жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану.
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
Қаржан жалпы орта
мектебі

Мұғалім: Жакипова Лаззат
Аюбаевна
2018
Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану |
Мектеп: «Қаржан» жом |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Жакипова Лаззат Аюбаевна. |
||||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану. |
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1 2.29 Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000,... және 0,1; 0,01; 0,001 .... сандарына көбейту ережелерін қолдану. 5.1.2.30 Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау. |
||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000,... және 0,1; 0,01; 0,001 .... сандарына көбейту амалдарын орындау. Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу амалдарын орындау. |
||||||
|
Бағалау критерийі |
Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000,... және 0,1; 0,01; 0,001 .... сандарына көбейте алады. Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөле алады. |
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Ондық бөлшек, ондық , жүздік, мыңдық үлес. |
||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Ынтымақтастық пен қарым қатынас жасау қабілетін қалыптастыру. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану, информатика. |
||||||
|
Алдыңғы білім |
Жай бөлшектерді оқу, жазу. Жай бөлшектерді қысқарта білу. Ондық бөлшектерді оқып жаза алу. Дұрыс, бұрыс бөлшекті білу. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы. 7 минут 7 минут 5 минут |
1.Ұйымдастыру. 2.Сәлемдесу. 3. Сенім орнату: «Мен табысқа жететініміме толық сенімдімін. Сәттілік менің жанымда» Оқушыларды сабаққа ынталандырып тақырыпты жариялаймын және бағалау критерийлермен таныстырамын. ʺОй қозғау˝ . Оқушылармен әңгімелесу
К.б. №1 тапсырма «Жұбыңды тап» Жұптық жұмыс Өрнектің мәнін тап 1-топ : а) 25,6 + 0,41 ә) 6,25 - 4,3 б) 0,3 * 25 в) 1,68 : 0,8 2-топ: а) 56 + 0,37 ә) 6,5 - 4,7 б) 0,7 * 3 в) 2,08 : 0,05 3-топ: а) 9,02 + 4,28 ә) 61 - 7,64 б) 0,8 * 5 в) 1,64 : 0,41 Дескриптор: Білім алушы - арифметикалық амалдарды орындайды; - жауабын анықтайды. К.б. Жеке жұмыс. №2 тапсырма «Қас-қағым сәт» - үтірін тап . а) 1,83 × 10=1 8, 3; г) 91,065 × 100=9 1 0 6, 5; ә) 12,085 × 100=1208,5; ғ) 215,61 × 0,1=21,5 61; б) 7,5492 × 1000=7 5 4 9, 2; д) 0,103 × 10=1,03; в) 1,51 × 10= 1 5, 1; ж) 275,8 × 0,01=2,758; з) 6304,57 × 0,001=6,30457. Дескриптор: Білім алушы
|
Стратегия «Шаттық шеңбері» Слайд Кеспе қағаздары Слайд Суреттер
«Бір- бірін бағалау» «Бас бармақ» әдісі |
|||||
|
Сабақтың ортасы 10 минут
|
К.б. №3 Тапсырма Теңдеу шешу. Топпен жұмыс. Әр топ екі есептен орындайды. «Өрмекші торы» әдісі. Оқушылар өрмекші торына түскен көбелектерді құтқару мақсатында тапсырмаларды орындайды. Есепті дұрыс шығарған топ көбелектерін гүлге қондырады. 3,5х=5,95 0,125х=1,1 4,2х=1,89 0,6х=2,55 0,8х=1,92 1,08х=2,7 Дескриптор: Білім алушы
|
Смайликтер дәптер, қаламсап,оқулық суреттер,маркер, стикер.
Оқушыларды топ арасында бағалау «Қол шапалақтау » әдісі |
|||||
|
Сабақтың соңы 7 минут 3 минут |
№ 4 Саяхат туралы тапсырманы шешіңдер. Топтық жұмыс. 1-топ: Елестетіңдер! Сендер жанұяңмен Қаржан тауына демалуға барасыңдар. Сендердің жанұялық машиналарыңа ағаң 3000 теңгеге бензин құйды. Қанша литр бензин құйды? Қосымша бензин бағасы жазылған кесте ұсыну. 2-топ: Ойланыңдар?! Сендердің сыныптарың жазғы демалыста Дисней-лендті аралау үшін әр оқушы 4000 теңгеден жинады. Бірақ біз теңгені АҚШ валютасына айырбастап алуымыз керек.4000 тг қанша доллар болады? Ақша айырбастау кестесін ұсыну. 3-топ: Есептеңдер! Сендерде ауылдағы бақшаларыңды суаруға 1600 теңге төленді. Сонда қанша су пайдаландыңдар. 1м3 суға 30 тг. Дескриптор - есептің шартын құрастырады; - ондық бөлшектерді бөлуді орындайды - жауабын анықтайды. Рефлексия: Ауа райы арқылы көңіл күйді білдіру |
Кеспе қағаздары Кестелер слайд топ арасында бағалау «От шашу» әдісі Смайликтер
|
|||||
|
Үйге тапсырма 1 минут |
№956, №957
|
|
|||||
|
Саралау: Әр тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай үйлестіру. |
Бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы «Жұптық» бағалау «Өзін өзі» бағалау «Қол шапалақтау» әдісі «От шашу» әдісі |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау: Сабақ барысында оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалық-гигиеналық талаптарды сақтайды; Жұмыс барысында олар жазатын (қаламсап) құралдарды пайдаланады; |
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
Сабақ мақсаты оқу мақсаттарына сай құрылған және сол оқу мақсаттарын іске асыруды көздейді. Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына жете алды. Дегенмен 3 оқушыға кері байланыс берілді яғни сол оқушыларға қосымша көмек қажет екенін түсіндім. Келесі сабақта деңгейлеріне қарай тапсырмалар бермін. Сабақта саралау тапсырмалары қолданылды. Сол тапсырма арқылы оқушылар оқу мақсатына жете алды. Сабақтың кезеңдері сақталды. Ал уақытында 1-2 минутке ауытқушылық орын алды. |
||||||
|
Жалпы бағалау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушылар сабақта қолданған әдістер арқылы белсенді жұмыс жасады. 2: Оқушылардың бірі бірін бағалау өте керемет өтті. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: № 4 Саяхат туралы тапсырманы шешу. 2: Бір-бірін бағалау Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім? Бұл сабақта ұғынғаным, сабақта, оқушылар өзінің жетістіктерін, кемшіліктерін білу үшін бірі бірін бағалауды жиі қолдану керектігі. |
|||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген