Тақырыбы: “Жұлдызды жұп” өнер
байқауы
Мақсаты: Еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесін
тойлай отырып, халқымыздың қол жеткізген жетістіктерін паш ете
отырып, жастарымыздың бойына ұлттық рух, Отанға, еліне деген патриоттық
сезімін қалыптастыру және аға буынның өнерін
үлгі ету.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакаттар,
шарлар, музыкалық құрылғылар.
Ұйымдастырушы: Қоғамдық-гуманитарлық пәндер
бірлестігі
Жүргізуші 1:
-Қуан далам! Қуанатын күн
бүгін
Серпіп таста мұнды жүрек
түндігін.
Құттықтаймыз, мерекелі
Қазақстан,
Тәуелсіздік атыменен біз
бүгін.
Жүргізуші 2:
- Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады,
Сан армандар іске асты ойыңдағы.
Терезесі тең елдер қатарында
Салтанатпен өтуде тойың — дағы.о
Жүргізуші 1:
-Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және
қадірменді қонақтар! Тәуелсіздігіміздің 30
жылдығына арналған мектебіміздің
қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен өткелі
отырған «Жұлдызды
жұп» өнер
байқауына
қош келдіңіздер!
Жүргізуші 2: - Бүгінгі байқау басқа байқаулардан
өзгеше болғалы отыр. Себебі бүгін сіздердің алдарыңызда
ұстаз-шәкірт бірлесіп, өнердің күшімен егемендігіміздің қаншалықты
қымбат әрі баға жетпес зор жеңіс екенін насихаттайды. Өнер додасына
ән, би, мәнерлеп оқу, өз шығармашылығы, спорт-шоу бағыттары бойынша
мектебіміздің әдістемелік пән бірлестік мүшелері оқушыларымен сынға
түспекші.
Жүргізуші 1: Тәуелсіздік- ақ білектің күшімен, ақ
найзаның ұшымен бабаларымыздан келген ұлы жеңіс. Бізге және болашақ
жастарға міндеттелген аталарымыздың баға жетпес аманаты. Олай
болса, тағы да Егемендігіміз еңселі болсын дей отырып, ортаға
қатысушыларды шақыруға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші 2: - Мектебіміздің
бастауыш сынып бірлестігінің мүшелері: 1.Мақпал Мүдіресқызы
шәкірті, 3-сынып оқушысы Марат Әскермен! 2.Ақтолқын Исағалиқызы
шәкірті, 2-сынып оқушысы Жомартқызы Таһминамен, қарсы
алыңыздар! 3.Гүлайым Қамидоллақызы
шәкірті, 4-сынып оқушысы Салауатұлы
Бекзатпен!
Жүргізуші 1: - Жаратылыстану-математикалық пәндер
бірлестігінің атынан келген ұстаздарымыз және оқушылары: 1.Биология
пәні мұғалімі Болатбек Ғайноллаұлы және 10-сынып оқушысы Мұратов
Армат! 2.Физика пәні мұғалімі Жомарт Есқазыұлы және 10-сынып
оқушысы Ахметова Айжанар
Жүргізуші 2: - Шығармашылық пәндер бірлестігінің
мүшелерін ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер! 1.Музыка пәнінің
мұғалімі Айгүл Бахниязқызы “Гүлдер” бишілер тобымен
ортада!
Жүргізуші 1: - Қоғамдық-гуманитарлық пәндер
бірлестігінің мүшелері - сахнада! 1.Орыс тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Дараш Әбділдәқызы және 10-сынып оқушысы Утешова Аягүл!
2.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Әбілтайқызы мен 5 - сынып
оқушысы Нұрланқызы Салтанат! Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
3.Жанболат Төлегенұлы және 5-сынып оқушысы Бақыт Ақбаян! Қарсы
алыңыздар!
Жүргізуші 2: - - Бүгінгі өнер сайысына
қатысушылардың өнері саралап,байқаудың өту барысына баға берер әділ
қазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер: 1. Мәдениет
үйінің басшысы - Ахметова Күміс Жалғасқызы 2. Мектебіміздің
өзін-өзі басқару ұйымының оқу министрі - Сәлімгерей Сабина
3.Мектебіміздің психологы - Абдрахманов Мерхат Саматұлы Байқау 3
бағалау критериймен 10 балдық жүйемен бағаланатын болады.
1.Тақырыптың қамтылуы; 2. Орындау шеберлігі; 3. Киім үлгісінің сай
болуы.
Тренинг
Жүргізуші 1: - Биыл Қазақстан Республикасының
тәңір берген сыйы, азаттығымыздың 30 жылдығы. Осы 30 жылдыққа
алғашқы нық қадам 1991 жылдың 16-желтоқсанында жүзеге асырылды.1992
жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі
атанды. Бұл біздің еліміздің даңқын арттыра
түсті.
Жүргізуші 2:
- Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына,-дей отырып ортаға бастауыш
сынып мұғалімі Ақтолқын Исағалиқызы мен Жомартқызы Таһминаны
шақырамыз. Олардың орындауында : Ән. “Тәуелсіз ел
ұланы”
Жүргізуші 1: - Отыз жыл ішінде еліміз өз
шекарасын бекітіп, рәміздерін асқақтатып, алпауыт елдермен
қарым-қатынасын нақтылап , терезесі тең , керегесі кең ел болды.
Осы жолдарды жүріп өту барысында еліміз қаншама қиындықтар мен
қатар , қуаныштарды бастан өткерді. Мәдениет пен экономика,
сауда-саттық дамыды.
Жүргізуші 2: - Әсіресе атап өтетін жайт
Елбасымыздың ұлттың денсаулығы мен қауіпсіздігін бірінші орынға
қойып, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қоюы еді. Осы іс
бұл ауырлығы мен қайғысы мол зұлматты біржола тоқтатты. Биыл Семей
полигонының жабылғанына 30 жыл толып отыр.
Жүргізуші 1:
-Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам,- деп ұрандаған келесі
қатысушыларымызды сахнаға шақырсақ. Әні Думан Байтілеуовтікі, сөзі
Мұнайдар Баймолданікі. Ән -“Тәуелсіздік тірегім” Орындайтын
-бастауыш сынып мұғалімі Гүлайым Қамидоллақызы және 4-сынып оқушысы
Салауатұлы Бекзат!
Жүргізуші 2: - 1997 жылдың 20 қазанында
Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде
жарияланды. 1998 жылы Елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді. Жаңа
астанамыз еліміздің бас қаласы атанып гүлденіп, қазіргі таңда Азия
жеріндегі ең әдемі қалалардың бірі айналды.
Жүргізуші 1:
- Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім! Ортада Мақпал Мүдіресқызы
шәкірті, 3-сынып оқушысы Марат Әскермен! Мәнерлеп оқу. Саят
Куланкыпшак “Крылатый орел”
Жүргізуші 2: - 2017 жылы асқан өнерлі өнер
саңлағы Димаш Құдайбергенов алдымен Қытай Халық Республикасындағы
Singer 2017 байқауында топ жарды, онымен тоқтап қана қоймай
Қазақстанымызды , еліміздің мәдениеті мен сан жылдар бойғы дәстүрін
әлемге таныстырып, паш етті. Бұл оқиға еліміз үшін айтулы
оқиғалардың біріне айналды.
Жүргізуші 1:
- Қазақстан дейтін
менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл
даланы анам жаспен суарған
Бұл
далада атам қолға ту алған,
Бұл
даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ
арман! -Келесі кезекте ортаға
музыка пәнінің мұғалімі Айгүл
Бахниязқызы мен “Гүлдер” бишілер тобын шақырамыз. Қазақ биі “
Тәуелсіз елім жасасын!” Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші 1: - Осынау мерекемен бірге биылғы жылы
еліміздің біртуар,асыл азаматтары мен данагөй дара тұлғаларымыздың
мерейтойлары тұспа тұс кеп отыр. Атап айтсақ, жазушы
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Ыбырай атамыздың 180 жылдығы,
данышпан ақын Жамбыл атамыздың 175 жылдығы, күйші Дина әжеміздің
160 жылдығы, алаш қозғалысының белді мүшесі,ғалым Ә.Бөкейханұлының
155 жылдығы, ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығы, әдебиетші
журналист Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығы республика көлемінде
тойланып жатыр.
Жүргізуші 2: - Сахнада Орыс тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Дараш Әбділдәқызы және 10-сынып оқушысы Утешова
Аягүлдің орындауында Орыстың ұлы жазушысы Александр Пушкиннің
шығармаларынан үзінді. “Евгений Онегин. Письмо
Татьяны”
Жүргізуші 1:
- Сол
күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады,-деп
Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ
халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан
кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына
кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Жүргізуші 2: -Сахнада биология
пәні мұғалімі Болатбек Ғайноллаұлы және 10-сынып оқушысы Мұратов
Армат! Қалқаман Сарин. “Тәуелсіздік”
Жүргізуші 1:
-16 желтоқсан – тәуелсіздік
алған күн,
Ерекше боп ел жанында қалған
күн
Жасай берсін ұлы күн үміті боп
елімнің,
Желбіресін көк туы –нағыз көркі
жерімнің!
Мәңгі болсын, баянды
болсын 30
жылғы
ғұмырың!
Құтты болсын, мықты болсын
Тәуелсіздік тұғырың! Ән Орындайтын
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Айгүл Әбілтайқызы мен 5 - сынып оқушысы Нұрланқызы Салтанат! Әні -
Е.Хасанғалиевтікі, сөзі -Қ.Мырзалиевтікі.Ән
“Атамекен”
Жүргізуші 2: - Бүгінде біз
тойлап отырған тәуелсіздік оқайлықпен келмегенін бәріміз де
білеміз. Ел тарихының ортасынан ойып орын
алатын 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі
сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға
шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті, азаттық үшін қыршындай
өмірін қиды. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң
қабылданды.
Жүргізуші 2:
--Ел
болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды
танып.
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп,
қанат жайып.
Жүргізуші 1:
-Тәуелсіздік — ту көтерген жеңісің,
Өмір бойы өзің жейтін жемісің.
Ата — бабаң тірлігінде аңсаған,
Құт береке,бейбіт өмір келісім. Ән “Ана туралы жыр” Әні
-Ш,Қалдаяқов, Сөзі-Ғафу Қайырбеков Орындайтын физика пәні мұғалімі
Жомарт Есқазыұлы және 10-сынып оқушысы Ахметова
Айжанар!
Жүргізуші 1:
-Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз
үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен»
батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар
жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының,
сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан
жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген
Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей білуге тиістіміз.
Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық
борышымыз.
Жүргізуші 2: Келесі ортаға жас ақындар, бүгінгі
мерекеге өз шығармашылықтарын - жүрекжарды жыр шумақтарын алып
келген -Жанболат Төлегенұлы және 5-сынып оқушысы Бақыт
Ақбаян!
Әділ-қазылар алқасына сөз
беріледі.
Жүргізуші 2:
-Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын,
біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл
тіл.
Жүргізуші 1:
-Т –
білдіреді теңдікті,
Ә - әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
К – дейді күн боп
көктегі. Олай болса,
Тәуелсіздік тәу болсын,егемендік берік болсын. Тамашалағандарыңызға
рахмет!