Өнеге-отбасынан.
Қайырлы
күн,құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Бүгінгі тренинг-сабағымызға қош
келдіңіздер!
Мақсаты:
Ата-ана мен баланың арасындағы
қарым-қатынастың ерекшеліктерін
психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Оқушылар мен ата-анасының арасындағы
қарым-қатынасты нығайта түсу. Сондай-ақ
, «мектеп-ата-ана» байланыстарын бір
жолға қою.
Күтілетін
нәтиже: Бала мен ата-ананың арасында
жылылық орнату.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта, ресурстар мен
стикерлер.
Қатысушылар:
3 сынып ата-аналар, оқушылар .
Жүрісі:
1.
Танысу, амандасу.
Мейірімді
жүрекпен,
Ақпейілді
тілекпен
Амандасып
алайық,
Бір
жадырап қалайық.
Адам
өмірінің мен сұлулығы, адамның келешегіне
сенімділігі-баланың ата-анасын ардақ
тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір
сәтке де есінен шығармауында. Бұл- жас
ұрпақтың мәдиенеттілігін, әдептілігінің
ғана емес, ең алдымен,адамшылдығының
белгісі. Бала-ата-ана өмірінің
жалғасы.Сіздермен танысу және алдағы
жұмыстарымызды жасауға психологиялық
дайындық мақсатында «Байланыс» тренингін
өткіземіз. Әр қатысушы өзін таныстырып,
жіпті қолдарына бір орап болған соң
қараңыздаршы мына жібіміз неге ұқсап
тұр . Бұл адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынасы. Біздің мысалымызда бұл
ата-ана, оқушы, мұғалім, үштігінің
байланысы. Ал енді осы байланыс бір
жерден босап шығып кететін болса, не
болар еді? Қалай ойлайсыздар?
2.
Постер қорғау.
Бала-ата-аналар
өмірінің жалғасы. Балаңыз жақсы тұлға
болып қалыптасуы үшін сіз қандай тәрбие
беруіңіз керек?
3.
Мектепке деген махаббатыңызды білдіріп
гүл шоғын жасаңыз.
Балаға
деген махаббатыңызды білдіріп гүлге
жазып жабыстырыңыз.
Ата-ананың
бір-біріне деген махаббатын жазып
жабыстыру.
4.
Релаксациялы жаттығу.(Жағымды,жай
әуен тыңдалады) Тыныштық сәті.
Ыңғайлы
отырыңыз. Бүгін біз ұшқыш кілемімен
саяхатқа шығамыз. Кілем ауаға көтерілуі
үшін босаңсуымыз керек. Бұл сіздің
қолыңыздан келеді. Көзімізді жұмамыз.
Қолымыздың саусақтары жылынады, қолымыз
жылы және ауыр. Жылу аяқ қолдан жоғарылап,
іш кеуде,
арқаға
жылжыды. Бетіңіз босаңсыды. Ұшқыш кілем
жаймен жоғары көтеріліп келеді. Міне,
ұшып та кеттіңіз....
...
Үлкен үстелдің үстімен ұшып барасыз.Шағалалар
ұшып жүр. Жағалауда қайықтар тербеліп
тұр. Көгілдір бұлттар жөңкілуде.
Бұлттардың кейбіреуі үлпілдек қоянға,
біреулері мақтаға, кішкентайлары ақ
мысыққа ұқсайды. Кілем ақырындап жерге
түсіп келе жатыр. Міне, сіз әдемі бақтың
ішіндесіз. Айнала гүлге толы, бәрі сізге
басын изеп, сәлем беруде. Сіз бақтағы
соқпақ жолмен жүріп алаңқайға шықтыңыз.
Балалар доп ойнап жүр. Сіздің аяғыңызға
доп домалап келеді. Сіз допты көтеріп,
жоғары лақтырасыз, доп ұшып кетті. Бұл
немене? Сізде ұшып барасыз. Өзіңіз ұшқыш
кілемсіз ұштыңыз. Қолыңыз екі жағында
құс сияқты ұшып кетесіз. Міне, сізге
таныс көл көрінді,шағалалар қанаттарын
бұлғап сәлем жолдауда. Қайықта отырған
балықшы сізге қол бұлғайды. Сіз әрі
қарай ұшасыз. Қасыңызда үлпілдек мысық
сияқты бұлт бірге келді. Сіз төмен түсе
бастадыңыз. Міне,орнымызға да келдік.
Мысық сізге ілесіп келеді. Жып жылы
мысық сіздің алдыңызда отыр. Оны сипаңызда
қасыңызға отырғызыңыз. Серуен сізге
ұнады деп ойлаймын. Енді алдарыңыздағы
стикерлерге серуенде көргендеріңіздің
суретін салып, тілек тілеп, тақтаға
табиғат бейнеленген плакатқа жапсырыңыз.,
дауыстап оқыңыз.
Балалармен
жүргізілетін тыныштық сәті оларға
жағымды ойларға берілуге мүмкіндік
жасайды. Олардың ойларына тіпті
ересекадамдар ойламайтын қызықты
бейнелер елестейтінін айта кетейін.Тыныштық
сәті аяқталғаннан кейін балалар өздерінің
санасында,қиялында ойлап тапқандары
жайлы әңгімелеп суреттейді. Оларды
тыңдап отырып, бала қиялының қаншалықты
бай екенін көреміз. Сіздер де үйде
балаларыңызбен бірге, ертегі құрастырып,
өлең шығарып көріңіз.
4.
«Балаңызды тани аласыз ба?» Балалардың
салған отбасы туралы суретін ата-анасына
көрсету. Ата-ана өз баласының салған
суретін табу. Қалай таптыңыз? Сізге қиын
болды ма?
5.
«Жүрек сыры»
Мына
ақ үлкен жүрекке назар аударыңыздар.
Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір
оған жан береміз.Қатысушыларға түрлі-түсті
қағаздардан жасалған кішкентай жүректер
таратылып, оған жылы-жылы сөздер жазылған
кішкентай жүректерді орналастыру.
Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз
жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?
6.
«Екеуміздің суретіміз!»
Суретті бір-бірімен ақылдаспай салады.
Баласы суретті бастайды, анасы
жалғастырады, және келесі суретті бастап
кетеді, баласы сол суретті аяқтау керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан
шықты ма?
2.
Бір-біріңізді қалай түсіндіңіздер?
3.
Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ
болса,неге?
Әр
ана мен баланың салған суреттерін
талқылауға уақыт беріледі.
7.
«Сіз балаңызды білесіз бе?»
жаттығуы. Аналар мен балаларға қаламсап
пен ақ парақ беріледі. Сұрақтар қойылады.
Сұраққа балдар өздері жауап берсе, ал
аналары балалары туралы жауап жазады.
Содан соң аналар мен балалардың жауаптары
салыстырылады.
Сұрақтар:
1. Балаңыздың еркелеткендегі аты?
2.
Балаңыздың ең жақын досы?
3.
Сүйікті пәні?
4.
Сүйіп тыңдайтын әні?
5.
Жақсы көретін түсі?
6.
Жақсы көретін мұғалімі?
7.
Сүйікті тағамы?
7.
«Аялы алақан» тренингі.
Мақсаты:
Ата-ананың баласына қаншалықты мейірім,
уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт
тауып, мейірімділікке баулу.
(баланы
дауысынан тану.)
1.
Балаңызды қалай таныдыңыз?
2.Балаңызды
тани алмаймын-ау деген қорқыныш болды
ма?
3.
Балаңызды тани алмаған кезде қандай
сезімде болдыңыз?
4.
Балаңызды қолынан ұстап тани алатыныңызға
сенімді болдыңыз ба?
8.
Кері байланыс.
«Тілек ағашы».
9.
Қорытынды.