15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өнеге отбасынан
«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары
Мектеп: Бірлес шағын орталықты орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасынан
Құндылығы: сүйіспеншілік
Қасиет:Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру
Мұғалім:Молдабекова.Н
Сынып: 4
Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: Отбасының бір шаңырақта бірге өмір сүретін, бірін бірі жақсы көріп, бір-біріне көмектесетін туыстардан туратыны туралы түсініктерін кеңейту. Ата-анасына, туыстарына деген сүйспеншілік, бауырмалдық, мақтаныш, сезімге тәрбиелеу
Сабақтың
міндеттері:
-отбасындағы
сүйспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын
кеңейту.
-отбасында өзара сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
-отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сабақтың эпиграфы:
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған- туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Нұрға бөлену»
ІІ. Психологиялық ахуал: Оқушылар бір-бірінің иықтарына қолдарын қоя отырып,ары-бері шеңбер бойында қозғалу(мұғалімнің жетекші түсіндірмесі)
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Отбасы бұл тәрбие бесігі.Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа- сіңілілер, қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы-ол шағын мемлекет. Әр отбасы өзара татулықты қажет етеді.Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше. (педагогика сүйіспеншілік және шығармашылық атты онкүндік аясындағы шараларға тоқталып, Сара Алпысқызы жөнінде ой қозғау)
ІІІ.Жағымды ой пікірлер:
Сұрақтар: Оқушылардан шеңбер бойында тұрып жасаған қимыл арқылы не ұққаны туралы ой қозғау.Сыныпта да отбасында да туған туыс, достар арасында да адамдар бір-біріне тіреу болатынын дәлелдеу.Әсіресе бұл отбасында маңызды. Олай болса бүгінгі әңгімеміз не жайында болмақ екен? Ендеше отбасы деген не? Отбасы...(оқушылардың мүмкін жауаптары)
ІV. Оқиға айту (әңгіме)
Мәтінмен жұмыс
Отбасы татулығы
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді.
Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ол ауыл ақсақалына келіп , отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет « сүйіспеншілік » , жүз рет « кешірімділік », жүз рет « бірлік » деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
Осы –ақ па?
Ия, - деді ақсақал. –Бірлік жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, -деді, сәл ойланып, « және шыдамдылық » деген қосып қойды.
Сұрақтар:
1. Өсиет
әңгіменің мәні неде?
2.Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?
Сондықтан балалар, «Ұяда нені көрсең ,ұшқанда соны ілерсің » дейді халқымыз. Сендер осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңіріп « Қара шаңыраққа » лайықты адам болуға тырысыңдар, талпыныңдар. Өйткені сендер бір-бір үйдің арқа сүйер ұлы және қызсыңдар. Нағыз «Өнегелі отбасы » осыдан басталады.
Мәтін «Отбасы татулығы»
Ү.Дәйек сөз:
Отбасы тату болса , байлықтың да керегі жоқ.
ҮІ. «Сыңарын тап» ойыны
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
ҮІІ.Шығармашылық жұмыс:
1.Оқушылардың жүрекше тәріздес жасалған өз отбасы жөніндегі жапсырмалары тыңдалады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген