400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ондықтан аттап қосу

Материал туралы қысқаша түсінік
2.1.2.5.** бір таңбалы және екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту тәсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау Барлық оқушылар үшін: ондықтан аттап қосу тәсілін білу. Бірқатар оқушылар үшін: ондықтан аттап сандарды және шамаларды (ұзындығы) қосу тәсілін түсіндіру және осы негізде екі таңбалы және бір таңбалы сандарды қосуды орындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-сабақ. Ондықтан аттап қосу

Тақырыбы: Менің қызығушылығым.

Күні:

Сынып: 2А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

2.1.2.5.** бір таңбалы және екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту тәсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар үшін:

ондықтан аттап қосу тәсілін білу.

Бірқатар оқушылар үшін:

ондықтан аттап сандарды және шамаларды (ұзындығы) қосу тәсілін түсіндіру және осы негізде екі таңбалы және бір таңбалы сандарды қосуды орындау.

Кейбір оқушылар үшін:

разрядтан аттап бір таңбалы және екі таңбалы сандарды ауызша қосуды қалай орындауға болатынын түсіндіру.

Тілдік мақсаттар






Пәндік лексика және терминология: ондық, қосу, азайту, қосылғыш, қосынды, азайғыш, азайтқыш, айырма, санның құрамы, 10 санына толықтыру.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қосылғыштарды қалай жіктеген тиімді?

Қай қосылғышты қосындысымен алмастырған тиімді?

8+7 қосу тәсілін түсіндіре аласың ба?

Тірек білім, білік, дағдылар

Қосу және азайту, бір таңбалы санның құрамы, 11-20 сандарының разрядтық қосылғыштары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры



0–3

Ынталандыру.

Ауызша есептеу бойынша аз уақытқа жарыс ұйымдастыру.

Оқушыларға ауызша ойша есептеудің маңызы түсіндіріледі.

Сан қиықшалары



4–6


Белсендіру.

2–9 сандарының құрамы, 10 санына толықтыру, 1 онд = 1 бірл, 1 дм = 10 см, 11-20 сандарының разрядтық қосылғыштары қайталанады.

Мына түрдегі мысалдар беріледі:

5+5+2 6+4+3





7–11


Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

8+6 5+9 4+8 түріндегі мысалдар ауызша есептеледі.

Оқушылар қосудың жаңа тәсілімен танысады.

– Сабақтың мақсаты қандай? (Ондықтан аттап қосу, 6+7 түрдегі мысалдарды есептеу)










12–29


Жаңаны ашу.

Топпен жұмыс барысында оқушылар қосудың жаңа тәсілін бір-біріне түсіндіреді.

8+5 тәсілін түрлі түсті бояумен (балалар түрлі түсті фишкаларды салады және пайдаланады) көрсету сұралады.

Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында сандық кесінділер таратады.Осыған ұқсас жұмысты ұзындықарды қосумен жүргізеді. Кесінділерді сызғышпен өлшеп, олардың ұзындықтарының қосындысын табуды ұсынады.

Бұдан әрі балалар 8+5 тәсілін қарастырады.

Мұғалім 8+5 және 18+5 өрнектерін салыстырып, олардан ұқсастықты анықтауды сұрайды. Балалар олардағы бірліктердің саны бірдей екенін байқаулары қажет.

  • 18-ге бесті қалай қосуға болады? 18 – бұл 10 және 8.

Балалар тәсілді көрсетеді: 18+5=10+5+8=10+8+5=10+13=23.

Бұдан кейін осыған ұқсас 28+5, 38+5 және т.с.с.

Ізденушілік тапсырма ретінде бөліктеп қосу тәсілін түсіндіруді ұсынуға болады: 18+5=18+2+3=23.

Тура осы тәсілді көпшілік балалар қолданады. Бұл сабақта мұғалім әртүрлі тәсілмен есептеуді орындау мүмкіндігін көрсетуі қажет.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы №2 тапсырманы түсіндіре отырып қарастырады.

Өздік жұмыс.

Жұмыс дәптерінен №1 мысалда сан қосылғыштарға жіктеліп, толық ондыққа толықтырылады.

Қосудың жаңа тәсілінің сызбасы тақтаға ілінеді. Оқушылар қосу тәсілін түсіндіре отырып шығарады.

Үлгерімі жоғары оқушыларға азайту амалымен тексеру беріледі.

Оқулық, сызғыш, жолақтар.



Сабақтың презентациясын қолдану




30–40


Жаңаны қолдану.

Сызба бойынша есептер құрастыруды сұрайды.

Мысалы:

Сызбада қосудың жаңа тәсілін қолдануға мүмкіндік беретін сан көрсетіледі. Бақа тапсырма да ұсынуға болады. Мысалы:

Сызба бойынша өрнек құрастыр:

(5+8)+3

Немесе

Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр:

Қ ызыл — 7 қарындаш

Жай қарындаш — ?, 5-еуі артық ? қарындаш

Мұғалім есеппен жұмыс жасау барысында есепті шешудің алгоритмін естеріңе түсірулерін сұрайды:

1. Мәтінді оқу.
↓
2. Сызба немесе қысқаша жазылуын жасау.
↓
3. 1-амалды орындау.

4. 2-амалды орындау.
↓
5. Есептеу.
↓
6. Жауабын жазу.

Оқушылар бір-бірін бағалайды:

№

Біліктер

Баға

1

Есептің мазмұнын түсінемін.

2

Есептің сызбасын құрай аламын.

3

Есептің шешу амалын табамын.

4

Есепті шешу алгоритмін
рындаймын.

Өткенді қолдану.

Оқулықтан № 3,4 және жұмыс дәптерінен №3-5 тапсырмалар мұғалімнің қалауы бойынша беріледі.

Өздік жұмыс мұғалімнің қалауы бойынша беріледі.

Мысалы оқулықтағы және жұмыс дәптердегі №4-тапсырма орындалады.


41–45

Рефлексия.

Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы:

  • ондықтан аттап қосу тәсілін түсінеді;

  • ондықтан аттап қосу тәсілін түсіндіреді;

  • ондықтан аттап қосу тәсілін орындайды.

Табыс баспалдағы






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі