Материалдар / "Ондық бөлшектерді қосу" ашық сабақ

"Ондық бөлшектерді қосу" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдермен іс тәжірибе алмасу үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2021
251
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1В

Мектеп: 15 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Абдыманбекова

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.5

натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

Сабақтың мақсаты

натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану

Бағалау критерийі

-санның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін анықтайды;

-натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады

Тілдік мақсаттар


Оқушы

- бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- санның бөлгіші;

- санның еселігі;

- бөлінгіштік белгілері;

- натурал санның цифрларының қосындысы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді;

- егер натурал санның цифрларының қосындысы ... бөлінсе, онда сан ...бөлінеді;

Құндылықтарға баулу




Құрмет, қарым-қатынас жасау, оймен ашық бөлісу.

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі

Алдыңғы білім


Арифметикалық амалдардың компоненттерін білу; натурал сандарды бөлу және көбейту, жұп және тақ сандардың анықтамалары


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылардың назарын шоғырландыру үшін «сұрақты ұтып ал» әдісін қолдана отырып, ширату жаттығуын өткіземін. Кезек –кезекпен сұрақты әр командаға лақтырамын. Егерде қағып алған оқушы сұраққа жауап берсе, онда командаға 3ұпай қосылады. Ал, егер жауап бере алмаса қапшықты басқа командаға лақтырады. Оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын» анықтау үшін оқушыларға «карточка» әдісі арқылы топқа бөлемін Натурал сандар 2-ге, 5-ке, 10-ға және осы үш санға да бөлінбейтін сандар тізбегі арқылы топтастырамын және жетелеуші сұрақтар қоямын.

1. Егер, сан 10 санына бөлінсе, онда ол сан 2 санына бөліне ме?

2. 2 санына бөлінетін сан тақ цифрмен, ал 2 санына бөлінбейтін сан жұп цифрмен аяқтала ма?

Осы сұрақтар арқылы бүгінгі сабақтың оқу мақсаты мен күтілетін нәтижені анықтайды.

Күтілетін нәтиже:

-санның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін анықтайды;

-натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады

Т.А.Алдамұратова,

Математика 5


Сабақтың ортасы












Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау мақсатында жекелей жұмыс беремін.

1-тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

а)971, 5042, 973, 980, 3401, 2600 сандарының қайсысы 2,5,10 сандарына қалдықсыз бөлінеді?

ә)46*үш таңбалы санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифр қойғанда шыққан сан 2,5,10 сандарының әрқайсысына қалдықсыз бөлінеді?

Дескриптор: Білім алушы

-2-ге бөлінетін сандарды теріп жазады;

-5-ке бөлінетін сандарды теріп жазады;

-10-ға бөлінетін сандарды теріп жазады;

-бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қояды.

2-тапсырма.

Данияр бес бірдей ойыншық сатып алды. Егер сатушы 286 теңге төлеу керек десе, ол дұрыс есептеген бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы

-санның 5-ке бөлінгіштік белгісін қолданады;

-сатушы ойыншықтардың бағасын дұрыс немесе қате есептегенін анықтайды

Оқушылардың өз ойларын ауызша айтқызу мақсатында «Көршіңе айтып бер» әдісін қолданамын. Оқулықпен жұмыс жасайды.

171. 31, 42, 63, 415, 702, 1005, 1110 сандарының арасынан 2, 5, 10 санына бөлінетін сандарды теріп айтыңыз.

177. 0, 2, 5 цифрларын қолданып бір мезетте 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін барлық үштаңбалы сандарды айтыңыз.

Т.А.Алдамұратова,

Математика 5


Сабақтың соңы


Рефлексия

Сабақтың қорытындысы, кері байланыс, бағалау, қажеттіліктерін анықтау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек». Мұндағы екі жұлдыз – оларға жұмыстың ерекше ұнаған екі тұсы, тілек – жақсартуды қажет ететін тұсына берілген сындарлы ұсыныс.

Әдістемелік әзірлеме

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау тәсілдерінің ішінен диалог және қолдау және тапсырма тәсілін қолданамын.

Тапсырма дескриптор,

Екі жұлдыз, бір тілек.

Мадақтау.




Сабақта сергіту мақсатында көзге жаттығу жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ