Авторы:
Алпысбаева Алмагул Ануарбекқызы
Алматы
қаласы, А.Жұбанов атындағы дарынды
балаларға арналған мектеп- интернаты
тәрбиеші.
Өнер
шаңырағына – 55 жыл
1964
жылы әйгілі академик Ахмет Қуанұлы
Жұбанов шалғай ауылдардағы дарынды
қазақ балаларын бір ордаға жинап, өнер
нәрімен сусындату мақсатында өнердің
қарашаңырағы А.Жұбанов атындағы дарынды
балаларға аррналған Республикалық
қазақ мамандандырылған музыка
мектеп-интернатын ашқан. Талай таланттың
өнерін өрістетіп, бағын ашып, талай
дарынның додада дүрлігіп шабуына ден
қойған -білім ошағы әр шәкірт үшін
қымбат. Биік белестің, алынбас қамалдың,
асқар шыңның төбесіне жету еңбекті
талап ететіні хақ. Өнер мен еңбекті қоса
алып, елдің даңқын асырған бұл мектептің
көпшіліктің арманы екенін білеміз.
Ахмет Қуанұлы қазақ балаларын биікке
жетелеудің даңғыл жолын ашып кетті. Ал
сол балалар қанатын кеңге сермеп, ұшқыр
қиялдарымен өнер ұшқынын жандандыра
білуде. Әр мектептің өз ерекшелігі бар
деседі. Ал мен білетін А.Жұбанов мектебі
үздіктердің үздігі. Себебі қазақ тілі
көркем дамыған, сонымен қатар өнер десе
ішкен асын жерге қоятын шабытты
шәкірттермен жұмыс жасау біз үшін үлкен
мәртебе, асқақ абырой.
Сол
уақыт шеңберінен бері , балалар білім
нәрін алып жатқанына, өнермен өрістеп,
таланттарын паш етіп жатқанын биыл- 55
жыл толды. Ахмет атамыздың аңсаған
арманы, діттеген мақсатының орындалғанына
жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Содан
бері , біздің талантты да танымды оқушылар
өнерге деген құрметпен, Ахмет Жұбановқа
деген алғыс сезіммен жетіліп келеді
дей аламыз. Оқушылардың қайсыбіріне де
қарасаң да шетінен өнерге тұнып тұрған
таланттар екенін аңғарамыз. Музыка
дейтін терең мағыналы құбылыс. Сол
құбылысқа сіңісіп, жан-тәнін салып,
әлемдік сахнаға мектептің ғана емес,
еліміздің атын асқақтатып жатқан өз
оқушыларымызға қарап, таланттарына
таудай талап тілейміз.
Қазіргі
таңда алтын ұя мектебімізде, өнер
ошағында белді қызметкерлер, мектеп
түлектері мен абзал ұстаздар жұмыс
жасайды. Олардың бірі де бірегейі,
мектебіміздің іргетасы қаланғалы бері
мектебімізге арнайы А.Жұбановтың
шақыртуымен келген әлі күнге дейін
дәріс беріп келе жатқан гобой аспабының
ұстазы Темір Ткишевпен және білім үшін
барын салған ұлағатты ұстаздар. Шалғай
облыстардан жиылған балаларымыз
мектеп—интернатта өз өнерлерін шыңдауда.
Мектеп-интернатымыздың меңгерушісі
қызметін көп жылдар бойы Қарлығаш
Алиясқарқызы абыроймен атқарып келеді.
Бала тәрбиесі үшін барын салып, аянбай
еңбек етіп, бір үйдің баласындай , бір
қолдың саласындай етіп таланттарға
тәлім беріп отырған Қарлығаш Алиясқарқызының
білім ордасы үшін орны бөлек. Талай жыл
бала бауыр етім деп, жылуын аямаған
тәрбиешілер ұжымында Мадина Әкімқызы,
Назгүл Асқарқызы, Дана Телтайқызы,
Гүлмира Мұқанқызы, Мейрамгүл Сыдыққызы,
Жанат Қашқынбайқызы, Гүлбаршын
Мүбәракқызы, Сапура Біртуарқызы, Айнұр
Айтанқызы қызмет етіп жүр.Мектебімізде
халық аспаптар, үрмелі және ұрмалы
аспаптар, ішекті аспаптар, арнайы
фортепиано, міндетті фортепиано, хорды
дирижерлау және теория бөлімдері жұмыс
жасап келеді. Өзіндік болмысын жасаған
талантты оқушылардың әр жеңісі-
ұстаздардың еңбегінің жемісі деп
білемін. Сан шәкіртті түлеткен мектебімізге
деген құрметіміз зор. Оған түлектеріміз
ҚР Мәдениет және Спорт министрі Ақтоты
Райымқұлова, ҚР Ұлттық музей директоры
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Парламенті
Сенатының депутаты Дана Нұржігіт, әнші
Мақпал Жүнісова, Толқын Забирова, Арман
Дүйсенов, Асылбек Еңсепов,Рүстем
Нұржігіт, Құрманғазы атындағы консерватория
ректоры Арман Жүдебаев, А.Жұбанов
атындағы РҚМММИ директоры, ҚР еңбек
сіңірген қайраткері Нүркен Әшіров сынды
өнер тұлғалары дәйек бола алады.
Міне,
қарашаның 19-жұлдызында Абай атындағы
Қазақ мемлекеттік академиялық Опера
және балет театрында айтулы мерекеміз
асқақ абыроймен атап өтілді. Ел жанашырлары
мен өнер қайраткерлері жиылған мерейтойлық
концертіміз жоғары деңгейде өтті.
Талантты шәкірттер өнерлерін ортаға
паш етіп, талайды тамсандыра білді.
Мектебіміздің түлегі Мұрат Құмарғалиұлы
жетекшілік ететін мектебіміздің үрмелі
аспаптар оркестрі концертімізді,
Ә.Бестібаевтың Азия Дауысы шығармасымен
жандандырды. Және де мектебіміздің
симфониялық оркестрі, халық аспаптар
оркестрі, ДЖАЗ бағытындағы «JuBAND» оркестрі
өз өнерлерін ерекше әсер сыйлай отырып,
паш етті. Өнер иелері, Арман Дүйсенов,
Толқын Забирова, Асылбек Еңсепов, Ернар
Мыңтаев, Бейімбет Демеуов, Гүлмира
Буенбаева кеш қонағы болып, концертіміздің
сәтті өтуіне үлкен ықпал тигізді.
Мектебіміздің «Ақжелең» этно-фольклорлық
ансамблі, домбырашылар ансамблі,
қобызшылар ансамблі, скрипкашылар
ансамблі, жалпы мектептік хор, және жеке
орындауда Халықаралық байқаулардың
лауреаты Нұрсұлтан Омарғазин сахнада
өнер көрсетіп, мектеп мерейін үстем
етті. Мектебіміздің камералық ансамблімен
бірігіп мектеп оқушылары,жас композиторлар
Нұрәлі және Ғаламат Бейсеқожалар
өздерінің «КӨШПЕНДІЛЕР» атты төл
туындысымен қошеметке ие болды. Тамаша
абыроймен өткен кеш көптің қошеметімен,
өнер жанашырларының жүрекжарды
тілектерімен тәмамдалды. Мектебімізге
зор шығармашылық табыстар мен құттықтаулар
жолданды.
Мерекеңе
жырларымды төгейін,
Көсілткенде
өнерлерді көмейім.
Ахмет
ата даңғыл жолды бастаған,
Білім
ордам арта берсін мерейің.
Шәкірттерің
шабыттанып шыңдалып,
100
жылдық той тойлағанды көрейін.
Мінекей
, мектебімізге бар жақсылық, ұстаздарға
қажымас қайрат , шәкірттерге шығармашылық
ізденіс тілеп, жарқын болашақтың өнерін
жарқырата беріңдер!- деп менің лебіз
тілегім келеді. Өнер шыңдарын бағындыра
беріңдер, шабытты шәкірттер!!!
А.
Жұбанов атындағы дарынды балаларға
арналған Республикалық мамандандырылған
мектеп – интернатының тәрбиешісі, білім
беру саласының үздігі Алпысбаева Алмагул
Ануарбекқызы.