400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өнер білім бар жұрттар... 5 сынып Т2 сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы.Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар» өлеңінің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру. Мәліметтерді жинақтай отырып постер жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тексерген директордың орынбасары:


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 10

Компьютердің тілін табу-өнер

Мектеп: №45 мектеп-гимназиясы

Күні: 11.03

Мұғалім: А.Б.Мейрбекова

Сынып: 5 «В»

Қатысқандар: 18

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Ы.Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар» өлеңі



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О.5.3.4.1. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

Ж. 5.4.4.1. Мәліметтерді жинақтай отырып постер жасау.

Сабақтың мақсаты

Ы.Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар» өлеңінің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

Мәліметтерді жинақтай отырып постер жасау.

Бағалау критерийі

Ы.Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар» өлеңінің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстырады.

Мәліметтерді жинақтай отырып постер жасайды.

Тілдік мақсаттар


терминдер мен сөз тіркестері: арба, дүниені кезу. танықтай, бәйге\ көзді ашып жұмғанша\ құстай, балықтай\ желкілдеп\ «өнер – жігіт көркі» т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ы.Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер?

«Өнер білім бар жұрттар» өлеңінің мазмұны мен идеясы неде?

Жастарға үміт арту себебі неде деп ойлайсыңдар?т.б.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Компьютердің тілін табу - өнер


Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық жағымды ахуал орнату

«Ішкі- сыртқы шеңбер» әдісі арқылы өткен тақырыппен жұмыс.

«Адасқан сөздер» әдісі арқылы сабақтың оқу мақсатына құрылған сөдердің орнын әдейі ауыстырып беремін. Мақсаты: Оқу мақсатын айқындау.

Сонымен, балалар, қандай оқу мақсаттарына қол жеткізуіміз керек екен?

Қандай табыс критерийлеріне қол жеткізуіміз қажет?

Өлеңнің тақырыбы мен мазмұндық құрылымы қалай салыстырылады? т.б.














Сабақтың ортасы

5 минут









10 минут


























5 минут











10 минут


Оқылым алды тапсырмасы.

«Болжау стратегиясы»

1.Ы.Алтынсаринді тек ақын ретінде танимыз ба?

2.Осыған дейін қандай өлеңдерін білесіңдер?

3.Өнер- білім тақырыбында тағы кімнің өлеңін еске түсіре аламыз ?

Дескриптор:

- сұрақтарға жауап береді.

- Дұрыс жауап ортада талқыланады.

Ж. Оқылым тапсырмасы.

Ы.Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар», «Кел, балалар, оқылық» өлеңдерін мұқият оқыңыз.

Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстырыңыз.

Венн көрсетуі

«Өнер білім бар жұрттар» «Кел, балалар, оқылық»

Shape2 Shape1




- Екі өлеңді мұқият оқиды.

- Өлеңдердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстырады

Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Сергіту сәті

«Мен не сыйлаймын?»

Мен бір әріпті көрсетемін, оқушылар сол әріптен келетін сыйлық ойлап табу керек. Мысалы: А – әрпі. Мен досыма айна сыйлаймын.

Әріптер: А, С, Т, Д, Е, Қ, М, Б, Р, Ә


Талантты, дарынды оқушылар

(ресурс бойынша) Ы.Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар» өлеңін А.Құнанбаевтың «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» өлеңімен салыстырады.

Қабілеті әртүрлі оқушыларға көпірше ретінде:

Екі өлеңнің тақырыбынан ұқсастық көруге бола ма? Мазмұндық құрылымынан ұқсастықты қай шумақтан көруге болады?..Айырмашылықты ше? Өлең кімге арналған?

Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға көпірше ретінде ұсынылады:

Оқуға\ өнер- білімге \ шақырады\ ..

Жасөспірімдерге, \үлкен адамдарға арналған\

Өнер білімді елдерді үлгі еткен. Үлкен қала\ телефон\ пойыз ..

3- тапсырма

Жазылым тапсырмасы

Ы.Алтынсариннің « Өнер білім бар жұрттар», «Кел, балалар, оқылық» өлеңдеріндегі тілдік құралдар бойынша мәліметтер жинақтай отырып, постер жасау. Сөз кестесі

« Өнер білім бар жұрттар

теңеу




«Кел, балалар, оқылық»

Жартылай

арнау




- Ы.Алтынсариннің « Өнер білім бар жұрттар», «Кел, балалар, оқылық» өлеңдеріндегі тілдік құралдарды анықтайды.

- Өлеңдердің тілдік құралдары бойынша постер жасайды.

ҚБ. Топ өзара бірін- бірі критерийлер арқылы бағалауы.

Саралау:

Талантты, дарынды оқушылар : өлең мазмұнын көркемдік, тәрбиелік.. мәнін саралайды. (тапсырма бойынша)

Қабілеті әртүрлі оқушыларға көпірше ретінде:

Троптар\ көркемдегіш- бейнелегіш тәсілдер, т.б.

Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға көпірше анықтамалары ұсынылады:

Теңеу – көркемдеп суреттеуде затты, құбы лысты екінші бір затпен, құбылыспен са лыстырып бейнелеу.

Эпитет – заттың, құбылыстың сипатын, са пасын айқындайтын суретті сөз. Эпитет болатын сөз – сын есім, кейде зат есім, есімше, көсемше етістіктер арқылы затты анықтайтын сөздер...

Қазақ тілі (5-cынып, Бәйшешек, 2017 ж)






























Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау

«ПОПС» формуласы бойынша оқушыларға өз ойларын айтқызады. Қорытынды пікір айту.

Менің ойымша, ... »

• «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

Рефлексия: Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

Өздеріңе қандай ақпараттар алдыңдар?

Сендерге не қиын болды?

Үйге тапсырма: 5-тапсырма. Мәтіндегі қою әріппен жазылған сөздерді аудармасымен дәптеріңе жазып ал.

Бағалау.

«Бес саусақ» тәсілі арқылы кері байланыс жасау.

Оқушылар параққа өз қолдарын салып, сұрақтарға жауап береді.

Бас бармақ - Сабақтағы ең құнды мәселе

Балан үйрек - мен жеке, жұппен қалай жұмыс жасадым?

Ортан терек - Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек - Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек - Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау










Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?







Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
1823
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі