жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ондық бөлшектер
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3В: ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану |
«Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ |
|||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Калтаева Т.Н |
|||||
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны |
||||
Сабақ тақырыбы |
Ондық бөлшектерді қосу және азайту |
|||||
Оқу мақсаты |
5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау; |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды түсінеді. Ондық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолданады, қарапайым ондық бөлшектерді қосып азайтуда қолдана біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Натурал саннан ондық бөлшектерді азайта біледі. Қосудың ауыстырымдылық ,терімділік қасиеттерін біледі,Орта деңгейлі есептерді шығарады. Кейбір оқушылар: Ондық бөлшектермен санды өрнектерді, әріпті өрнектерді құрастырып есептер шығара біледі, стандартты емес есептерді шығарады. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.
|
|||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||
Тілдік мақсаттар |
Ондық бөлшекке қолданылатын амалдардың алгоритмін түсіндіреді
Лексика және терминология:
Диалогқа/ жазуға қажетті сөз тіркестері Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылған сандар болғандықтан, оларды қосу... Ондық бөлшкетерді қосуда аттас разрядтар .... Ондық бөлшектерді қосқанда, қосудың ... |
|||||
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» 5- құндылығы негізінде оқушыларды еңбек етуге, болашақта кәсіпкерлікке баулу, тәрбиелеу. |
|||||
Пәнаралық байланыстар |
география – картадағы ара қашықтықты масштаб арқылы есептеу |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
ActivInspire |
|||||
Бастапқы білім
|
Ондық бөлшек. Натурал сандарды алу және қосу. Сан разрядтары |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
Сабақ басы 5 минут
|
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру. «Бұрыштар» тәсілі бойынша тексеру. Үйге берілген есептің жауаптары сыныптың төрт бұрышына ілінеді. Оқушы алдымен есептің жауабын табады, кейін шығарылу жолын түсіндіреді.
III. Оқушыларды топқа бөлу.
Ұқсас ерекшеліктер арқылы топқа 2 топқа бөлу Мұғалім оқушыларға қандай да болмасын бір ерекшелікті айтып (мысалы; туған айы,жұлдызнамалық белгісі,шашының түсі,киімінің өлшемі,есімінің бас әрібі т.б) сол бойынша топқа бөлуіне болады.
|
|
||||
Сабақ ортасы
|
1.
Тапсырма «Ой
қозғау» әдісі арқылы өткен тақырыптарды
пысықтау сұрақтары:
2. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай азайтады? 3.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтады? 4.Натурал саннан жай бөлшекті азайтуды түсіңдір? 5. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосады? 6.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосады?
2. Тапсырма. Әр топқа ондық бөлшектерді қосуға амалдар беріледі. Берілген амалды дұрыс шешімін тауып, мысықты бояу керек. 1. 0,07+13,25 2. 85,07+3,03 3. 6,3+2,5+0,7 4. 2,41+13+4,59 ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау әдісі .
3. Тапсырма. Әр топ Ондық бөлшектерді азайтып, жауабын дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықтау керек. 1. 6,25-4,3 2. 15,9-4,75 3. 41-32,5 4. 6,5-4,7 5. 67,45-49,88 6. 61-7,64
II.
«Ханшайым,
айдаһар, Ханзада» сергіту сәті. Екі топқа бірігіп, қарама-қарсы сызық бойымен тұрады. Бір топ ханзада болып, бір топ айдаһар болу немесе ауысып ханшайым мен ханзада болу арқылы т.с.с бірнеше рет қайталау арқылы сергіту жаттығуы жүргізіледі.
4. Тапсырма.Әр топқа өрнекті ықшамдауға есептер беріледі.
1.0,3
2.
3.
4.
5. Тапсырма. 1.Іле өзені-Балқаш көліне құятын ағысы қатты өзендердің бірі. Оның біздің республикамыздың аумағынан өтетін ұзындығы 814,75 км, ал республикамыздан тыс жерден өтетін ұзындығы 624,25 км. Іле өзенінің ұзындығы неме километр?
2. Үшбұрыштың бірінші қабырғасы 6,3 см. Үшбұрыштың бірінші қабырғасының ұзындығы екінші қабырғасының ұзындығынан 2,8 см кем болса, үшінші қабырғасының ұзындығынан 0,9 см артық. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
3.Ұшақ А қаласынан В қаласына ұшты. Ол 2,7 сағат ұшқан соң аралықтағы қала әуежайына қонып, онда 48 мин тоқтады.Ұшақ аралықтағы қала әуежайынан В қаласының әуежайына дейін 2,6 сағ ұшты.Ұшақ А қаласынан ұшқан соң нешем сағаттан кейін В қаласына ұшып барды?
4.Түлкінің жылдамдығы қоянның жылдамдығынан 6,7м/с кем. Бүркіттің жылдамдығы қоянның жылдамдығынан 19,4 м/с артық. Егер түлкінің жылдамдығы 10 м/с болса, бүркіттің жылдамдығы қандай?
ҚБ «Жетістік баспалдағы» әдісі .
|
ActivInspire
|
||||
Сабақ соңы 5 минут |
Сабақ қорытындысы. Рефлексия
Үй тапсырмасы:
|
|
||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||
Саралау тәсілдері: тапсырма, диалогқа түсу және қолдау, жіктеу, қарқын. Оқушыны мақсатқа жеткізу барысында диалог және топтық тапсырмалар беріледі
|
«Ауызша» әдісі. Берілген жауаптары бойынша оқушылар келесі топты бағалайды, «Жетістік баспалдағы» әдісі.
|
Оқушыларды топтастыру кезінде денсаулықтарын ескеремін. Сергіту сәтін өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаймын. |
||||
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылар ҚКФ-ын өз беттерімен қорытып шығарды
Сабақты жақсарт
уға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Тақырып негізіне бағыттайтын есептер
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Оқушылармен жекелей жұмыс, оқушылардың деңгейін анықтау
|
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген