400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің училище кезеңіндегі 1939-1940 жылдардағы түлегі Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы нақыл сөздерді пән сабағында насихаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР


Оқу орнының түлегі, Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл

Нұрғалиева Ақмарал

Ә.Нұршайықов атындағы кіші ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК ІІІ курс студенті



Алаштың білім ордасы атанған М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіміздің шежірелі тарихын зерделегенімізде халқына қалтқысыз еңбегі сіңген дара тұлғалы ғалымдар, зерттеушілер, ақын-жазушылар, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің оқып не қызмет жасағандығын білдік. Қабылданған оқу орнымыз жай оқу орны емес, халқымыздың тарихында өзіндік орны бар оқу орны екенін бұрын тек естіген болсақ, енді сол дара тұлғалы қайраткерлеріміздің жолымен жүріп өту бақыты бізге де бұйырғаны үлкен жауапкершілікті жүктейтінін сезіндік. Жауапты да құрметті жол. Лайықты студент, лайықты ізбасар болу – мақсатымыз ғана емес, парызымыз.

Оқуға қабылданған алғашқы күні бізді топ жетекшіміз Күлшат Сыздыққызы атаулы дәрісханаға алып келіп, кабинеттің кіреберісіндегі және ішіндегі жазушы Әзілхан Нұршайықов есімімен байланысты деректерді таныстырды. Кабинетке жазушы есімінің берілуін және оқу орнының 100 жылдығында өзінің қатысуымен ашылғандығын да жеткізді. Оқу орнының тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған танымал түлектері мен әр кезеңде еңбек еткен оқытушылардың есімін оқу кабинеттеріне беру туралы идея сол кездегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.А.Жанаеваныкі (қазіргі директор) екендігін, содан бері біршама игі істердің атқарылғанын мақтанышпен түсіндіріп шықты. Папкаларындағы жинақталған деректерді көрсетті. Солардың бірі – Ә.Нұршайықовтың өз қолымен Шаған Алдамжарқызына жазған алғыс хаты және өмірбаяндық жазбасы. Жазушы хатын «Құрметті Шаған қарындасым!» деген жылы лебізбен бастап, өзінің атына атаулы кабинет берілуін үлкен мәртебе санайтынын айтады. Сонымен қатар өзінің атына берілген «кластағы» оқитын балалардың бәрі де өзі сияқты отаншыл, еңбекшіл, меннен асқан азамат болса екен» деп тілей отыра, «азамат» деген сөздің астын сызып ерекшелеп қойған. Бұдан елдің ертеңін ойлар нағыз елжандылықтың айқын ізін байқадық.

«Тағзым» бағдарламасы аясында жинақталған шығармашылық папкаларда алғаш келген білім алушыларға берілетін жазушы туралы қысқаша деректер қамтылған. Келушілер қонақ кітапшасына өз пікірлерін қалдыра алады. Жазушы шығармаларының 10 томдық жинағы тізіліп тұр. Аймақта, республика деңгейінде өткізіліп жататын жазушы есімімен байланысты шаралардың электронды нұсқасы да жинақтаулы.

2000 жылы жарық көрген "Қаламгер және оның достары" деген эпистолярлық романы мен "Өмір өрнектері" атты күнделік-роман эпопеядан жазушы туралы көптеген деректерге қанығуға болады. Біріншіден, еңбекқор, ол қайда жүрсе де, шығармаға ерінбей еңбектеніп, қажетті материал жинайды. Бар уақытын жазу, оқу қаракетіне жұмсайды. Екінші қасиеті – адалдық, адамгершілік, әділдік, шындық. Әзілхан Нұршайықовтың осы қасиеттерін үлгі ете отырып, оқу орны студенттерін, барша замандастарымызды жазушы шығармаларын оқуға шақырамыз.

Ғылыми жетекшіміз К.С.Мусинаның пән сабағында және тәрбие сағаттарында Әзілхан ата нақылдарын пайдаланып, шығармаларынан үзінді келтіріп отыратынын да айта кеткім келеді. Ә.Нұршайықов шығармаларын тәрбиелеу мен оқыту үдерісінде пайдалану туралы республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-әдістемелік басылымның 2017 жылғы № 6 басылымына «Өмірін өнеге етіп келеміз», 2016ж. Облыстық «Ертіс өңірі» газетінде «Игі дәстүр- үлкен тәрбие» мақалалары жарияланған.

Кабинетте жұмыс жасайтын студенттердің кіші ғылыми зерттеу орталығы әр жыл сайын кабинеттің зерттеу қорын барынша толықтырып, түгендеп отырады. Сол себепті кіші ғылыми зерттеу орталығының әр мүшесі жоспар бойынша ғылыми жобалар, баяндамалар, буклеттер, шағын жинақ кітапшалар шығарып, өз үлестерін қосады. 2017-2018 оқу жылында «Ә.Нұршайықов шығармаларындағы нақыл сөздер», «Ә.Нұршайықов және қазақ журналистикасы», «Ә.Нұршайықов: Шұғылалы шумақтар», «Ә.Нұршайықов – махаббат жыршысы» атты тақырыптар аясында ғылыми жобалар қорғалып, баяндамалар оқылды. Әр жыл сайын дәстүрлі «Әзілхан оқулары» мәнерлеп оқу байқауы өткізіліп тұрады.

Жазушы шығармаларын зерттеумен айналысып жүрген Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің магистрі Меруерт Түсіповамен кездесу ұйымдастырылды, «Ә.Нұршайықовтың жеке мұрағат қоры – тарихи дерек көзі» зерттеу еңбегін біздің кабинетке сыйға тартты.

2022 жылы Ә.Нұршайықовтың туғанына 100 толуына орай 30 наурыз күні «Өмір өрнектері» атты ашық тәрбие сағатын ұйымдыстырдық.

«Ел үшін етер ісіңді тіріңде тиянақтап, тындырып кет!» - дейді Ә.Нұршайықов. Өмірімен өнеге болар жандардың рухы мәңгі жасайтыны хақ. Оқу орнымыздың түлегі, жазушы Әзілхан Нұршайықов есімі де ел арасында жасай бермек.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11.04.2022
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі