктен үтір арқылы
ажыратады. Мысалы, Ондық бөлшекті жазу ережесі: 1) Егер де қажет болса, үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру. 2) Бүтін бөлігін жазу (ол нөлге тең болуы мүмкін). 3) Бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен ажырататын үтірді қою. 4) Бөлшек бөлігінің алымын жазу. Бекіту. Өздік жұмыс. 1.Жаттығу. Ресейде ондық бөлшек жайлы ең алғаш рет «Арифметика» атты орыс оқулығында айтылған болатын. Егер бөлшектер мен мен аралас сандарды ондыө бөлшектер арқылы жазсақ, оның авторын анықтай аламыз. Аралас сандар мен жай бөлшектер слайдта, ал ондық бөлшектер – карточкаларда жазылған. Карточкалардың артқы жағында – әріптер жазылған. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сөз құрастырады.
2. Жаттығу.Бұл жаттығу ондық бөлшектерді оқу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Сахналау: Шамамен бойлары бірдей оқушыларға кеуделеріне цифрлар жазылған карточкалар тағылады. Ал барлығынан бойы аласа оқушының карточкасында үтір белгісі бар. «Үтір» цифрлары оқушылар қатарының әр түрлі орындарына жүгіріп алмасып тұрады, ал сыныпта отырған оқушылар шыққан сандарды оқиды. Әртістер ретінде кинестетиктерді алған жөн. Мысалы,
3. Ондық бөлшек түрінде жазыңыз:
«Ойлан!». Метрикалық бірлік өрнектерін ондық бөлшекпен қалай жазу керек. 5. Өрнектеңіз:
Кеңес. Видео ресурс.http://www.bilimland.kz/kk/#lesson=11484 Дифференциация. Білімді кеңейту. Жаңа жағдайларда қолдану. 6. Бөліндіні ондық бөлшек түрінде жазыңыз: 182 : 10; 5405 : 100; 631 : 10 000; 74 : 1000; 849 : 1000; 3 : 100 000. 7. Кесінділерді салыңыз: АВ = 1,3 см; CD = 2,1см; МР = 0,8 см. |
Мұғалімдер ресурсы Презентация Слайдтар «Бөлшектің ондық жазбасының даму тарихынан» Презентация 2
http://www.bilimland.kz/ru#lesson=11486
|
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 10 минут |
Білімді тексеру. Өздік жұмыс.
1. Пальто мен орамалдағы ойылған
жұлдызшалар не? «Қаршаларды жина». Слайд «Қар жауу» 10. 2. Орманшыға орманда аңдардың іздерін анықтауға көмектес. 11-14 слайдтар Сабақты қорытындылау. - Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекпен алмастыруға болады? - Үтір алдында жазылған санды қалай атайды? - Үтірден кейін жазылған санды
қалай атайды? Үй тапсырмасы № 965,959 §31 Рефлексия «Тақырыпқа қатысты кілт сөздер» Келтірілген сөздердің қайсысы ондық бөлшекке қатысты? |
«Ондық бөлшек» Презентация 1 Т.А. Алдамуратова, Е.С. Байшоланова – Математика: 5 сынып оқулығы |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Білімді кеңейту, сахналау, топтағы қолдау |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Оқушының жұмысын бақылау және диалогты қолдану арқылы жүргізіледі.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексия |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
-Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? - Оқушылар бүгін не үйренді? -Сынып атмосферасы қандай болды? - Дифференциация жұмыс жасады ма? - Барлығына уақыт жеткілікті болды ма? - Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді? Неге? |
Сабақ мақсаттары және күтілетін нәтижелер сабақтағы меңгерілетін мәліметке сәйкес болды. Сабақта жұмыс атмосферасы сезілді.
Тапсырмаларды күрделілік деңгейі бойынша саралау оқушылардың қабілетіне сай болды.
Сабақта уақыт тиімді пайдаланылды.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Өзін-өзі тексеру және өзара тексеру (топтағы) 2: Рефлексия Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Ондық бөлшектер бейнеленген координаталық түзудің көрнекі бейнесі 2: Ондық бөлшектің сан сәйулесіндегі орналасу жағдайының видео немесе анимациясы Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Келесі сабақта есеп шешімін тексеру дағдыларын дамытуға арналған қате жіберілген тапсырмаларды қарастыру. Соңғы тапсырма кезінде ұсыныстары жаңылыс шыққан немесе дұрыс болмаған оқушыларға назар аудару. |
||||||||||||||||||||||||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген