400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өнерді өмірінен биік қойған жан

Материал туралы қысқаша түсінік
Өнер биігінде жүрген ұстаздарды дәріптеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өнерді өмірінен биік қойған жан


Өнер-ұлттың бейнесі. Өнер әрқашанда жалпыға ортақ және біртұтас құбылыс. Ол адамдарды әлемдік деңгейде жақындастырып, біріктіреді.

Өнер өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін, қоғамдық сана мен адам іс –әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын форма.

Өнердің мақсаты - дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-

эстетикалық тұрғыдан игеру.

Соның дәлелі, киелі «Сыр елі - жыр елі» Қызылорда облысы, Шаған елді мекенінде дүниеге келген, Қорқыт бабамыздың ізін жалғастырушы, өнер иесі Карібаева Бақытгүл Аханқызы туралы қалам тартқым келіп отыр.

Сол кездегі, Қызылорда музыкалық колледжінің білікті маманы, сахна шебері, «Бас қобыз» аспабын игеріп, сонымен қатар,7-8 ғасырда өмір сүрген, айтулы бақсы, абыз,жырау, күйші қобыз сарынын алғаш туындатушы,Қорқыт бабамыздан қалған мұра «Қыл қобыз» аспабының сыныбын тікелей ашуға мұрындық болды.

Тақырыпқа арқау болғандай, өнерін өзінің өмірінен биік қойған жан.

Ауылдан келген қарадомалақ балаларға аспабтың қыр-сырын үйретіп қана қоймай, ата-аналарын сағынып жабыққан сәттерінде, аналық мейірімінде аяған емес. Көптеген шәкірттерді өнерге шыңдап,әрі қарай жоғарғы оқу орнына түсуіне қолдау көрсетті. Шәкірттері қазіргі таңда сахна төрінен көрініп, ұстаздық қызметінде атқаруда. Қос аспабты қатар игерген өнер майталманы, зейнет жасына шықса да, көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп жүр.

Қорқыт бабамыздан қалған мұра, қара қобызбен, ғасырлар үні мен қоса екі дүниені жалғаушы Сыр елінің мақтанышы болып қалмақ.

«Ұстазы жақсының –ұстанымы жақсы»-деген сөз осындайдан туса керек.

Өнермен білімнің көпірін жалғаушы, дана ұстаз, Бақытгүл Аханқызының

шәкірті болғанымды мақтан етемін.


Авторы: Ақшалова Гүлнар Қуанышқызы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.02.2025
135
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі