жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өнер пән бірлестігінің апталығының ашылуы
Өнер пәндер апталығының ашылуы
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек өнерден алынар,
Өнерменен аспанға жол салынар –
1-жүргізуші:Қайырлы күн! Таңмен таласа оянып білім алуға асыға басып мектепті бетке алатын барша оқушылар мен аяулы ұстаздар!.
2-жүргізуші:Армысыздар ардақты алқалы жұрт !
1-жүргізуші: «Өнер- ұлттың асыл қазынасы» атты өнер пәндер бірлестігі апталығының ашылуына қош келдіңіздер!
2 жүргізуші : -Өнер пән бірлестігінің 10 күндік апталығы мамыр айының алғашқы күндеріндегі мейрамдармен тұспа тұс келіп тұр Енді санаулы күндерден соң мамыражай мамыр айы да есігін айқара ашады. Ал, бұл ай бір-бірімен іркес-тіркес келетін мерейлі мерекелерге толы. Және, олардың бәрі жай ғана мереке емес, тағылымы мен тақырыбы таразы тасын басып кететін мерекелер. Оның ең бастысы – Ұлы Жеңіс күні болса, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы күнінің де биылғы бәсі басым болып отыр. Бұл атаулы күндердің арасында Отан қорғаушылар мерекесі де бар. Бір-бірімен астасып жататын осынау мейрамды атап өтпесек болмас.
1-жүргізуші: Олай болса, апталықты ашу үшін сөз мектеп беріледі
2-жүргізуші:
Келесіздер баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсіздер жиып,
Шәкірттерді жетелеп ұлылыққа
Тұғырында өмірдің тұрсыздар биік,-дей келе бірлестік мүшелерінің дайндаған «Ынтымағы жарасқан ел» атты көрмені тамашалауға шақырамыз.
-
Жүргізуші:
Ұстаздардың еңбегі,өнері мен білімі
Салты менен дәстүрі, ынтымағы ,бірлігі
Рухани жаңғыру міне бізге көрермен,
Сыр шертеді өмірден көрсең көрме бүгінгі.
Недеген керемет!
2-Жүргізуші
Бірлігі мен ынтымағы халықтың
Көзімізде жарқырайды жарық күн
Ырыс дәулет, бақыт үшін халықтың
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!
1 жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
2 – жүргізуші:
Мектебіміздің 5-6 сынып оқушыларының 1 мамыр ынтымақ күніне арнаған ыстық лебіздерін айтуға рұқсат етіңіздер.
-
оқшы:
Ұлы достық Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
2-Оқушы:
Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.
3 оқушы
Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.
4-Оқушы:
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
5- оқушы:
Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!! "
6 оқушы:
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
7- оқушы.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин.
Терезесі тең жатыр.
8-оқушы:
Алатау, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыты әлі асқақтап,
Құлаққа дауысы кеп жатыр.
9-оқушы
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан
10-оқушы:
Ортақ жердің байлығы,
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Бәрі бірге:
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
2-жүргізуші:
Орыс биі орындайтын 5 сынып оқушылары Дина мен Амина
-
жүргізуші:
Бейбітшілік әніміз.
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз Ақерке би тобының орындауында «Испан»
биі
2-жүргізуші:
Қырандай түлеп ұшқан арманымыз
Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.
Ант алып ар алдында сапқа тұрып,
Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.
1-жүргізуші:
Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,
Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.
Дұшпанға қатал болған, досқа берік,
Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.
-
жүргізуші:
Қара жер қаны сіңген бабалардың
Қорғауға шақырады балаларын.
Сапқа тұр,сарбаздары туған елдің,
Қиынға қайыспайтын қара нарым.
1-жүргізуші: 7мамыр Отан қорғаушылар күніне арнап автоматты бөлшектеп және жинау. Мектебіміздің 10 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
«Жас ұландар »әні хор 5 сынып оқушылары
2-жүргізуш:
Өткенді еске салады , Шіркін сурет сабағы , Мың құбылтып бояймыз
Тарихымды – даланы .
Ұлы жеңіске арналған « » атты сурет көрмесін тамашалауға шақырамыз.
1-жүргізуші:
Желбіреп тулар, Талықсып тұрса
май гүлі Қуану керек десек те, Ұмыту қиын
қайғыны!
6сынып оқушылары Ұлы Отан соғысы жылдарынан көрініс.
Немересі:
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі:
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі:
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келін - ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін:
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)
1-Жүргізуші:
Бұлт торлады аспанды
Қара жер қанға ластанды
Зеңбірек атып жан - жақтан,
Осылай соғыс басталды.
2-Жүргізуші:
Ел үшін сыз топырақ жастанайық,
Соғыс жылы кеткен еді қас қарайып.
Ортамызда бүгін жоқ сан мың боздақ,
Оларды біз әрқашан еске алайық!
Бұл сұрапыл майданда қаншама миллион адамның өмірі қыршынынан қиылды. Осынау қанды қырғынға Қазақстаннан 1 млн. 366 мың адам қатысты. Өкінішке қарай, олардың көпшілігі туған жеріне қайтадан оралмады.
-
Жүргізуші
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кетпейді естен асыл ер.
-
Жүргізуші:
„Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін.
„Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп
еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат,
халық мұндай қаһармандарды жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін
ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды.
9 мамыр жеңіс күніне арнап «Каратэ» спорт сүйер
мектеп оқушыларының орындауында қабыл
алыңыздар!
6 сынып оқушыларының орындауында спорттық би.
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты өнегесі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі,- дей келе бүгінгі
Мамыражай мамыр айының бастамасы өнер бірлестігі апталығының онкүндігінде ән шашуларымызды қабыл алыңыздар.
5 сынып оқшысы Мұрат Мейіржанды «Қазақстан»әнімен қарсы алыңыздар.
Қазақ биі. Ақерке би тобының орындауында.
5 сынып оқшысы Ералының орындауында ән тыңдаңыздар
Бейбітшілік сақталады
Әлем сүйген салтымыз бар
Бейбітшілік ел ұраны.
Өмір сүйген халқымыз бар,
Бейбіт елдің біз ұланы.
Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!
Қорғау үшін өмір көркін
Бүгіннен де ертең нұрлы.
Болдырмаймыз соғыс өртін,
Достар берік сапқа тұрды.
Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!
Ел ұраны мәңгі анық,
Әр жүректе жатталады.
Қолға алса барлық халық,
Бейбітшілік сақталады.
Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген