400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу.

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.3В

Ондық бөлшекке амалдар қолдану.

Мектеп: Т.Бигелдинов атындағы №46 ЖОМ

Күні:

Мұғалім: Т.С.Тасыбаева

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтын тақырыбы

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.30 ондық бөлшекті натурал санға және

ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлуді орындау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу, ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу ережесін біледі.

Оқушылардың көпшілігі: ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөле алады.

Кейбір оқушылар: күрделі есептерді шеше алады.


Бағалау критерийі

Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді біледі;

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлуді орындай алады.


Тілдік мақсаттар

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану алгоритмін түсіндіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

--Жай бөлшектер, ондық бөлшектер, разрядттар, үлестер;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін ..... керек;

- Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу үшін ... неше цифр болса,бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифрға жылжыту керек.


Құндылықтарға баулу

- Оқушылар арасында жақсы, достық қарым- қатынас орнату.

- Оқушылар арасында білім бәсекелестігіндегі жариялылықты

орнықтыру.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

  • Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар орындау дағдыларының болуы.

Сабақты барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар:

Сабақтың басы:



5 минут



2 минут




1.Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын нақтылаймын.

Сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыруда «Бір шоқ гүл» әдісі арқылы бір-біріне сәттілік тілей отырып, қолындағы гүлді көршісіне береді.т.с.с. Ең соңғы оқушы бір шоқ гүл алады.

Гүл түстеріне қарай оқушыларды топқа бөлу.

2. Ой қозғау.

Үй тапсырмасын берілген жауабы арқылы өзара тексереді.




Гүл


Гүл түстері








Сабақтың ортасы:

5 минут















5 минут


















6 минут

























8 минут











Сергіту сәті.

4 минут









































«Ойлан, тап» әдісі бойынша мысал есептер шығару

Киіз үйді құру үшін кереге қанаттарын дөңгелек бойымен байлауға тоқыма баулар орамы алынды. Баулардың бірінің ұзындығы 19,2 м. Ол тең 8 бөлікке бөлінді.Әр бөліктің ұзындығы қандай? Бөлуді қалай орындауға болатынын оқушылармен талқылау. . Бөлуді орындап, оқушыларды ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орындау ережесін қорытындылауға жетелеу.

Оқушыларды ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу ережесін қорытындылауға жетелеу үшін есеп қарастыру.

«Тіктөртбұрыштың ауданы 2,88 дм2, ал ені 0,8 дм Тік төртбұрыштың ұзындығы неге тең?» . Оқушыларға ережені постер арқылы тұжырымдауды ұсыну.

Дескриптор

  • Амалдарды орындау

  • Ережені тұжырымдау

Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.


Ондық бөлшектерді бөлу дағдысын қалыптастыру үшін «Сапер» ойынын қолдану. Ол үшін бірінші тапсырманың жауабын екіншідегі «» орнына, екіншісінің жауабын үшіншісіндегі «» орнына және т.с.с. қоятындай параққа жазылған тапсырмаларды орындау қажет.

Мысалы:

№1 үлестірме

1) 3,6 : 3 = … ;

2) 5,4  = … ;

3) : 0,09 = … ;

және т.б.

Дескриптор

  • Ондық бөлшекті натурал санға бөледі

  • Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөледі.

«Көршіңді бағала» әдісі бойынша оқушылар өзінің қасында отырған оқушылардың есептерін тексеріп бағалайды.

.

Топтық жұмыс.

Оқушылар топпен бірлесе отырып оқулықтағы №691-694 есептесептерді орындайды және өз тобынан бір оқушы тақтаға шығып есептің шығару жолын түсіндіріп, дұрыстығы дәлелдейді.


№

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

ІV топ

А

691 ( 2 )

691 ( 3 )

691 ( 4 )

691 ( 1 )

Ә

692 ( 3 )

692 ( 4 )

692 ( 1 )

692 ( 2 )

Б

693 ( 4 )

693 ( 1 )

693 ( 2 )

693 ( 3 )

В

694 ( 1 )

694 ( 2 )

694 ( 3 )

694 ( 4 )


Дескриптор:

-ондық бөлшекті натурал санға бөле алады;

-есептің шығару жолын түсіндіре алады.

«Мен саған сенемін» әдісі

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «мен саған сенемін .......» өйткені сен жақсы адамсың.


Саралау тапсырмалары:


Төмен деңгей «Кім жылдам?» ойыны

Суреттегі фигуралардың қайсысын үзіксіз сызықпен сызуға болады. Қайсысын үзіксіз сызықпен сызуға болмайды

Орта деңгей «ойлан, тағы да ойлан » әдісі.

№695

Төртбұрыштың ұзындығы 7,2см, ал ені одан 6 есе кем. Төртбұрыштың периметрін тап.

Дескриптор:

  1. Фигураларды таниды

  2. Периметрді табу ережесін біледі

  3. Төртбұрыш периметрін таба алады


  1. Жоғарғы деңгей «Үлкен ізденіс» әдісі.

№687.

Марат ойлаған санын 79,29-ға кемітті. Сосын айырманың мәнін 4 есе арттырғанда 6,84 саны шықты. Марат қандай сан ойлаған? .


№696

Егер 3тәулікте саңырауқұлақ 51,84 см әссе, бір тәулікте биіктігі қандай болады? Бұл өсімдіктер арасында қандай көрсеткіш?

Дескриптор:

-есептің шартын құрастырады;

-есептің амалдарын орындайды;

-нәтижесін шығарады;











Оқулық, есептер жазылған парақшалар,





















Оқулық







Есептер жазылған үлестірме






















Оқулық, есептер №-і жазылған парақшалар, слайд













Оқулық, дәптер




Оқулық, есептер жазылған парақшалар



















слайд






Сызғыш, маркер





















Оқулық, есептер жазылған парақшалар, слайд



Үлестірме қағаздар


Сабақтың

соны:

5 мин

Кері байланыс.

«БББ» әдісі бойынша кері байланыс орнату.
































Үйге тапсырма: №697 есеп

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын

Сақтау

Рефлексия

Төмен деңгей «Кім жылдам?» ойыны. Орта деңгей «ойлан, тағы да ойлан» әдісі.

Жоғарғы деңгей «Үлкен ізденіс» әдісі

тапсырмаларын ұсыну.

Деңгейі жоғары оқушыларды өзгелерді оқыту әдісіне бейімдеу.

Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау,» әдісі, «Ойлан, жұптас, бөліс» «Досыңды тексер» әдісін қалыптастырушы бағалау негізінде қолданамын.





Сабақ барысында оқушылардың каламсапты ұстау қауіпсіздігін сақтау,сергіту сәтін ұйымдастыру; Сабақ алдында бөлмені желдетіп алу


Жалпы бағалау

Сабақта еңжақсы өткен екі нәрсе (оқытумен оқуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі