400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Өнегелі отбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналар жиналысын өткізу жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сагимбекова Динара Рахатовна

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №9 орта мектебі» КММ

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Ата – аналар жиналысының жоспары

Ата –аналар жиналысының тақырыбы: «Өнегелі отбасы»


Мақсаты: Баланы рухани – адамгершлікке тәрбиелеудегі отбасының рөлінің маңыздылығын аша отырып, сүйіспеншілік және дұрыс әрекет құндылықтарын дамыту.

Міндеттері:

1. Отбасындағы ананың, әкенің, баланың рөліндегі мейірімділіктің, жауапкершіліктің, жаңашырлықтың маңыздылғын талдау.

2.Отбасы мүшелерінің арасындағы жағымды қарым – қатынас жасауды дамыту.

3. Ата – анаға бала тәрбиесінің тиімді жолдарын ұсыну.

Ресурстары:

Жоспар

1.Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену»

2.Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық -педагогикалық негіздері.Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері.

3. Бала тәрбиесіндегі ата – аналардың жауапкершілігі мен атқаратын рөлі ( қыз баламен ұл бала тәрбиесі)

(слайд)

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме құрметті ата – аналар! Бәріміз ортаға шығып шеңбер құрып тұрамыз.

Менің оқыған өлеңімді іс –әрекетпен жасайсыздар.

Дөнгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықты боп иліп

Шаңырққа киліп

Кигіз үйді құрайық ( слайд)

Сіздермен біз бірігіп үлкен шаңарық құрдық.Үлкен шаңырақ біздің мектебіміз. Мектептегі оқу-тәрбие берудің бір бөлігін өзін-өзі тану пәні жалғайды. Бұл бағдарлама С.Назарбаеваның Рухани адамгершілік білім беру жобасымен үндесті. Өзін-өзі тану пәні 2010 - 2011 ж Қазақстанда жаппай енгізу іске асырылды.Рухани адамгершілік тәрбие оқушыларды мейірімділіке, сүйіспеншілікке, бірлікке шақырады.



(С. Назарбаеваның сөзімен слайд)

Топқа бөліну.

(Әр түрлі асықтар арқылы топтарңа бөлем)

1.Топ қызыл асық

2.Топ күлгін түс асық

3.Топ қоңыр асық

1.Баланың рухани адамгершілігі мол болып өсуі отбасындағы ата – анасының тәрбиесіне тікелей байланысты. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен байланысты.Бала дүниеге келген кезде ананың айтқан әлдиі, аңыз әңгімелері, ертегілері нақыл сөздері де әсер етеді. Ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген ата-бабамыз асыл сөздін кестесімен сәби жұрегін тербеп, адамгершілікке жетелеген. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,» деп бекер айтылмаған.Сондықтан бала бойындағы ізгілік, мейрімділік, қайрымдылық, яғни рухани адамгершілік жалпыадамзаттық құндылықтарды, қасиеттерді әрі қарай дамытуымыз қажет.


2.Жалпыадамзаттық құндылықтар- бұл барлық кезеңде адамдар үшін өзгермейтін құндылықтар, уақытқа бағынбайды, олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді, бір-біріне етене сіңіп, адам руханияты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайды.

Ақиқат – өткенге, бүгінге, ертеңге тәуелді емес, мәні терең, барлық жаратылысқа тән рухани бастау,ой мен сөздегі сүйіспеншілік.

Дұрыс әрекет - Отан, отбасы, қоғам алдындағы

жауапкершілік, ұждан дауысына тән мінезден шығады.

Сүйіспеншілік – адамзат өміріне тірек болатын жасампаз қуат.

Ішкі тыныштық – адамның тұңғиығы, терең табиғаты.

Қиянат жасамау – басқаларға сөзімізбен, ойымызбен, ісімізбен дұрыс әрекет жасау. Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі бір болыу керек.

Құндылықтар ағашы - (слайд бойынша түсіндіру)

Рухани деңгей - (слайд бойынша түсіндріу)


Білім беру, ойлау және түсіну үдерісі- олардың бәрі сананың ішінде болады.Санаға бес сезім мүшесі басты әсер етеді: оның ішіндегі екеуі –көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады және білім беру үдерісінің маңызды бөлігін құрайды. Сыртқы әлемнен алынған ақпарат бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға келіп түседі де, онда психоэмоционалдық реңге ие болады.Сананың эмоциялық реакциясы түпкі санаға қосымша дабыл жібереді де, өтіп кеткен әсерлердің эмоциялық мазмұынын бекітеді. Қазіргі таңда оқушы санасы теледидар экранын көрген, компьютерден алған, кей кездерде құрдастарының, ата – аналарының аузынан, жасыратыны жоқ жағымсыз ақпараттармен ластанған.Бірақ бірте – бірте бала санасын жалпы адамзаттық құндылықтардың нұрымен сәулелендіреміз. Біз өзіміздің санамызды жоғары бағыттау үшін, яғни жоғары сана деңгейінде жеткізе алу үшін ізгі ойлармен ғана ойлауды үйренуіміз қажет.

Сананың құрылымы( сурет бойынша түсіндіру)

Өмірден мысал (Терезе туралы)

Бір қалада әйелі мен ері тұрыпты. Әйелі терезеден көршінің ауласына қарағанды жақсы көреді екен, әр таң сайын:

- Осы біздің көрші кір жууды білмейді. Оның жуған киімдерін қарашы, түсі оңып кеткен.

әрі бәрі кір! –деп, көргенін еріне айтып отырады.

Ол күнде осы сөзді айтады екен. Осылай бір ай өтіпті. Бір күні күйеуіне жетіп келіп:

Көршінің жуған кірлерін қара, тап-таза! Не болғанын түсінбедім. Қызық, қандай ұнтақпен жуды екен?-дейді.

Күйеуі күліп: Әр күн сайын бір сөзді ести бергеннен жалықтым да, бүгін біздің терезені жудым. Терезе кір болатын, сондықта н жуылған кірлер таза болып көрінбейтін. Бүгін біздің терезе таза, сондықтан жуылған кірлер саған ақ және таза болып көрініп тұр!-деп жауап береді.

Сұрақ :

1.Кунделікті ұйықтар алдында бір кунгізге, істеген ісіңізге есеп беріп көрдіңіздерме?

2.Рухани деңгейге жетіу үшін қандай іс –әрекет жасар едіңіздер?

Түйін: Біз балардың санасына жағымды ойлармен нұрдың, сүйіспеншіліктің, мейрімділіктің тамшыларын толтыру арқылы дұрыс әрекет жасауға бағыттаймыз.

3.Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса – үйде тыныштық болады;Үйде тыныштық болса – мемлекетте тыныштық болады.Мемлекетте тыныштық болса – әлемде тыныштық болады. Психиатрлар баланың нәрестелік кезеңінен 5-6 жасқа дейінгі кезеңдегі дамуының өте маңызды екенін баса айтады.Бұл кезде ата-ананың баланың ақыл-ой дамуына әсері өте күшті. Баланың махаббаты таза, риясыз. Олар өздерінің ата-аналарын бар жан-тәнімен жақсы көреді және оларға еліктейді. (кейбір келеңсіз мінез-құлықтарынада).Кей-кейде балалар ата-аналарының тілін алмайды.Бірақ-та олардың мінез

құлықтарын, іс-әрекеттерін зер сала бақылайды. Бұл балаларға үлкен әсер етіп, ықпалын тигізеді.

Ата-аналар өз балаларына білім беруге, білім алуына жағдай жасауға талпынады. Бір-ақ оларды балаларының қандай білім алып жатқаны онша алаңдатпайды.Білім балаларға жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге, бойына сіңіруге қызмет етуі тиіс.

Академиялық білім білім алушыға өмір сүру үшін табыс табуға үйретеді. Алайда, білім тек қана өмір сүру үшін пайда табуды ғана көздемеуі керек.Білім білім алушыны өмірде кездескен қиыншылықтарға қарсы тұруға рухани, адами тұрғыда дайындауы керек.

Балалардың мінез –құлқына әсер ететін ата – аналардың қарым қатынас типтері.(слайд)

  • Орынсыз қамқорлық (бала ата-анасының орынсыз қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өз бетімен шешім қабылдай алмайды).

  • Орынсыз жұмсақтық (көнгіштік) (баланың мінез-құлқын бүлдіреді, басқаларға түсіністікпен қарамайды)

  • Орынсыз қорқыныш, үрей (баланы мазасыз етеді, тіпті психосоматикалық ауруларға апарады).

  • Жоғары талаптар қою (балалар сасақалақ, жабырқаңқы, тұнжыраңқы болып, сәтсіздікке ұшыраймын деген сезім басым болады)

  • Кемсіту, елемеу (мұндай сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу-ыза басым, қызба болады. Өсе келе түрлі қылмсыс, зорлық-зомбылық жасау, нашақорлық сияқты келеңсіз жағдайларға бой алдыруы мүмкін).

  • (Бейнероликтен үзінді ұл бала мен қыз бала тәрбиесі жеке парақтарға шығарып таратам)

5.Мұғалім сыйы «Әке маған бір сағатыңызды бөліңізші» (бейнебаяан көрсету,youtube.com)

Жұмыстан шаршап-шалдығып үйге жеткен әке 5 жастағы баласының есіктің алдында күтіп тұрғанын көреді. Баласы әкесіне еркелеп:– Әке, бір сағатта қанша ақша табасыз? – деп сұрайды. Онсыз да жұмыстан қатты шаршап келген әкесі жақтырмай былай дейді:

– Онда сенің шаруаң болмасын.
– Әке, айта салыңызшы.
– Білгің келіп тұрса, айтайын. Мың теңге .
– Маған 500 теңге қарыз бере аласыз ба? – дегенде әкесі қатты ашуланып:
– Дәл қазір сенің түкке тұрғысыз ойыншықтарыңа беретін ақшам жоқ. Қане, басты қатырмай орныңнан тұр да бөлмеңе бар, – деп зекірді.

Баласы сөзге келместен бөлмесіне кіріп кетті. Ал, әкесінің біраздан кейін шаршағаны басылып, ашуы тарқайды. «Оған ақша неге керек болды екен, мүмкін шынымен бір нәрсеге қажет болған шығар» деп ойлайды да баласының бөлмесіне кіреді. Баласы бүк түсіп жатыр екен. Әкесі ақырын ғана:

– Ұйықтап қалдың ба? – деп сұрайды.
– Жоқ, әлі ұйықтаған жоқпын.
– Мә, сұраған ақшаңды ала ғой. Бүгін жұмыста қатты шаршағандықтан, сені ренжітіп алдым-ау,– дегенде балақай қатты қуанып:
– Рахмет сізге, әкетай, – дейді де жастығының астынан мыж-мыж болған ақшаларды жинай бастайды. Мұны көрген әкесі тағы да ашуға басып:
– Ақшаң бола тұра, неге сұрадың? – дейді.
– Бұлар саған беруге аздық етеді, – деді де ақшаны әкесіне ұсынып:
– Міне, 1000 теңге. Енді, маған бір сағат уақытыңды бөле аласың ба?!– дегенде әкесі ұялғаннан қып-қызыл болып кетт

Сұрақ:

1.Осы бейнебаяннан дұрыс әректі тауып көріңіздерші?

2.Отбасында бала тәрбиесіне калай көңіл бөлесіздер?

3.Бейнебаяннан алған әсерлеріңіз?

3. Өзіңіздің басыңыздан өткен, балалық шағыңыздан ескерілетін жағдайды айта аласыз ба?

Түйін:Ендеше құрметті, ата – аналар балаларымызға, күніне азда болса уақытымызды бөліп , сүйіспеншілік пен мейрімді бала жүрегіне төгіп, қамқорлық пен жауапкершілік, ата – ана парызы екенін ұмытпайық.

6.Шығармашылық жұмыс.

1.Топ Отбасындағы құндылықтар (Тілек ағашы)

2.Топ Отбасындағы ең қызықты оқиғалар

3.Топ Ситуациялық жағдаят ( алдарына таратылып беріледі)

1-жағдаят.  Алақай,  мен  бес алдым!

Мұғалім бізге не  айтқанын білесің бе?- деп сынып  оқушысы  өзінің  алғашқы  жетістіктері  жайында қуанышы  қойнына  сыймай  анасына  айтып  жатыр. Бірақ  күндер  өте  береді « Алақай,  бес  алдым»  деген  баланың  қуанышты  сөздері  сирек  естілетін  болды.

Сіздің  ойыңыз  қандай?

2-жағдаят.Қызы  мектептен келіп анасына:

«Сізге  мңызды  бір  нәрсе  айтқым  келеді»  десе  анасы: « Сенсіз де  басым басым  ауырып тұр, мазамды  алма»  депті.

Сіз не  деп жауап  берер  едіңіз?

3 -жағдаят.  Сіз  балаңызға  дүкенге  барып  келуін  өтінесіз  ол «ән  тыңдап  отырмын»  деп  барудан  бас  тартты.

Не  істер  едіңіз ? (слайд)

Сұрақ:

1.Жалпыадамзаттық құндылықтардың қайсысын бірінші орынға қояр едіңздер?

2.Бейнебаяннан қандай ой түйдіңіздер?

Түйін:  Жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.Бала тәрбиесінде әр кезде сүйіспеншілік пен тәртіп керек.



7.Үйге тапсырма

Балаңызды үйге барған соң әр күн сайын тоғыз рет құшақтап, оларды қаншалықты жақсы көретініңізді айтыңыз.

Топпен ән айту. «Жанұя» Қ.Нұртас

Ой ойлаткан талай-талай өтті күндер алыс,
Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз.
Өз үйіміз бір отан береке, 
Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге
Қайырмасы:
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.
Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің,
Тосу менен өтті талай күнім менен түнім.
Шаршап келсем жұмыстан мен үйге,
Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім
Қайырмасы:
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.
Жанұяның бір қызығы арадағы бала, 
Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә.
Жастайымнан еркелетіп өсірген,
Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана!
Қайырмасы:
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.

Жиналысқа жалпылама түйін жасау:(слайд)

Қорыта айтқанда ата- ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге ақиқатты айтып, дұрыс әрекет жасауға үйретесіздер.

«Балаға сіңірген ата – ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды.Балаға деген махаббат ешбір махаббатқа

теңесе алмайды, ол өле- өлгенше суынбайтын махаббат.»

(слайд)

Ғабиден Мұстафин


(Анкета толтыру)





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
711
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі