ӨНЕРГЕ ҒАШЫҚ ӨРЕН

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӨНЕРГЕ ҒАШЫҚ ӨРЕН

Материал туралы қысқаша түсінік
Еділхан Нұрғазы – Ахмет Ясауи университетінің студенті. Ол жастайынан өнерге ғашық болды. Бала кезінен ән өнеріне ерекше қызығушылық танытып, халықаралық және еліміздегі беделді байқауларға қатысып, бағын сынап, жеңімпаз атанған. Еділхан "The Planet of Art" және "Жас толқын" байқауының Гран-приін иегері. Сондай-ақ, "Түркі тарланы мен Бегім сұлу" байқауында Бас жүлдені иеленіп, өнер әлемінде өз талантын паш етуде. Бізбен әңгіме барысында өзінің шығармашылық өміріндегі қызықты тұстарын айтып берді. Сол сұхбатымызды оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӨНЕРГЕ ҒАШЫҚ ӨРЕН

Еділхан Нұрғазы – Ахмет Ясауи университетінің студенті. Ол жастайынан өнерге ғашық болды. Бала кезінен ән өнеріне ерекше қызығушылық танытып, халықаралық және еліміздегі беделді байқауларға қатысып, бағын сынап, жеңімпаз атанған. Еділхан "The Planet of Art" және "Жас толқын" байқауының Гран-приін иегері. Сондай-ақ, "Түркі тарланы мен Бегім сұлу" байқауында Бас жүлдені иеленіп, өнер әлемінде өз талантын паш етуде. Бізбен әңгіме барысында өзінің шығармашылық өміріндегі қызықты тұстарын айтып берді. Сол сұхбатымызды оқырман назарына ұсынып отырмыз.


  • Еділхан, ән өнеріне деген қызығушылығыңыз қай кезден басталды?


­ - Музыкаға деген қызығушылық туралы айтатын болсақ, бала кезімде үйде әпкемнің музыка тыңдайтын mp3 ойнатқышы бар болатын. Ол жерде неше түрлі музыка бар еді. Бірақ, неге екенін белмеймін ол кезде маған бір ғана өлең ұнайтын. Мен сол өлеңді күніге қайталап тыңдап жүретінмін. Бұл «Fools Garden» группасының «Lemon Tree» әні еді. Сол уақытта әннің ұнағаны сонша, оны жаттап алғым келді. Небәрі 3-4 жастағы сәбимін. Ағылшын тілін білмек түгілі, ол тіл туралы менде түсінік те жоқ еді. Бірақ, менің ықыласымды байқаған әпкем сөзін сәл келтіріп айтып, жаттауға көмектесті. Аз уақытта жаттап алдым Ақырында мен ол әнді балабақшадағы ертеңгілікте орындадым. Сол кездерде, әлі балапан болсам да « ән айтуды жақсы көремін» деген миымда бір тұрақты ой пайда болғандай.


  • Өз ортаңыздағы адамдар сіздің шығармашылығыңызға көзқарасы қалай? Қолдау білдіре ме?


- Армандауды білмейтін адамдар әрқашан басқаларға күмән келтіреді. Олар армандарына жете алмағандықтан, арманшыл болуды балаға тән нәрсе деп санайды. Мен ұдайы армандағанды ​​ұнататынмын және менің барлық армандарым басқаларға жеңіл-желпі ой болып көрінетін. Алғашында «әнші болғым келеді» дегенде ата-анам маған «Жарайды, әуелі бір мамандық таңда, сосын ән айтуыңды бірге алып жүре бер» деп жауап берді. Одан бөлек жақын адамдардан «Жігіт баласың. Кейін отбасын қалай асырайсың?» дегендер болды. Сол сұрақтан кейін басыма бір ой келді. «Мен әншілердің ең мықтысы болуым керек! Сонда ғана тыныш боламын, қаржылық жағдайым да болады. Ешқашан шешімімді өзгертпеймін» деген тұжырымға келдім. Тек әкем ғана соңына дейін қарсылық көрсетті. Дәрігер немесе тіс дәрігері болғанымды қалайтын. Әкемнің таңдауымен келіссем өмір бойы өкінетінімді білдім. Ақырында айналам өнерімді мойындап өнер жолына түсуіме түсінісиік танытты, қолдады.


  • Сіздің үлгі тұтатын әншіңіз бар ма? Егер бар болса, ол кім және оның шығармашылығын қалай бағалайсыз?


-Менің кумирім ­- Майкл Джексон. Мен оны сабырлылығы, даналығы, адамгершілігі үшін ерекше құрметтеймін. Бұл адам сахнаға шыққанда бәріне ұнайды, мейлі ол кәрі болсын, жас болсын. Ол жай ғана керемет ән айтқан жоқ. Оның көрінісі, қозғалысы, тіпті сөйлеуі ерекше болатын. Ол әндерінің стилизациясымен ғана емес, сонымен қатар өзінің ерекше харизмасымен ерекшеленді. Бұл адам қазіргі тілмен айтқанда «Легенда». Аңыз адам! Ал аңыз адамдарды әлем ұмыту мүмкін емес.


  • Әншілік өнерде жетістіктерің бар ма?

­-Мен көпшілік алдында ән айтуды сегізінші сыныпта бастадым. Домбыра үйірмесінің мұғалімі мені байқап қалып, вокалдан сабақ беру туралы маған ұсыныс берді. Әрине, мен келістім. Алғашқы байқауларда мен тек үшінші орындарға ие болдым. Содан тәжірибе жинақтап, екінші орындарға ие бола бастадым. Екі жыл үздіксіз дайындықтан кейін бірінші орынға таласатын деңгейге жеттім. Облыстық, қалалық, тіпті халықаралық жарыстарға да қатыстым. «Bel Canto», «Күн шуақ», «Euro Stars» және ЮНЕСКО ұйымдастырған халықаралық байқауға қатыстым, ол «The Planet of Art» деп аталды. Соңғы уақытты жеткен жетістіктерім туралы айтсам, Өнер университеттері арасындағы байқауда 3-орын,«Жас толқын» байқауында Гран-при иегері атанып 200 мың теңге ұтып алдым.Сонымен қатар университетімізде өткен "Түркі Тарланы Бегім Сұлу" байқауында Бас жүлдені қанжығама байладым. Бұл байқаудың нәтижесінде "Yaz Okulu" бағдарламасы бойынша Түркияға жолдама ұтып алып, осы жазда екі апта Анадолы атырабын аралап, саяхаттап келдім. Бұл саяхат маған шабыт сыйлады.


  • Ия, «Түркі тарланы -2024» бас жүлдесін жеңіп, жүзден жүйрік шығып тарлан болдыңыз? Сол байқауда қандай ән шырқадың? Сол сәттегі әсеріңізді еске түсірсеңіз...

-Бұл өте қызықты да қиын байқау болды. Өйткені, мен бірінші курс студенті едім, оның үстіне байқау түркі елдерінің этникалық ерекшелігімен тығыз байланысты болды. Сондай-ақ байқау шарттарында сән көрсету сыны болды, ал менің сән әлеміне хабарым жоқ еді. Дегенмен, мен бар күш жігерімді салып дайындалдым. Байқауға әріптесім Ұлжан екеуміз Әли Оқаповтың - «Биле» әнін таңдададық. Қойылым мен биді ойлап тауып, күн сайын репетиция жасап жүрдік. Сондай-ақ хореография мамандығының қыздары мен актерлік өнер мамандығының жігіттері бізбен жұмыс істеді. Ол үшін оларға алғысымыз шексіз.


  • Ән айту сіз үшін не білдіреді? Бұл тек өнер ме, әлде өміріңіздің маңызды бөлігі ме?


­-Түсінесіз бе, музыка біздің өміріміздің негізгі қағидаларының бірі. Музыка - бұл біз бесікте жатқанда анамыздың әлдиі, әуезді жыры. Бұл біздің сәби кезімізде уілдеп айтқан әуен. Шаршағанда, мұңайғанда немесе керісінше көңіл-күйіміз көтерілгенде өмір бойы тыңдайтынымыз осы әуен. Әлемде музыка тыңдамайтын адам жоқ. Тіпті, музыкадағы гармония математикада идеалды болып, физиканың негізгі принциптерімен байланысады. Ол біздің өміріміздің бәрін қоршап алған. Музыка деген бір сиқыр, ғажап дүние. Бұл сиқырды өз дауысыммен шығара алатындығым мені шабыттандырады. Ән айтуымның, өнерге ғашықтығымның да себебі осында.


-.Шығармашылық жолыңызға сәттілік тілейміз.

Сұхбаттасқан: Уахит СЕЙІТЖАППАР, ХҚТУ Журналистика мамандығының 4 курс студенті.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2024
252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі