Материалдар / "Өнер" қалашығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Өнер" қалашығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ертегіні барлық сынып оқушыларына оқуға болады. Бірақ бастауыш сынып жасындағы балаларға бұл ертегінің көмегі тиері анық. Бұл материал бастауыш оқушыларын өнер үйрету үшін, өнерге қызықтыру барысында жазылған. Осы ертегі арқылы оқушыларыңызды Өнер мекеніне саяхат жасауға шақырып, өз өмірлерінде бұл өнерлердің алар орны маңызды екенін түсіндіруге болады. Жалпы ертегіні өнерге қызығушылығы бар балаларға оқытқан дұрыс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
279
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өнер» қалашығы

Ерте,ерте, ертеде жер астында бір қалашық болыпты. Ол қалашықтың бір қызығы оған жәй адамдар бара алмайды екен. Қала кішкентай болса да, адамдары бір-бірімін тату-тәтті еді. Жер астындағы бұл мекен жер үстіндегі адамдарға құпия еді. Бұл қалашықтағы адамдар жер үстіне бара алғанымен, жер үстіндегі адамдардың қалашыққа келуі қиын болатын. Бұл мекеннің басшысы қалашықты "Өнер"деген атаумен атағанды жөн көріпті. Бұл "Өнер" атты тату-тәтті қалашық туралы әңгіме бір күні Шыңғыс патшаның құлағына жетеді. Шыңғыс патша өздігінен ашуланып, адамдарына:-Кімде-кім мені бұл қалашыққа апаратын болса, мен оған ат басындай алтын беремін!-деп жария салады. Осылай бұл әңгіме тарап кетіп,қалашықтың басшысының құлағына да келіп жетеді. Басшының көмекшісі:- Шыңғыс патша туралы бүкіл әлем біледі екен. Ол патша барлық нәрсенің өзінікі болғанын қалайды. Соғыс ашып, барлық мекенді жаулап алған Шыңғыс патшадан барлығы қорқады. Мырзам, егер ол біздің қалашықты өзінікі етск біз қайтеміз?Қалашықтың басшысы:-Тыныш, бұл қалашық ешқашан оныкі болмайды. Ол бұл жерге кіргісі келеді екен ендеше еңбек етсін. Барлығының оңай келетінін түсінетін болады әлі,-деп қалашықтың біраз адамымен өзі жиналыс өткізді.Келесі күні патшаға қалашықтың Зере есімді адамы келді. Шыңғыс патша:-Ал, қалашыққа қалай кіруге болады? Тезірек айт, менің ол жерге барғым келіп тұрғаны-ай!Зере:-Патша, сіз бір аптаның ішінде өзініңіздің үлкен мерекеңізді өткізуіңіз керек. Және ол мерекеде тек өзіңіз өнер көрсететін боласыз. Сонда ғана сіз біздің қалашыққа кіре аласыз.Шыңғыс патша:-Хм,менімен ойын ойнамақ па? Жақсы. Ендеше мен сол қалашыққа кіріп қана қоймай, бұл мекенді өзімдікі ететін боламын!Біраз сағаттан соң патша жар салды. -Маған өнер үйретуге адамдар қажет. Егер олар маған барлық білгендерін үйретсе,мені өнерлі қылып шығарса мен оларға ат басындай алтын беремін,-деді.Әрине, бұл жарлықты естіп әлгі қалашықтан бірнеше адам келді.Шыңғыс патша:-Ал, айтыңдар! Кімнің қандай өнерлері бар? Маған не үйрете аласыңдар?Олар кезекпен:-Мен сізге ән айтуды үйретемін.-Ал,мен өлең шығаруыңызға көмектесемін.-Мен сізге әртүрлі рольдерді сомдауды үйретемін.-Мен сізге домбыра тартып үйренуге көмектесемін.-Ал мен домбырамен бірге ән айтуды үйретемін.Шыңғыс патша:-Жарайды, жетер! Маған мына барлық өнерді үйренуге 1 апта тым аз. Сондықтан маған тез арада барлығын меңгеруге көмектесетін боласыңдар.Басқалары:-Жарайды.Осылай патша сол күннен бастап айтылған өнерлерді үйренуге кірісіп кетті. Бір қызығы патша алғаш рет өлең айтқанда-ақ өзінің керемет сезімде болғанын сезді. Бірақ оны өзінен басқа ешкімге айтпады. Патшаға бұл өнерлер керемет сезім сыйлаа жатыр еді. Патшаның бұрынғыдай ашушаң мінезі де азайып бара жатырды. Соңғы кездері патша көңілді жүретін болды. Оған өзінің адамдары таң қалды. Патша өзінің Өнер қалашығына келуі үшін бұл өнерлерге қызығып оларды берілген уақыт ішінде үйреніп шықты. Осылай үлкен мерекеге дейінгі бір апта уақыт та таяп қалды. Мереке болатын күннің таңы да атты. Ал патша болса ертесімен ұйқысынан оянып алды.Шыңғыс патша:-Сарай өте әдемі болатын болсын. Бұл кешке барлық адамды шақыратын болыңдар. Үлкен көлемде өтетін бұл мерекеде барлығының құлағына жетсін,-деп бұйрық берді.Патша таң атқалы қобалжу үстінде еді. Өзінің барлық өнерлерін қобалжығаннан қайта-қайта қайталай берді. Бұл істер патшаға көңіл-күй сыйлай бастады.Осылай кеш те батып мереке басталды. Мерекеге Өнер қалашығының барлығы дерлік келді. Үлкен мерекеге болғандықтан адамдар көп жиналды. Бұл адамдары көріп, патша осынша адамның алдында өнер көрсететініне таң қалды. Патша халықтың алдына шығып сөз сөйледі:-Бүгін менің өнерлерімді тамашалауға келгендеріңіз үшін рахмет,-деп өз өнерін көрсетуді бастап кетті.Патша алдымен домбыра тартып берді. Одан соң домбырамен бірге ән айтты. Бұдан кейін патша өзінің шығарған:Бақыт деп айтар ем мен бұны,Өткіздім қалай тез уақытты?Өмірде көрмей мен ештеңе,Бағалай алмаппын бақытты.

Сыйлаған керемет бір сезім,Осы да керемет өлеңім.Бәріңе рахмет адамдар,Өзімнің елімді сүйемін-деп өзінің өлеңін оқып берді. Бұл өлеңнен кейін барлығы қол шапалақтады. Өнерден хабары бар адамдардың таң қалмасқа шарасы қалмады. Патша енді баянда ойнады. Және халық алдында түрлі рольде сомдап, барлығын қуанышқа кенелтті. Осылайша мереке соңына таяп қалды. Патша:-Барлығының келгендеріне рахмет. Ал енді тарай берсеңіздер болады.Барлығы тарап кетіп, патшаның жанына Зере мен қалашықтың басшысы келді. Зере:-Патша, сіз мерекені үлкен деңгейде өткізіп, Өнер қалашығына кіруге рұқсат алдыңыз.Қалашықтың басшысы:-Иә, тек біздің қалашықты кіріп көріп қана қоймай, өзіндік етуіңе рұқсат. Барлық өнер бір адамның бойынан табылады деп ойламап едік. Ал сен бізді таң қалдырдың.Шыңғыс патша:-Мен қалашыққа кіремін. Бірақ оны ешқашан өзімдікі етпеймін. Себебі, қалашық сіздердікі және сіздердікі болып қалады. Мен өнердің қадірін кейін түсіндім. Бұл өнер деген барлығына қуаныш сыйлайтын ғажап нәрсе екен. Тіпті, мен домбыра тартып отырғанрың өзінде өзімді дүниедегі ең бақытты жан сезіндім. Мен бұрын бұндай ғажап нәрсенің бар екенін білгенде қазіргідей жауыз болмас едім. Мен өнер үйреніп, керемет сезіммен өмірге жаңа келгендей болдым. Сондықтан сіздерге рахмет. Маған көп нәрсені түсіндірдіңіздер,-деп ат басындац алтын беріп оларды қалашыққа шығарып салуға адамдар жіберді. Осы уақыттан кейін патша жәй ғана патша емес өнерлі адам болып елге танылды. Ол ел басқаруды тастап, басқаларға өнер үйретумен айналысты. Шыңғыс патша:-Халқым, бұрынғы мен сияқты ешкім болмасын. Себебі, мен бұрын қандай адам болдым. Міне, қазір қандаймын? Өнер үйрену арқылы өзімнің бақытқа деген жолымда таптым. Енді еш уайымсыз жүре берсем болады. Сендер де өнер үйреніңдер. Сендердің бойларыңдағы бұл өнер сендерді ешқашан жалғыз қалдырмайды. Қандай да бір жерді жарып шығатындарың анық. Сондықтан, тек алға қадам басыңдар. Бір-бірлеріңмен тату-тәтті болыңдар,-деп жазба қалдырған екен. Осы жазбадан кейін патшаны барлығы үлгі тұтып, олар да өнер үйренуге тырысыпты.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!