400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Өнер таусылмас азық

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің сабағымның тақырыбы:Өнер таусылды азық Сыныбы:4 Сабақ мақсаты:Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себепсалдарлық байланысын сызба түрінде көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Машықкердің аты-жөні

Слатай Нурай Елутайқызы

Пән

Әдебиеттік оқу

Сынып:

4 «ә»


Сабақтың тақырыбы

Өнер – таусылмас азық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себепсалдарлық байланысын сызба түрінде көрсету

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себепсалдарлық байланысын сызба түрінде көрсету

Көптеген оқушылар:турлі дереккөздерден қажетті ақпаратты тауып,мазмұны бойынша жоспар жазып көрсету

Кейбір оқушылар:турлі дереккөздерден қажетті ақпаратты тауып,мазмұны бойынша жоспар құрып,сурет бойынша сөйлей алады.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кездері

Мұғалімнің әрекеті

Дескриптор

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айталады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Тапқыр болсаң, тауып көр

1-жұмбақ

Шидім, шидім, шидім құс,

Ши басына қонған құс.

Қарқаралы қара құс, 

Хан басына қонған құс

Бұл не?

Тоқыған ауы – шыбынның жауы.

Бұл не?

жаңа сабаққа назар аудару.








Жұмбақтың шешуін табады.

Ж.Шыбын, өрмекші








Ортасы

Несіпбек Айтұлы– ақын. 1950 жылы Қытайдағы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы Шәуешек ауданында дүниеге келген.Балаларға арналған «Қартаймайды Күн неге?», «Бөрітостаған», «Құланойнақ», т.б. кітаптары бар.



Түсініп оқы Өрмекші мен шыбын (мысал өлең)

1-тапсырма Мысал өлеңдегі оқиға қалай басталады?

Неше түрлі өрмекті

​Тоқыпты бір өрмекші.

​Өрмекшінің өнерін

​Бопты шыбын көрмекші.

Әдейі іздеп келіпті,

​Келіп сәлем беріпті.

​Таңғажайып өрмекті

​Тамашалап көріпті:

***

2-тапсырма. Оқиға әрі қарай қалай дамыды?

Шыбынның қай сөзі Өрмекшіге ұнамады?

– Құтты болсын өрмегің,

​Ерен екен еңбегің!

​«Үйренейін», – деп келдім,

​Болмаған соң ермегім.

Өрмекші айтты:

​– Шыбыным,

​«Ермек» деп жүр мұны кім?

​Осы өнердің соңында

​Келеді өтіп ғұмырым.

Тоқып келем ерінбей,

​Қиындықтан жерінбей.

​Өрмектің әр өрнегі

​Төккен маңдай терімдей.


Сөздікпен жұмыс

Ермек-алданыш, уақыт өткізу

Ғұмыр-өмір


***

3-тапсырма Оқиға қалай аяқталады?

Болсаң егер үйренер,

​Күнде біздің үйге кел!

​Ерінбесең алдыңнан,

​Есік ашар қилы өнер.

Бастамақ боп бұл істі,

​Шыбын дереу кірісті.

​Бірақ көпке шыдамай,

​Бір қонды да бір ұшты.

Шошаңдауын қоймады,

​«Оп-оңай!» деп ойлады.

​Бір тоқып, бір отырып,

​Өрмекпенен ойнады.

Торға шығып ырғалды,

​Бәлеге енді шын қалды.

​Шатасты да маталды,

​Шықпастай боп шырмалды.





Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау









Өлең мазмұны бойынша оқиғаның қалай басталғанын айтады.

Ж: Өрмекшінің өрнегін көруге келген шыбын







Дұрыс жауапты айтады.

Ж:Өрмек тоқу ермек үшін керек екенін айтқан шыбынның сөзі Өрмекшіге ұнамады.






жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау






Дұрыс жауапты анықтайды.

Ж:

Шыбын шатасып, шыға алмай шырмауға түсті













Оқушылар мұғалімнің артынан қайталайды.






4-тапсырма

Мысал өлеңнің мазмұны бойынша жоспар құрып жаз

1.Өрмекшінің өнерін көруге келген шыбын

2. .......

3. .......


5тапсырма

Мысал өлеңіндегі қай жануарға ұқсас екенін тусіндіріңдер.







6-тапсырма

Өрмекшінің өнері суреттегі қай кәсіп туріне ұқсайды?


Жоспарды толықтырып жазады.






Оқушылар ұқсас жануар ды табады















Оқушылар суреттерді өрмекшінің өнерімен салыстырады.



Кері байланыс

Бүгінгі сабақта:

  • шығарма мазмұнын баяндау тәсілін қолданып, қысқаша

мазмұндадың;

  • қажетті ақпаратты таптың және тұжырым жасадың

  • Жоспар құра алдың.

Мен не үйрендім?

Не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
1326
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі