жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
Сабақ |
Мектеп «Абай атындағы орта мектеп» КММ |
||||||||||||||||
Күні |
|||||||||||||||||
Сынып 5 |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
|||||||||||||||
Сабақтың оқыту мақсаттары |
5.1.2.30 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау |
||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар ондық бөлшектерді бөлу алгоритмдерін біледі, бөлуді орындайды; |
||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі Ондық және жай бөлшектермен берілген сандық өрнектердің мәнін таба алады. |
|||||||||||||||||
Кейбір оқушылар Ондық бөлшектермен арифметикалық амалдар орындайды және оларды есеп шығаруда қолданады |
|||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Ондық бөлшектермен бөлу амалын орындайды Ондық бөлшекті натурал санға бөледі. Есептеулер жүргізеді және жауабын табады. |
||||||||||||||||
Тілдік мақсаттары |
Оқушылар тақырып бойынша негізгі терминдерді білетін болады. - жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және керісінше жазу алгоритмін түсіндіре алады; - ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін түсіндіре алады; - ондық бөлшекті дөңгелектеуді түсіндіреді; - ондық бөлшектерді салыстыруды түсіндіре алады; - белгілі және белгісіз шамаларды сипаттай отырып, мәтінді есептердің шешімін түсіндіреді. |
||||||||||||||||
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: - бүтін бөлік, бөлшек бөлік; - ондық бөлшек; - үтірмен ажыратылатын таңбалар саны; - үтірден кейінгі таңбалар саны; - ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; - разрядтары бойынша сандарды жіктеу; |
|||||||||||||||||
Сабақтағы тапсырмалар мен диалогтерге қолданылатын тіл - ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін ... керек; - ... неше цифр болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек; - екі ондық бөлшекті көбейту үшін ... керек; - ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін ... керек; - ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу үшін ... неше цифр болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифрға жылжыту керек; |
|||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының негізінде Қазақстандық патриотизм жəне азаматтық жауапкершілікті, ашықтық, ынтымақтастық пен қарым-қатынас қалыптастыру, шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау арқылы қарым-қатынас құндылықтарын дарыту. |
||||||||||||||||
Өткен сабақтардан алған білім |
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту
|
||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Bilimland.kz ондық бөлшекті натурал санға бөлуге қатысты бейне роликті пайдалану, интербелсенді тақта, слайд |
||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||||||||||||||
Басталуы
|
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу І топ «Ондық бөлшек» ІІ топ «Жай бөлшек» ІІІ топ «Натурал сан» ІІ Ынтымақтастық атмосферасын құру «Амандасу» тренингі Орындау алгоритмі: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады, мұғалім қалай амандасу керектігін айтқан кезде бірі – бірімізбен амандасамыз. Әр адаммен әр түрлі амандасамыз иық..., шынтақ...,көзбен...,иекпен...,тіземен...,қолмен, ал енді осы қолымызды жібермей тұрып бүгінгі сабақта сәттілік тілейміз.
Алдыңғы оқу бойынша үйге берілген тапсырманы «Көршіңді тексер» әдісі бойынша дәптерлерін ауыстырып тексереді.
ІІІ Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін тексеру «Зақымданған үтірлер» Мақсатым: оқушылардың алдыңғы тақырыпты түсіну деңгейін арттыру және білік, дағдыларын бағдарлау, бағалау Орындау алгоритмі: әр оқушы тақтада берілген есепті теңдік дұрыс болатындай етіп, ондық бөлшектің үтірлерін қояды. Бағалау: «Үш шапалақ»
|
|
|||||||||||||||
Ортасы
|
IV. Жаңа материалды игеру Белсенді оқыту. Түсіндіру жəне сипаттау: ( Есептеу тəсілін баяндау ,мысалдарды келтіре отырып, есепті шығару жолдарын түсіндіру) Мәселе туындайды, 5,7-ні (ондық бөлшек) 3-ке (натурал сан) қалай бөлеміз. Сыныппен осы мәселені шешу үшін талқыға саламыз, бөлудің қандай әдістерін біледі және олардың қайсысын қолдануға болады. Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді, натурал сандарды бөлу сияқты бұрыштап бөлеміз. О 2-мысал. 2,45 : 7 = 0,35
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін: 1) Бөлшекті үтіріне қарамай сол санға бөлеміз; 2) Бөліндіге үтірді бөлінгіштін бүтін бөлігі біткен кезде қоямыз. Егер бүтін бөлігі бөлгіштен кіші болса, онда бөлінді нөл бүтінмен басталады. x-тің мәнін табу үшін жоғарыдағы ережені қолданамыз
яғни, x = 1,9 кг Әр қораптың салмағын табамыз I қорап – 1,9 - 0,5 = 1,4 кг II қорап – 1,9 кг III қорап – (1,9 - 0,5) – 0,4 = 1 кг Жауабы: I қорап – 1,4 кг; II қорап – 1,9 кг; III қорап – 1 кг V. Жаңа сабақты түсінгендігін тексеру. Белсенді оқыту. «Көрсету және модельдеу» Айқын жақсы құрылымдалған көрсетілімдерді ұсыну. Bilimland.kz сайтында ондық бөлшекті натурал санға бөлу туралы бейне роликті интербел сенді тақтада көрсету және сол жерде 2 жаттығуды орындау
Бағалау: мадақтау арқылы «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Тамаша» және қол шапалақтау.
Тапсырмалармен жұмыс: «Күлімдесін күн!» Орындау алгоритмі: әр топ оқушылары күнді жауып тұрған бұлттарды алып, артында жазулы тұрған тапсырмаларды орындап, күннің жарқырап шығуына көмектеседі. Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалау Екі ұнаған нәрсе, бір жақсартуды қажет ететін нәрсе.
Есептер шығару 1- тапсырма І топ № 875 1) ІІ топ № 875 2) №875 3) 2-тапсырма І топ № 877 1) ІІ топ № 877 2) №877 3)
|
|
|||||||||||||||
Соңы
|
«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы сұрақтарға нақты, қысқаша жауап береді: Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді қалай орындаймыз... Егер бөлінгіштің бүтін бөлігі бөлгіштен кем болса ... Кері байланыс:
|
|
|||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы |
|||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау |
|||||||||||||||||
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 1. 2. |
|||||||||||||||||
ндық
бөлшекті натурал санға бөлудін, натурал
санды натурал санға бөлуден қандай
айырмашылығы бар екендігін анықтап,
бүкіл сыныппен ережені алуға тырысамыз
және презентациядағы 5 слайдты көрсетіп
ондағы ережемен салыстырамыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген