400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшектерді салыстыру;

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімтерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.3B Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:


Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу.

Ондық бөлшектерді салыстыру;

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.2.4 Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу.

5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру;

Сабақ мақсаттары

  • ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу, координаталық сәуледе кескінделген нүктелердің координаталарын табу;

  • ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу арқылы ондық бөлшектерді салыстыру;

  • кескінделген ондық бөлшектер аралығына жататын натурал сандарды анықтау;

Бағалау критерийлері

Білу: Координаталық сәуле сала алады;

Түсіну: Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндейді;

Қолдану: Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыра алады;

Талдау: кескінделген ондық бөлшектер аралығына жататын натурал сандарды анықтайды;

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

  • координаталық сәуле салу ережесін анықтай алады;

  • координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндеуді түсіндіре алады;

  • ондық бөлшектерді салыстырудың ережесін көрсете алады;

терминология:

- сандарды разрядтары бойынша жіктеу ;

- координаталық сәуле;

- бірлік кесінді;

- сандарды теңестіру;

- цифрларды жазу;

- қос теңсіздік;

- өсу реті мен кему ретімен жазу;

сөз тіркестері:

Егер ондық бөлшектің бүтін бөліктері бірдей болса, онда ............салыстырамыз;

Егер ондық бөлшектердің бүтін бөліктері әртүрлі болса, онда ......... ондық бөлшек үлкен, ал бүтін бөлігі кіші болса, онда ....... кіші болады

Егер ондық бөлшектің оң жағына бір немесе бірнеше нөлдерді тіркеп жазса, онда ...... ..... ... ондық бөлшек шығады;

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста - өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеу, пікірлерін тыңдау, ашық өз ойларын жеткізу, адамгершілік, бағалауда - шыншылдық, жарқындылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland сайты. Интерактивті тақта.

Алдыңғы оқу/ бастапқы білім

Жай бөлшекті ондық бөлшектерге айналдыра алады; ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алады.


Жоспар

Жоспарланған уакыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар

Басталуы


















1. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу. Олардың сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару. Оқушыларды қима қағаздар арқылы үш топқа бөлемін. Әр топ өз топ басшысын сайлайды. Топ басшыларына бағалау парағын беремін. Оқушыларға БББ кестесін таратамын.

2. Үй тапсырмасын тексеру. .

«Миға шабуыл» стратегиясымен өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру «Математикалық диктант» әдісі бойынша сөйлемде кездесетін сандарды ондық бөлшек (цифрмен) түрінде жазу


1. Мұхиттардың орташа тереңдігі – бес бүтін оннан сегіз километр; (5,8)


2. Оқушылардың орташа салмағы – қырық бес бүтін жүзден жетпіс жеті килограмм;


3. Жердің күнді айналу жылдамдығы – отыз екі бүтін оннан тоғыз километр сикунд;


4. Жерорта теңізінің тереңдігі – бес мың жүз жиырма бір метр;


5. Жиналған астық көлемі – жүз бүтін жүзден екі тонна;

6. нөл бүтін жүзден он алты (0,16)


7. үш бүтін мыңнан бір жүз жиырма бес ( 3,125)


Әрбір оқушы жеке өздері орындайды, слайд арқылы дұрыс жауаптары көрсетіледі


«Көршіңді тексер» әдісі арқылы жалғастырып әрбір дұрыс жауапқа бір балмен бағалайды. Бағалап болған соң топ басшысына хабарлайды.

3. Проблемалық жағдай туғызу.

«3 топқа, 3 сұрақ» әдісі арқылы

- Ондық бөлшектерді салыстыра аламызба?

- координаталық сәуледе ондық бөлшектер қалай кескіндейміз?

- кескінделген ондық бөлшектер аралығына жататын натурал сандарды қалай анықтаймыз?

Осылайша сұрақтар құндылығына кері байланыс жасай отырып жаңа сабақ тақырыбын анықтаймыз.









Сызғыш,

Кітап

















Сабақтың ортасы























































































Сабақтың мақсатын анықтау Сабақтың мақсатымен және жетістік критерийімен таныстыру және талдау.

Жаңа сабақты меңгеру

Оқулықпен жұмыс

«Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы бойынша

Оқулықтан тақырыптқа байланысты ақпаратпен жеке танысады, жұппен бөліседі.

BilimLand сайтын пайдаланып жаңа сабаққа байланысты материалдар көрсетіледі. Оқыған және көрген материалдарын топта талқылап бір тоқтамға келеді.

Бұл жерде ресурстық саралау жүреді


Топтық жұмыс. Постер қорғау. Топ мүшелері топқа берілген тапсырманы орындауға бар ынталарын салып, өз ойларын еркін жеткізе алады. Топтар өз постерлерін қорғап болған соң әр топтан бір оқушы топпен бірге ақылдаса отырып келесі топтың жұмысына баға береді. Ең жоғары бал 10 ұпаймен бағаланады.


Тапсырма төмендегі кестені пайдаланып

1-топ Халық саны ең көп облыстарды... өсу ретімен жазу

2- топ Халық саны ең аз облыстарды..... кему ретімен жазу

3- топ Халық саны мыңға жетпейтін облыстарды.... өсу ретімен жазу


№

Облыс

Халық саны (мың адам)

1

Алматы

1984,5

2

Ақтөбе

808,9

3

Ақмола

735,6

4

Атырау

1394,0

5

Маңғыстау

58
,4

6

Қостанай

880,8

7

Қызылорда

739,8

8

Жамбыл

1084,5

9

Орал

623,9

10

Семей

1394,0

11

Павлодар

752,8

12

Петропавл

574
8

13

Шымкент

2733,3

14

Өскемен

623,9

15

Қарағанды

1369,7



Дискриптор

  • ондық бөлшектерді оқи алады

1

  • ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстырады

2

  • салыстыру нәтижесі бойынша өсу ретімен немесе кему ретімен жазады

3

  • халық саны ең көп немесе ең аз облысты анықтайды

3

  • постерді сауатты, нақты түсіндіре отырып қорғайды

1


«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.


Жұптық тапсырма .«Бірге ойлаймыз» әдісі


Келесі нүктелерді координалық сәулеге сала отырып салыстыру. Координата әріптерін пайдаланып сөз құрастыру. Ескерту бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін.


1-жұп А 0,9; Т 1,5; П 0,3 И 2,1; О 2,7;Р 3,0; Патриот


2- жұп Қ (0,2); З (5,1); Т (1,5); А (2,2); С (2,8); Н (3,4) ҚАЗАҚСТАН


3-жұп А (2,1); М (1,6); Л (0,4); Ы (2,0); Т (4,2) АЛМАТЫ


Дискриптор

  • Координаталық сәуле салады

1

  • Нүктелердің координаталарын анықтайды

2

  • Координаталарды жаза отырып жасырын сөзді анықтайды

2


Бағалау «Айналмалы бекет» әдісі арқылы іске асады.

Бағалау парақшасына балдарын қояды. Дұрыс жауаптары слайдта көрсетіледі.


Саралау тапсырмалары :

Қарқынды саралаудың «Қолдау» әдісі.

Топқа бірнеше деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Барлық тапсырманы орындаған оқушыны өзім тексеремін, В деңгейдің тапсырмаларын С деңгейдегі тапсырманы орындаған оқушы, А деңгейдің тапсырмасын В деңгейдегі тапсырманы орындаған оқушы тексереді.

А деңгей

Келесі нүктелерді координаталық сәуледе кескіндеу, координаталарын белгілеу;

5,2 ; 2,5; 3,1; 2,2; 2,8; 0,50; 3,9; 1,00

В деңгейі

Келесі нүктелерді координаталық сәуледе кескіндеу, екі нүкте арасындағы барлық ондық бөлшектерді теріп жазу;

0,7 және 7,0

С деңгейі

Есептің шартын қанағаттандыратындай көп нүктенің орнына тиісті сандарды қоя алады

  1. 12,4..5 > 12,4..5

  2. 459, ..81 < 459, ..80

  3. 0,08..1 < 0,8..2

  4. 1,00... > 1,00...

  5. 20,07...2 < 20,07...6


Дискриптор

  • Координаталық сәуле сала алады

1

  • Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндейді

2

  • Ондық бөлшектер арасындағы барлық ондық бөлшектерді жазады

2

  • Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыра алады

2

  • Көп нүктенің орнына тиісті сандарды қояды

2



«Артық - Кем»

Оқушыларға ондық бөлшектерді салыстыруға байланысты «Артық - Кем» ойынын ұсынамын.

Оқушыларға ондық бөлшектер жазылған бірнеше үлестірме қағаздар көрсете отырып, «артық» немесе «кем» сөздерін айтамын. Егер «артық» десе, оқушылар берілген санның артық екенін іс-қимыл арқылы көрсетеді, ал «кем» десе, берілген санның кем екенін іс-қимыл арқылы көрсетеді.



Кері байланыс Бағдаршам әдісі арқылы іске асады.



Презентация

Интербелсенді тақта

http://bilimland.kz/kk/#lesson=10595






Аяқталуы


Үйге тапсырма.


Рефлексия . БББ кестесі





Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау – оқушылардың үйренгенін,материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтығ оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болдыма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және не үшін?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
853
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі