400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ондықтан аттап қосу

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып мұғалімдері үшін тәжірибе алмасу мақсатында керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: математика

Күні:

Сынып:2

Мектеп: №228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Айпейсова Нурипа

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ондықтан аттап қосу. Менің қызығушылығым.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.5.** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін: ондықтан аттап қосу тəсілін білу.

Бірқатар оқушылар үшін: ондықтан аттап сандарды жəне шамаларды (ұзындығы) қосу тəсілін түсіндіру жəне осы негізде екі таңбалы жəне бір таңбалы сандарды қосуды орындау..

Кейбір оқушылар үшін: разрядтан аттап бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ауызша қосуды қалай орындауға болатынын түсіндіру.

Бағалау критерийлері

екі таңбалы санның моделін дұрыс көрсете аламын;

ондықтар мен бірліктердің қосындысына дұрыс жіктей

аламын.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология: ондық, қосу, азайту, қосылғыш, қосынды, азайғыш, азайтқыш, айырма, санның құрамы,

10 санына толықтыру.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қосылғыштарды қалай жіктеген тиімді?

Қай қосылғышты қосындысымен алмастырған тиімді?

8+7 қосу тəсілін түсіндіре аласың ба?

Жазу

0-100 аралығындағы сандарды жазу, санның «көршілес» сандарын жазу.

Тірек білім, білік,дағдылар

Қосу жəне азайту, бір таңбалы санның құрамы, 11-20 сандарының разрядтық қосылғыштары.

Бастапқы білім



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.


Ынталандыру.

Ауызша есептеу бойынша аз уақытқа жарыс ұйымдастыру.

Оқушыларға ауызша ойша есептеудің маңызы түсіндіріледі.


Сан

қиықшалары


Сабақтың ортасы


Белсендіру.

2–9 сандарының құрамы, 10 санына толықтыру, 1 онд.= 1 бірл, 1 дм = 10 см, 11–20 сандарының разрядтық қосылғыштары қайталанады.

Мына түрдегі мысалдар беріледі: 5+5+2 6+4+3




Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар)

8+6 5+9 4+8 түріндегі мысалдар ауызша есептеледі.

Оқушылар қосудың жаңа тəсілімен танысады.

– Сабақтың мақсаты қандай? (Ондықтан аттап қосу,

6+7 түрдегі мысалдарды есептеу)




Жаңаны ашу.

Топпен жұмыс барысында оқушылар қосудың жаңа

тəсілін бір-біріне түсіндіреді.

8+5 тəсілін түрлі түсті бояумен (оқушылар түрлі түсті

фишкаларды салады жəне пайдаланады) көрсету сұралады.

Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында сандық

кесінділер таратады.Осыған ұқсас жұмысты ұзындықтарды қосу арқылы жүргізеді. Кесінділерді сызғышпен өлшеп, олардың ұзындықтарының қосындысын табу ұсынылады.

Бұдан əрі оқушылар 8+5 тəсілін қарастырады.

Мұғалім 8+5 жəне 18+5 өрнектерін салыстырып,

олардан ұқсастықты анықтауды сұрайды. Оқушылар

олардағы бірліктердің саны бірдей екенін байқаулары қажет.

- 18-ге бесті қалай қосуға болады? 18 – бұл 10 жəне 8.

Оқушылар тəсілді көрсетеді:

18+5=10+5+8=10+8+5=10+13=23.

Бұдан кейін осыған ұқсас 28+5, 38+5 жəне т.с.с.

Ізденушілік тапсырма ретінде бөліктеп қосу тəсілін

түсіндіруді ұсынуға болады: 18+5=18+2+3=23.

Тура осы тəсілді көпшілік оқушылар қолданады. Бұл

сабақта мұғалім əртүрлі тəсілмен есептеуді орындау

мүмкіндігін көрсетуі қажет.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы №2 тапсырманы түсіндіре отырып қарастырады.

Өздік жұмыс.

Жұмыс дəптерінен №1 мысалда сан қосылғыштарға

жіктеліп, толық ондыққа толықтырылады.

Қосудың жаңа тəсілінің сызбасы тақтаға ілінеді.

Оқушылар қосу тəсілін түсіндіре отырып шығарады.

Үлгерімі жоғары оқушыларға азайту амалымен тексеру беріледі.

Оқулық,

сызғыш,

жолақтар.

Сабақтың

презентациясын

қолдану

Жаңаны қолдану.

Сызба бойынша есептер құрастыруды сұрайды.

Мысалы:

Сызбада қосудың жаңа тəсілін қолдануға мүмкіндік беретін сан көрсетіледі. Бақа тапсырма да ұсынуға

болады. Мысалы:

Сызба бойынша өрнек құрастыр:

(5+8)+3

Немесе

Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр:

Қызыл — 7 қарындаш

Жай қарындаш — ?, 5-еуі артық ? қарындаш

Мұғалім есеппен жұмыс жасау барысында есепті шешудің

алгоритмін естеріңе түсірулерін сұрайды:

1. Мəтінді оқу.

↓

2. Сызба немесе қысқаша жазылуын жасау.

↓

3. 1-амалды орындау.

4. 2-амалды орындау.

↓

5. Есептеу.

6. Жауабын жазу.

Оқушылар бір-бірін бағалайды:

№

Бірліктер

Баға

1

Есептің мазмұнын түсінемін.

2

Есептің сызбасын құрай аламын.

3

Есептің шешу амалын табамын.

4

Есепті шешу алгоритмін рындаймын.

Өткенді қолдану.

Оқулықтан № 3,4 жəне жұмыс дəптерінен №3-5

тапсырмалар мұғалімнің қалауы бойынша беріледі.

Өздік жұмыс мұғалімнің қалауы бойынша беріледі.

Мысалы оқулықтағы жəне жұмыс дəптердегі №4-

тапсырма орындалады.



Оқулық, дəптер




Сабақтың соңы

Рефлексия.

Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады,

осы сабақта оқушы:

ондықтан аттап қосу тəсілін түсінеді;

ондықтан аттап қосу тəсілін түсіндіреді;

ондықтан аттап қосу тəсілін орындайды.



Жетістіктер

жолағы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Жетістіктер жолағы бойынша оқушылар өз білімдерін бағалайды.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
1424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі