400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшектерді салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп: «Т.Рысқұлоа атындағы орта мектебі және МЖИ» КММ

Күні: 03.02.2020ж

Мұғалімнің аты- жөні: Құрманқанқызы М.

Сынып: 5 г

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаты

5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша және координаталық сәуледе салыстыруға үйрету;

Оқушылардың басым бөлігі: берілген ондық бөлшекті оған тең бөлшекке түрлендіре білуге үйрету;

Кейбір оқушылар: ондық бөлшектерді натурал санға түрлендіріп салыстыра білуге үйрету.

Бағалау критерийлері

-Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша және координаталық сәуледе салыстыра алады;

-Ондық бөлшекке тең бөлшекті таба алады;

-Ондық бөлшекті натурал санға айналдыру арқылы таба алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру ережесін негіздеп қолдана алады;

  • ондық бөлшектерді координаталық сәулеге кескіндеуді тұжырымдай алады;

  • ондық бөлшектерді салыстыруды түсіндіре алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- разрядтары бойынша сандарды жіктеу;

- сандарды разрядтары бойынша салыстыру;

- жоғары (үлкен) разряд;

- төменгі (кіші) разряд;

- разрядтық бірліктер;

- ондық таңбалар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

егер ондық бөлшектің соңына бір немесе бірнеше нөлдер тіркеп жазылса ( алып тасталса), онда ...бөлшек шығады;

- координаталық сәуленің бойында екі ондық бөлшектің ... орналасса, сол бөлшек үлкен (кіші) болады;

- ондық бөлшектерді салыстыру үшін алдымен бүтін бөліктері салыстырылады, егер бүтін бөліктері тең болса, онда ...;

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеу, ашық өз ойларын жеткізу, адамгершілік, бағалауда - шыншылдық, жарқындылық.

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу

АКТ қолдану дағдылары

Сабақтың әр кезеңінде қорытындылауды тиімді жүзеге асыру үшін презентациямен жұмыс .

Алдыңғы білім

Ондық бөлшектің құрылымын біледі, координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндей алады. Жай бөлшекті біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет


Сабақтың басы














1. Ұйымдастыру.

а )Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.

ә) оқушылар 3 топқа бөлінеді. (Ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар)

2. «Көршіңді тексер» әдісі арқылы үй жұмысы тексеріледі:

Оқушылар Бір бірімен дәптер алмасады.

№624 1) 13; 12; 11; 10; 9; 8; 7; 6; 5.

2) 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9.

Өткенді қайталау:

1)Ондық бөлшекті координиталық сәуледе қалай салыстырамыз?

2)Координаталық сәуледе бір нүктеде кескінделетін ондық бөлшектер ?

3)ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыру

Жұмыстың мақсаты: Үй тапсырмасын орындауы бойынша білім деңгейлерін анықтау.

Мұғалімнің әрекеті:

Дұрыс жауап берген оқушылар смайликпен бағаланады.

Тапсырмалар төмендегі нұсқалар бойынша тексеріледі.

Дескриптор:

- натурал санның анықтамасын біледі;

- берілген ондық бөлшектердің арасындағы натурал сандарды анықтайды.

- натурал сандарды кему және өсу ретімен орналастырады;

- Жауаптарын дұрыс жазды;

-Жауаптарын негіздей алады.

Сабақтың ортасы








































































































Топтық жұмыс.

«Ойлан, топтас,бөліс» әдісі бойынша әр топ берілген тапсырмасы бойынша постер қорғалады

Тапсырам: 1, 35 және 1,356 ондық бөлшектерін салыстыру.

«Ондықтар» тобы координаталық сәуледе ондық бөлшектерді салыстыру әдісі бойынша салыстырады.

«Жүздіктер» тобы ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыру әдісі бойынша салыстырады.

«Мыңдықтар» тобы ондық бөлшектерді натурал санға айналдыра отырып, салыстырады.


Оқушының әрекеті:Оқулық бойынша тобымен бірге тапсырмалардың шарттарын талдап, бір дұрыс шешімге келіп жұмыстану, тапсырмаларды орындау.

Мұғалімнің әрекеті:топтардың жұмыстарын сырттай бақылап, көмек қажет болғанда бағыттау, ынталандыру.

Әр оқушы қол шапалақтау арқылы бір-бірін бағалап отырады.

Дескриптор:

  • Координаталық сәулеге берілген ондық бөлшекті кескіндей алады;

  • Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді салыстыра алады.

  • Берілген ондық бөлшектердің разрядтарын анықтайды;

  • Разрядтары бойынша ондық бөлшектерді салыстырады;

  • Берілген ондық бөлшектерді ондық таңбаларының сандарын теңестіреді;

  • Үтірді алып тастап, натурал сан түрінде салыстырады;


Жұптық жұмыс.

«екі жақты күнделік» әдісі арқылы әр жұптар берілген тапсырманы орындайды.

№ 626 есеп (оқулықпен жұмыс)

1)1,2 < ....< 1,4; 2) 35,127 < ...< 35,327;

3) 8,29 < ... < 8,78; 4) 11,1 < ....< 12,9;

5) 42,925 < ...< 44,971; 6) 90,05 < ... < 91,05

қостеңдiгi дұрыс болатын етiп көп нүктенiң орнына ондық бөлшектi жазыңдар.

Оқушының әрекеті:Оқулық бойынша жұбымен бірге тапсырмалардың шарттарын талдап, бір дұрыс шешімге келіп жұмыстану, тапсырмаларды орындау.

Мұғалімнің әрекеті:топтардың жұмыстарын сырттай бақылап, көмек қажет болғанда бағыттау, ынталандыру.

Бағалау; жұптар бірін бірі бағалайды.

Дескриптор:

  • Берілген ондық бөлшектердің разрядтарын біледі;

  • Берілген ондық бөлшектердің разрядтары бойынша салыстырады;

  • Белгісіз санды табады.

Қызықты мәлімен

Қысқаша тарихи мәлімет беру :

  • Ерте кезде адамдар сауда-саттық кезінде үлестермен есептеу қажет болған. Алғашқыда бөлшек сандарды сынық сандар деп атады.

  • Алымы бірге тең жай бөлшектер аликвоттық бөлшектер деп аталады.( бірлік бөлшектер деп те аталады).Кез келген аликводтық бөлшек 1 – ден кіші болады.

  • Жүйеленгшен бөлшектер деп – алымы кез келген бүтін сан , бөлімі тек 10 саны немесе 60 саны ғана болатын сан.

  • Жалпы түрдегі бөлшек – алымы да бөлімі де кез келген сан болады.

  • ½- жарты , ¼ - ширек , 1.1/2-жарым деп атады.

  • Бөлшек сызығын – уал – Хассара және италияндық Леонардо Пизанский енгізді.


Жеке жұмыс

Саралау тапсырмалары

«Суреттер сөйлейді»әдісі бойынша төмендегі тапсырманы орындайды.

Жұмыстың мақсаты:Есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқушының әрекеті: тапсырмаларды орындау.

Мұғалімнің әрекеті: Жұмыстарын сырттай бақылап, көмек қажет болғанда бағыттау, ынталандыру.

1-тапсырма (салыстыру) 

2-тапсырма(ыдыстағы шырындарды ондық бөлшекпен жазу, салыстыру)

3-тапсырма(шиелерді ондық бөлшекпен жазып, салыстыру)

Оқушыларды смайлик арқылы бағалап отыру

Дескриптор:

-Оқушы күнделікті өмірдегі, тұрмыс-тіршілікте пайдаланып жүрген ондық бөлшектерді біледі;

-ондық бөлшектерді салыстырады;


Қосымша тапсырма

Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып , салыстырып,= , < немесе > белгісімен жазыңдар

1) 0,3 * =>0.3<0.4 2) * 0.2 => 0.1<0.2

3) 1.2 * => 1.2>0.9 4) 0.75 * => 0.75<0.80

Дескриптор:

- жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырады;

- ондық бөлшектерді салыстырады;

- жұлдызша орнына тиісті теңсіздік белгісін қояды.

Бағалау: ауызша бағалау


Сабақтың соңы


Рефлексия.

Үйге тапсырма: №


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
953
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі