400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өнеге отбасынан

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы және отбасы тәрбиесі, оның бала өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Өзінің отбасын ата – анасын, туыстарын сыйлауға, үлкенді құрметтеп, кішіге өнеге болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп №5

Мұғалімі: Кулмаганбетова Р.Ш

сыныбы: 3 «б»

Тақырыбы: Өнеге отбасынан

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Мейірімділік, сыйластық, бірлік, махаббат.

Сабақтың мақсаты: Отбасы және отбасы тәрбиесі, оның бала өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Өзінің отбасын ата – анасын, туыстарын сыйлауға, үлкенді құрметтеп, кішіге өнеге болуға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын кеңейту.

Тәрбиелік: Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

б) Оқушыларды 5Т ережесімен таныстыру.

Оқушыларды топқа бөлу.

1 – топ Бірлік

2 – топ Сүйіспеншілік

3 – топ Адалдық


Тыныштық сәті.

Сендердің жүректерің – сендердің кішкене жарқыраған күндерің, ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңды адамдармен бөлісесіңдер. Ал, қане жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің ата – анамызға, аға – әпкелерімізге, достарымызға, барлық адамзатқа, жер шарымызға бәріне – бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.

Осы алған сезімдеріңізді күні бойы жүректеріңізді сақтап жүріңіздер.

Мұғалім сыйы.

Отбасы татулығы,

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекеше екен отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс – керіс, дау – жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағынада жетеді. Патша естігенінің ақ – қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап – таза, барлығыда жеткілікті, тыныштық пен береке орнаған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөлінеді.

Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде уайым – қайғысыз, балалары бақытты, мәз – мейрам екен. Бұған патша таң – тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату - тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ол ауыл ақсақалынша келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік» жүз рет «кешірімділік» жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

+ Осы – ақпа ?

+ Ия – деді ақсақал. Тату отбасылар тек осы жақсы қасиеттерден құрылады, - деді сәл ойланып және «шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Сұрақтар:

* Өсиет әңгіменің мәні неде ?

* Отбасының татулығын ұстап тұрған қандай қасиеттер екен?



Дәйексөз.

Ұяда не көрсең,

Ұшқанда соны ілерсің.

Мақал

* Ұл балаларға оқыту.

* Қыз балаларға оқыту.

* Хормен айтқызу.

* Дәйексөздің мағынасын ашу.


Өзіммен – өзім: Релаксациялық музыка қосу. Менің отбасым. Көз алдарыңа отбасыларыңды елестетіңдер... Отбасы кішкентай мемлекет демекші, менің бақытты отбасым

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Ең жақын адамдар,

Отбасым мыналар:

Ақылшы жан әкешім бар,

Аяулы асыл анашым бар,

Үлгілі болар ағам менен әпкем бар.

Отбасы – адам баласының өсіп – өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Отбасым мен үшін ең қымбат шуақты мекен. Мен отбасымды жақсы көрем, әрдайым мақтан тұтам, қамқор болам.....

Жәйлап көзімізді ашамыз .

Балалар осы алған сезімдерімізбен енді тапсырмалар орындаймыз.


Шығармашылық іс әрекет, топтық тапсырма

  1. Отбасы туралы мақал – мәтелдер жазу.

  2. Отбасы ережесін топтастырып жазу.

  3. Менің отбасым тақырыбында сурет салу.



Сергіту сәті: Бармақтар отбасы


Үйге тапсырмасы:

Мәтін 91 – бет


Топпен ән айту:

Келші, келші балашым.



Соңғы тыныштық сәті:

Баяу әуен орындалып тұрады.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
403
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі