400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өнер алды - қызыл тіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Өнер алды - қызыл тіл Сайыс сабақ Бастауыш сынып мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне арналған сыныптан тыс жұмыстар . Бастауыш сынып оқушылары үшін логикалық ой -өрістерін дамытуға ,шапшаңдыққа ,жылдам , дер кезінде жауап қайыра білу мақсатымен ұйымдастыруға арналған іс- жоспар ретінде жариялауды мақсат еттім . Іс -тәжірибелермен алмасып отыруға шақырамын .Іске сәт қадірменді жаксы адамдар !
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Өнер алды –қызыл тіл » 2- сынып
Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата – бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт - дәстүрлі сыйлауға баулу.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, «Өнер алды – қызыл тіл» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шыңдайды.
«Өнер алды –қызыл тіл» ойынымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырып кетейін.

Сайыс кезеңдері:

1.Өткел 2. Белес 3. Бекет 4. Асу

5. Мағынасын тап 6. Білгенге маржан 7. Мәре

I Бөлім

«Өткел» кезеңі


1 тур. 1 - айналым.
Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Ең аз ұпай алғандары ойыннан шығады.
Оқушыларға тақырып таңдау.

Осы тақырып бойынша қанша мақал-мәтел білетінін көрсету
1. Отбасы 2. Отан 3. Білім 4. Еңбек 5. Тіл
6. Әдептілік 7. Ерлік 8. Достық

II Бөлім

«Белес» кезеңі

Бұл кезеңде мақалдың бірінші жолы айтылады жалғасын оқушылар табады әр топқа 3 мақалдан айтылады.


1.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды


2.Сәуір келсе күн күркірер,

Күн күркіресе көк дүркірер


3. Егіннің жайын еккен білер,

Арбаның жайын жеккен білер


4.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды карнын тіленбей


5.Туған жердің қадірін,

Шетте жүргенде білерсің


6.Отан үшін күрес,

Елге тиген үлес.


7.Ата көрген оқ жанар,

Ана көреген тон пішер


8.Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.


9.Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.


10.Ақыл көркі тіл,

Тілдің көркі ақыл.


11.Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді


12.Балам балым,

Баламның баласы жаным.


III Бөлім

«Бекет» кезеңі.

Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады әр топ оз жауаптарын айтады, әр топқа 3 жұмбақтан жасырылады.


1.Шыңдары шырқау,

Көшіп жүр бір тау.

( түйе )


2.Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді

(Қар)


3.Желден желігеді,

Судан шегінеді.

(От)

4.Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.

(Су)


5.Өзімнен өзгенің бәрін көремін.

(Көз)

6.Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.

(Қоян)


7.Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем.

(Жер)


8. Бір үйге көзсіз бас сұғасың,

Бұл үйде көреген боп шығасың. (Мектеп)


9.Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер.

(Қол)


10.Білімнің нәрін тереді,

Балаға тәлім береді.

(Ұстаз)


11.Теңіздей түбі терең ,

Сүңгіген жетер әрең.

(Білім)

12.Иісшіл -ит емес ,

Ұшады -құс емес.

(Шыбын)

IV Бөлім

«Асу» кезеңі

Бұл кезеде топтарға мақалдардың орындары ауысқан күйде беріледі ,әр топ ауысқан сөздерді дұрыстап айтады.

1. Құрмет, тілге, құрмет, елге

Тілге құрмет, елге құрмет.


2. Жарады тас, тіл жармаса тас, жарады бас.

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.


3. Іледі ұяда, соны ұшқанда, не көрсе.

Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.


4. жерде, ұлт, жоқ, жоқ тіл.

Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ


5. Жеті білім, тілін жеті біл, тілің түрлі жұрттың.

Жеті жұрттың тілің біл, жеті түрлі білім біл.


6. Кеме, мектеп, - теңіз білім.

Мектеп кеме – білім теңіз.


7. Алды, тіл – өнер қызыл.

Өнер алды - қызыл тіл.

8. тіл, жоқ, кеспек, кеспек, бас, бар.

Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.


9. Күндей, ай мен жақсы, бірдей әлемге

Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей.


10. Жаман, сабағы, ағаштың, жаман жемісі де.

Сабағы жаман ағаштың, жемісі де жаман


11.Білмейтіндер еместілін, мәңгүрт тілін білгісі келетін.

Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.


12. Ел өлген тіл- ел өлген тірі.

Тілі өлген ел - тірі өлген ел..

V Бөлім

«Мағынасын тап»

Бұл бөлімде әр топ сөздің мағынасын толығымен ашып түсіндіреді.Әр топқа екіден сұрақ қойылады.

1. Жүрегім ауызыма келді (Қорқу)

2. Бармағын тістеп қалды.

(Өкіну)

3. Қоян жүрек.

(Қорқақ)

4. Төбе шашы тік тұру.

(Қатты шошыну )

5. Жүрек жұтқан.

(Батыр)

6.Беттен оты шығу (Ұялу)

5. Телміру

(Ұйып, қозғалмай тыңдау)

6.Жүрек жалғау (тамақтану)


VI Бөлім

«Білгенге маржан»

Бұл бөлімде тақтада суреттер көрсетіледі осы суреттер бойынша мақал мәтел айтады.

1.Отансыз адам- ормансыз бұлбұл. 2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

3.Ананың сүті бал, Баланың тілі бал 4. Отан оттан да ыстық 5.Өнер ағып жатқан бұлақ,

Ілім жанып тұрған шырақ

6. Ағаш көркі — жапырақ,
Адам көркі — шүберек.

7.Отан –отбасынан басталады.

8.Жүз теңгең болғанша ,жүз досың болсын


VІI Бөлім

«Мәре»

Топ басшыларының сайысы

Расул Ғамзатов

Егер тілім (ертең ) болса құрымақ

Мен дайынмын өлуге де бүгін –ақ



( Ертең –завтра . tomorrow~

(Жүсіп Баласағұн)

2 . Ақылдың көркі –тіл .

Тілдің көркі – ( сөз ) слово , word~

3. Асыл сөзді іздесең ,

Абайды ...... ерінбе (С. Торайғыров )

(Оқы , читай .read

4. Тәрбие басы - - .....

(Тіл , язык , language

5. Ана тілің – арың бұл ( Қ . Мырзаәлі )

Ұятың болып тұр ...... ( Бет , лицо , face

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

Тіл ..... жарады , ....... жармаса бас жарады

Тас , камень stone

Құлақ , Ухо ear

Human -адам –человек

Халық – народ –реорle




Ән : Тәуелсіз ел ұраны



Қорытынды.


«Өнер алды- қызыл тіл . Ой толғаған сырлы тіл» деп Абай атамыз бұл шумақ өлеңде қазақ халқының салт-дәстүрін ,тілін меңгеруге және қазақ тілі өзінің даласындай бай екендігін көрсете білді .

«Тіл- халықтың жаны,сәні , кескін –келбеті» дейді .Өйткені өмірлік қоғамда халықтың негізгі қарым-қатынас құралы болып табылғандықтан ,тіл халықпен бірге дамиды және өркендейді . Біздің ел басымымыз Н. Назарбаев былай деген : «Мемлекеттік тілді игеру –әр азаматтың борышы» деген . Сол себепті қазақ тілінің құдіретін , мәртебесін көтеру басты борышы болып табылады .Сондай- ақ Елбасымыздың : « Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс .Бұлар : қазақ тілі- мемлекеттік тіл , орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі –жаҺандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын . Алайда « Өз тілің – бірлік үшін . Өзге тіл – тірлік үшін» деп бекер айтпаса керек .Сондықтанда көп тілді білу заман талабы болсада өз мемлекетіміздің бірлігі үшін , өз тілімізді қастерлей білуіміз керек !

Өзге тілді білу – мақсатың , ал өз ана тіліңді құрметтеу –міндеттің .







2-сынып жетекшісі : Оразбекова Ж .А










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2550
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі