400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

`Өнер мен білімге құштар ұрпақ" сыныптан тыс іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш бірлестігінің ашуылуы, мектепалды даярлық және 1-4 сыныптар
Материалдың қысқаша нұсқасы











Сыныптан тыс іс -шара





Тақырыбы: «Өнер мен білімге құштар ұрпақ!»











Өткізген: Дүйсен Г.

Жанзақ Л.А













«Өнер мен білімге құштар ұрпақ!»

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Өнер мен білімге құштар ұрпақ!»-атты апталығымыздың ашылуына байланысты сыныптан тыс іс шарамызға қош келдіңіздер! Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын бастауыш екені бәрімізге мәлім. Ең алғаш әріпті танып, оқуға санауға, есептеуді үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз. Осы кезеңдегі алғашқы ұстаздарымыздың орны ерекше. Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға– деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы сіздерге бүлдіршіндеріміздің тәп-тәтті, сүйкімді сыңғырлаған дауыстарымен сіздерге арнап айтатын әсем әніне береміз. «Ұстаз ана» әнімен Айару, Файза, Арайлымды ортаға шақырамыз.

Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз

Жүр: Оқушылар қазір жылдың қай мезгілі?

Оқушылар: Күз

Жүр: Күз айларын білесіңдерма? Қандай?

Оқушылар: Иә

Жүр: Қане күз айлары туралы тақпақтар білеміз бе? Амина, Саяна, Нарғыз

Қыркүйекпін мен деген,

Біледі жұрт атымды

Жапырақтар сарғайып,

Қоңыр салқын жел тұрды

Ал мен жүрмін жарқылдап,

Күні-түні жоқ тыным.

Бір СЫЙЛЫҒЫМ — алтын бақ,

Бір СЫЙЛЫҒЫМ — көп білім. Амина

Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты.
Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп,
Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен – қазан айы. Саяна

Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық,
Қараша өрледі, қараша ән салып.
Күн суытып барады, малдар қолға қарады,

Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз.Нарғыз

Жүр: Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Оқушылар: .............

Ослай болса, кезекті Даярлық сыныптың биші қыздарына береміз. «Кап-кап, тук-тук» биі.

Ал оқушылар, күз туралы тақпақ кім айтып береді.

Медина, Аяулым, Әсия, Айкөркем

Ұрпақты жалғастырар бала бағың

Күлкісімен келтірген өмір сәнін

Бүгінгі мерекеде сіздерге арнап

Бар өнерін көрсетсін балаларың.

ӘН: Жұмахан Адияны «Қазақстан» әнімен қарсы алыңыздар.







Балалар біздің отанымыз қалай аталады?

Сендер қайда тұрасыңдар?

Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары,
айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар.

«Отан Отан отбасынан басталады» — деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті –
оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Оқушыларымыздың Отан, Туған өлке, Тіл туралы тақпақтарына кезек берсек. Мадина, Асылхан, Файза, Кәусар

Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.
Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң.

Өнерге білімге ұмтылған бүлдіршіндеріміздің тақпақтары таусылар емес. Олай болса кезекті «Ғылым таппай мақтанба» өлең жолдарымен Мейіржанды шақырамыз.

Жүр: Ұлан байтақ қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

Орталарыңызда «Джентльмен» биімен жігіттерімізді қарсы алайық!

Жүр: «Бала дегеніміз -болашақ» дегендей «Адамның бір қызығы бала деген»-деп Абай атамыз айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең.

Балалар сендер өздеріңді бақытты балдырғанбыз деп ойлайсындар ма?

Оқушылар: Иә

Ол сұлу қыздарымызды «Біз бақытты баламыз» әнімен қарсы алыңыздар.

Тыныштық баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз-дей

Қымбатты ұстаздар, балдырғандар! Бұлтсыз күн, ашық аспандай , нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балдырғандарымыз бейбіт өмір сүрсін.

Осымен балаларыңыздың сіздерге арнаған мерекелік концерті аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.02.2025
159
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі