400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Өнеге-отбасына

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, мақтан етуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өнеге - отбасынан

Мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, мақтан етуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: слайд, қанатты сөздер, отбасылық суреттер,асықтар.

Тренинг ережелер:

  1. Тыңдай білу

  2. Сөзді бөлмеу

  3. Белсенділік таныту

  4. Көңілді отыру

  5. Ойын ашық ортаға салу



Ұйымдастыру кезеңі:



  1. Таныстыру.

  2. Көңілді отбасы тыныштық сәт

  3. Мен отбасымды мақтан етемін

  4. Жалғасын тап ойыны

  5. Қорытынды

  6. Ана туралы жыр

Әдіс тәсілдер: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, сахналық көрініс

Сәлеметсіздер ме? Көңіл күйлеріңіз қалай? Бүгін біз 3 топпен <<Өнеге- отбасы>> тақырыбында тренинг өтеміз.

1топ- Әке

2топ-Ана

3топ-Бала

Негізгі бөлімі:

1.Таныстыру

Шарты: Өз топтарын таныстыру

2.Көңілді отбасы тыныштық сәт

Ыңғалайнып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көзіңізді жұмуларыңызды өтінемін. Енді көз алдарыңызға өз отбасыларыңыздың қуанышты сәтін елестетіңіздер. Сол қуанышты сәтте сіздердің қолдарыңызда өте әдемі айна бар. Абайлаңыз, абайсыз қимыл, асығыстық бұл әсемдікті бүлдіруі мүмкін. Отбасы арасындағы бауырмалдық сыйластық қарым-қатынас осындай жұқа әрі нәзік. Олар қамқорлықты, сүйіспеншілік пен түсіністікті, мейірімділікті, бауырмалдықты талап етеді. Сынған айнаны қайта қалпына келтіру өте қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан отбасыңыздағы адамдарға мейірімділікпен, байыппен, сабырмен қарап, көңілдерін қалдырмауға тырысуыңыз қажет.Отбасыңызды әрдайым мақтан тұтып, өткен қуаныш сәттеріңізді естен шығармаңыз. Сіздің балалық бағытыңыз өзіңізбен әрқашан бірге болсын. Осындай қуанышты және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы қуанышты сәтіңізді жүрегіңізге орналастырыңыз. Қуанышқа толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

3. Мен отбасымды мақтан етемін.

Шарты: Үштірлі асықта әр топқа тапсырма жасырылған. Сол тапсырманы өздеріңіз қорғайсыздар.

1.Отбасым- өлең шумақтарын шығару

2.Алма ағашына менің жанұямды орналастыру- постер қорғау

3. Ата болып бата беру

4.Жалғасын тап ойыны

Шарты: Сиқырлы қобдишаның ішінде мақал-мәтелдер жасырылған. Жалғасын тауып толықтыру керек.

  1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар.........................................................

  2. Ана сүтін ақтамағанды .......................................................................

  3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без............................................................

  4. Қарағайға қарап ұл өсер..........................................................................

  5. Үйінде ұл-қызы бардың.........................................................................

  6. Жығылып жатып...................................................................................

  7. Үй ішінен жау шықса..........................................................................

  8. Сақау баланың тілін................................................................................

  9. <<Сіз>> << Біз>> деген жылы сөз........................................................



Дәйек сөз

Тәрбиенің ең тамаша мектебі -Отбасы

Қорытынды

Анажаным

Анашым ана жаным

Аялы алақаның,

Есейіп кетсем дағы,

Мен сенің балапаның



Анашым, анажаным

Мейірбан балажаным.

Бақытым емеспеді ,

Өмірді сыйлағаның

Қ.м

Көңілің күндей

Өмірің гүлдей

Жадыра гүлдей

Жан Анашым

Осы әнді сізгей,

Арнаймыз біздей

Келіңіз жүзгей

Жан Анашым.

Қорытынды

Тренингтен алған әсерлеріңіз?

Треннинг ұнады ма?

Құрметті оқушылар осымен біздің <<Өнеге- отбасынан>> арналған тренинг сабағымыз мәресіне жетті. Үлкен рахмет...



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.02.2019
512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі