400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе белгілеу

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтың аты-жөні

Мылтықбай Асылзат Ғалымжанқызы

Күні:

28.01.25

Сынып: 5 Ә



Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу

Осы сабақта қойылатын оқу мақсаттары

5.5.2.4 ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

Сабақ мақсаты

Білім алушылар ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеумен танысады


Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады.


Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




Ұйымдастыру кезеңі.

-Саламатсыздар ма!

Ал, қанекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты,
Алдымызға алайық

Бүгін бізде ерекше сабақ, сабағымызға қонақтар қатысып отыр, барымызша сабаққа белсене қатысайық

Топқа түрлі түсті асықтар арқылы бөлініп аламыз.

Үй тапсырмасын дәптерімізді алмастыру арқылы тексеріп алайық.

-Жақында жаңа үлкен тақырыпты бастаған болатынбыз. Ол қандай тақырып еді?

Олай болса Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру тақырыбын еске түсіріп алайық,сосын ары қарай жалғастырамыз.

Жалпы сыныппен жұмыс. «Миға шабуыл»

Learning apps платформасымен.

Бүгінгі күнді дәптерге жазайық,бүгін балалар,қоғам қайраткері,публицист,аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгінгі тақырыбымыз : Ондық бөлшектерді координаталалық сәуледе салу

Сабағымыздың мақсаты: ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу



Сызғыштың көмегімен жаңа тақырыпты ашу,сандарды белгілеу

«Фототүсінік» суретке қарап,тақырып мазмұнын ашу,координаталық сәуледе ондық бөлшектердің орналасуын түсіну


Прямоугольник 1

Жай бөлшектер сияқты ондық бөлшектер де координаталық сәуледе кескінделеді.

1-мысал. 2, 57 ондық бөлшегін координаталық сәуледе кескіндейік. Ол үшін:

1.         Координаталық сәуле бойына 2 санына сәйкес нүктені белгілейміз.

2.         Келесі бірлік кесіндіні тең он бөлікке бөліп, шыққан оннан бір бөлік бірлік кесіндінің 5 бөлігін алу керек;

3.         Келесі оннан бір бөлікті тағы да тең он бөлікке бөліп, шыққан жүзден бір бөлік бірлік кесіндінің 7 бөлігін алу керек. Сонда коордтнаталық сәуле бойында 2, 57 ондық бөлшегі кескінделеді.






Бір бірімен дәптерлерін алмасады.


Тақтаға кезек-кезек тез-тез оқушылар шығады

Тең өрнектерді тауып,тапсырманы орындайды











Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады.









Тақтада шыққан сызғышты талдаймыз,мысал ретінде ондық бөлшектерді сызғыш бойынан іздейміз






Мадақтау сөздері

БК: 1 балл






https://learningapps.org/view23560026















сызғыш

Сабақтың ортасы


1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс




Тақтаға кезек-кезек тез-тез оқушылар шығады.

Дескриптор:

- берілген нүктеге сәйкес келіп тұрған ондық бөлшекті табады.


БК: тақтаға шыққан, тақтадағы оқушының қатесін түзеген оқушы 1 балл




2-тапсырма. Топтық ізденіс тапсырмасы. «Балық аулау» әдісі.

3 мин уақыт.

Берілген бөтелкеден 1 сөз құрастырасыздар. Қатесіз болуы керек



Сандарды орналастыру арқылы олардың орындарын анықтайды және түсінеді


Біздің сынып керемет! деген мотивациялық сөйлем шығады



Әр топқа 1бөтелкеден беріп қоямын, ондық бөлшекті қолдарына ұстап судан іздейді. Топ болып жұмыс жасайды.


тапқан мәліметіндегі сөзді хормен оқиды.


Дескриптор:

-ондық бөлшекте жазылған тапсырманы табады.

-топ бірлесе координаталық сәулеге белгілейді;


БК: Ондық бөлшекті табады, біріге жұмыс жасайды 2 балл



Су тола бөтелке 3шт

Тапсырмалар жазылған қағаз қиындылары


А4 қағаз

3-тапсырма. Жұптық жұмыс

Тапсырма орындайды,тақтаға жазады


Нүктелерді координаталық түзуде кескіндеу

1.А(0,17)          2.А(0,64)        3. А(1,72)

В(0,23)             В(0,52)             В(1,45)

С(0,39)             С(0,43)            С(1,64)


A(2,3)                A(4,2)             A(0,3)

B(3,8)                B(3,7)              B(2,5)

C(0,9)                C(1,4)             C(3,6)




Жұптасып, ақылдасып, ондық бөлшекті координаталық сәулеге жазады, тақтамен өздерін тексереді


Дескриптор:

-жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырады.

-табылған ондық бөлшекті координаталық сәулеге салады;







4-тапсырма. Жеке жұмыс. Мәтіндегі ондық бөлшектерді жазып және оларды орналастырып,тапсырманы орындау

Арақашықтық

Жалтыркөл ауылы мен Жібек жолы елді мекенінің арақашықтығы нөл бүтін оннан төрт километр,ал Астана қаласы мен Жібек жолы арасы екі бүтін оннан бес километр.

Жалтыркөл мен Астана қаласының арақашықтығы он бес бүтін оннан бір км болғанына қарамастан ,әрбір бір бүтін оннан бес сағат аралығында автобус жүріп отырады.Ал Жібек жолына әрбір нөл бүтін оннан бес сағат аралығында автобус жүріп отырады.

0,4 2,5 15,1 1,5 0,5

сөйлемді оқып, ондық бөлшек түрінде жазады, тақтамен өздерін тексереді






Дескриптор:

-ондық бөлшек түрінде жазады.



Оқушылардың сабақта өзін өзі бағалау бойынша алған ұпайларын көріп,сол бойынша балл қойып бағалау

Дк экраны






2мин

Сабақты қорытындылау.

-Балалар бүгін қандай тақырып өттік?

-Сабақтың қай сәті ұнады?

-Қай тапсырма қиын болды?

-Қай оқушы сабаққа белсене қатысты?

-Сабақ ұнады ма?


Үйге тапсырма: №


Кері байланыс.




Сұрақтарға жауап береді







Classroomscreen платформасындағы бағдаршам арқылы кері байланыс алу

https://superkid.online/task/e3c97151-3f2d-46dd-8d3a-812fd7850553/all








































Б (0,3) ң (1,9)

і (1,1)

з (1,7)

і (3,1)

д (1,9)

с (0,3)

ы (1,1)

ы (2,6)

н (1,7)

п (3,4)



к (0,3)

е (1,1)

р (1,7)

е (2,4)

м (2,9)

е (3,6)

т (4,0)







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.01.2025
171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі