400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 5 сынып матем 3 тоқсан. Оқу мақсаттары: 5.5.2.4 ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таныстым:


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Математика

Тақырыбы: Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру

Бөлім:

5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

25.01.2024ж

Сынып: 5 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.5.2.4 ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;


Сабақтың мақсаты

  • ондық бөлшектерді координаттық сәуледе кескіндеу және көрсетілген нүктелерге сәйкес ондық бөлшектерді табу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару
Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Үй тапсырмасын сұрау: Математикалық диктант.

1. үш бүтін оннан бір (3,1)

2. Бес бүтін оннан сегіз (5,8)

3. бір бүтін оннан бес (1,5)

4. нөл бүтін жүзден жетпіс (0,70)

5. Жеті бүтін жүзден жиырма бес (7,25)

6. нөл бүтін жүзден он алты (0,16)

7. үш бүтін мыңнан бір жүз жиырма бес ( 3,125)

8. бес бүтін жүзден он екі (5,12)

9. он бүтін жүзден жиырма төрт (10,24)

10. бір бүтін оннан үш (1,3)


Жинақтала

ды,сабаққа ынталанады




Алған білімдерін еске түсіреді





Әр дұрыс есепке 1 балл




Слайд №5

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ:

Үтірден кейін бір таңбасы бар a, b ондық бөлшегін координаталық сәуледе кескіндеу үшін:

  • Алдымен координаталық сәуленің бойынан ондық бөлшектің бүтін бөлігі a-ға сәйкес келетін нүктені белгілейміз;

  • Келесі бірлік кесіндіні теңдей он бөлікке бөліп, шыққан оннан бір бөлік бірлік кесіндінің b бөлігін алу керек.

Сонда координаталық сәуледе a, b ондық бөлшегі кескінделеді.

Үтірден кейін екі таңбасы бар a,bc ондық бөлшегін координаталық сәуледе кескіндеу үшін:

  • Алдымен координаталық сәуленің бойынан ондық бөлшектің бүтін бөлігі a-ға сәйкес келетін нүктені белгілейміз;

  • Келесі бірлік кесіндіні теңдей он бөлікке бөліп, шыққан оннан бір бөлік бірлік кесіндінің b бөлігін алу керек;

  • Келесі оннан бір бөлік бірлік кесіндіні тең он бөлікке бөліп, шыққан жүзден бір бөлік бірлік кесіндінің с бөлігін алу керек.

Сонда координаталық сәуледе a, bc ондық бөлшегі кескінделеді.

Осылайша, кез келген ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеуге болады.

1-мысал. 2,36 ондық бөлшегін координаттық сәуледе кескінде.

  1. Координаттық сәуле бойынан 2 санына сәйкес нүктені белгіле.

  2. Келесі бірлік кесіндіні теңдей он бөлікке бөліп, шыққан оннан бір бөлік бірлік кесіндінің 3 бөлігін ал.

  3. Келесі оннан бір бөлікті тағы да тең он бөлікке бөліп, шыққан жүзден бір бөлік кесіндінің 6 бөлігін ал.

Сонда координаттық сәуле бойында 2,36 ондық бөлшегі кескінделеді.

Тарихқа шолу

Ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен үтірмен ажыратуды Шотландия математигі Дж. Непер (1550- 1617) және неміс аспанәлемін зерттеушісі И. Кеплер (1571 -1670) енгізген.

Ресейде Леонтий Филиппович Магниицкий 1703 жылы басылып шыққан өзінің “Арифметика” оқулығында ондық бөлшектер туралы баяндауды жалғастырды

ТРисунок 1 апсырмалар орындау. Топтық жұмыс

№1.







№2. Бірлік кесіндісі 5 см-ге тең координаталық сәуле сызыңдар. А(0,2), В(1,5), С(1,9), М(2,3) нүктелерін белгілеп., теңсіздіктер құрастырыңдар.

№3. Бірлік кесіндісі 4см тең координаталық сәуле сызыңыз. Онын бойынан 0,1 ; 0,4; 0,55; 0,8; 0,9 кескіндейтын нүктерлерді тауып, әріптермен белгілеңіз. Нүктелерді координаталарымен өсу ретін сақтай отырып жаз.


Жеке жұмыс:

  1. №1. А(3, 25), В(7, 4) координаталары бойынша АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.

  2. №2. Саяхатшы түске дейін межелеген қашықтықтың жартысын жүрді. Ол түстен кейін қалған қашықтықтың 2/3-сін жүргенде, межелеген жерге дейін 4 км қалды. Саяхатшы қанша километр жүруі тиіс еді? №3. А (0,56) В (0,7). С(0,78) санын координаталық сәуледе кескіндеу. Оларды салыстырып ережесін түсіндір

Жаңа сабақты түсінеді














Мысалдарды жазады






















































Тапсырмаларды толық орындайды









































































Әр дұрыс жауапқа 1 балл


Слайд №6
















Слайд №7






















































Слайд №8



Сабақтың соңы

Үй жұмысы:

  • ондық бөлшектер туралы тарихи мәліметтер іздену;

  • № есеп

Р ефлексия

Табыс ағашы

Нені білдің?

Не түсініксіз болды?

Сабақ несімен қызықты болды?


Үй тапсырмасымен танысады

Шығармашылық жұмыс пен үй тапсырмасы 1-10 балл аралығында бағаланады

Слайд №9






Таныстым:


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Математика

Тақырыбы: Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру

Бөлім:

5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

25.01.2024ж

Сынып: 5 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.5.2.4 ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;


Сабақтың мақсаты

  • ондық бөлшектерді координаттық сәуледе кескіндеу және көрсетілген нүктелерге сәйкес ондық бөлшектерді табу. (ЕБҚ)

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі