жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өнерге қанат қаққандар
Тақырыбы:
"Өнерге қанат қаққандар" караоке
өнер шарасы
Мақсаты:
Оқушылардың
бойына өнерге деген сүйіспеншілікті
дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын
арттыру, есте сақтау қабілеттерін
нығайту, сөздік қорларын дамытып, жүйелі
сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Еліміздің
жарқын болашағы мен келешегі үшін
оқушылардың дарыны мен қабілетінің
артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл
- қыздарын тәрбиелеу.
Дамытушылығы:
Өнерпаздарды
жан - жақты зерттеп, әнді көпшілік алдында
қысылмай, еркін орындауға бейімдеу,
талап пен шеберлігін шыңдау.
Көрнекілігі:
Зал ішін мерекеге сай безендіру. Гүлдер,
шарлар, фотостенд, музыка техникасы.
Барысы:
1
- жүргізуші:Темирлан
Құлпырған
еліміздің ұл - қызымыз,
Ертеңгі
жарқыраған жұлдызымыз.
"Өнерлі
өрге озар", - дейді халқым -
Бұл
кеште бар өнерді ұсынамыз.
Қазақтың
қайтпас қайсар қыранымыз,
Болашаққа
жол бастар ұланымыз,
Алдымызда - арман
көп, таудай талап,
Өздеріңе арналар
жыр - әніміз.
2
- жүргізуші:Аружан
Армысыздар,
құрметті, өнер сүйер қауым. Қала
мектептерінің Ұлағатты ұстаздары!
"Өнерлі өрге жүзер", - дейді дана
халқымыз.
Мектебімізже жаңа жоба
«Күміс көмей» караоке өнер шарасы өз
сахнасын ашық деп жариялайды. ҚР
Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
«25 игі іс» атты ән шарасы. Бұл шара
ата-анамен мектептің арасына «Жібек
жол» салу мақсатында ұйымдастырылып
отырған жаңа бағдарлама. Балауса қанат
жас өнерпаздарымызды қолдап, қошеметтеп
отырайық, ағайын!
1
жүргізуші: ТемирланКараоке
– (жапон тілінен аударғанда кара – бос
және оркестр) – көңіл көтеру, электронды
құралды қолданып, алдын ала жазылып
қойған музыка мен (фонаграмма мен) ән
айту.
2- жүргізуші:Аружан
Караоке
ХХ ғасырдың екінші жартсында Жапонияда
ойлап шығарылды. 1971 жылы Жапон барабаншысы
Дайсуке Иноуэ рок топта ойнаған
концертінде көрермендерді үзіліс
кезінде немен көңілдерін аулау керектігін
білмеді. Сонда ол әннің тек музыкасы
шығатын аппарат ойлап тапты. Музыканттар
көрермендерге әндегі мәтіндерін таратып
беріп, олар сүйсіне ән айтып жатқан
кезде, өздері демалды.
1
- жүргізуші:
Темирлан
Сол
кезде, бұл жаңашылдықты концертке
келушілерден басқа ешкім бағаламады.
Тек 15 жылдан кейін ғана караоке кең
тарала бастады. Бірақ Дайсукеге ең
күлкілі, пайдасыз, ақылға қонымсыз
туынды үшін деп 2004 жылы «Нобель сыйлығын»
берді.
2-
жүргізуші: Аружан
Бұрынғы
барабаншыға әлемдік сыйлықты «адамдардың
бір-біріне шыдамдылық танытуға үйрету
әдісін» тапқан адам ретінде табыс
етті.
1
- жүргізуш: Темирлан
Дегенмен
басқа деректер бойынша караокеге ұқсас
өнер ХХ ғасырдың 50-ші жылдары АҚШ-та
пайда болды. Ол кезде Мич Миллер хорының
концерттері өте танымал еді.Айтулы
вокалистер теледидардан хит әндерді
орындады. Ал көрермендер экранға қарап,
әнге қосылып айтты. Бірақ бұл жүйе
қазіргі қолданыстағы жүйеден мүлде
өзгеше болды.
2
- жүргізуші:Аружан
Армысың
көрермендер қауымдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,
Ән-шашу,әсем әуен,түрлі өнер
Бүгігі күн сіздерге арналады
І – бөлім Ширату. (Жереби суыру арқылы турға бөлу)
1) Мен және досым
2) Ата-ана бақытым
3) Кездейсоқ таныс
1 - жүргізуш: Темирлан
Досым,саған сенемін.Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін,жөні бөтен
Достық деген адамның көрігі екен
Достық
деген адалдың серігі екен.
ІІ
– бөлім.
«Мен және досым»(досыңмен ұяшық таңдау)
1.Ән: "Жас үландар-" орындайтын мектебіміздің жас әншілері
Айталы Ақмарал мен Айталы Ясин
2 - жүргізуш:Аружан
Ұстаздар,
қандай ғажап халықсыздар.
Шәкіртке
шыңдай биік алыпсыздар.
Жан
біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей
боп күлімдеген жарықсыздар.
2.Ән:"Алғашқы
ұстазым"
алдарыңызда 2- және 5-сынып оқушылары
Сұлтанғали Гүлім мен Байғазиева Айдана
Қабыл
алыңыздар!
1
- жүргізуш:Темирлан
Азат өлкемкүндей күлгеншығыстан
Асыл елім жан-жүректі ұғысқан
Ата-анам аңсап өткен бақытым
Айналайын Қазақстан –Гүлістан!
3.Ән: "Азат елдің ұл-қызымыз" орындайтын мектебіміздің жас әншілері
Мәлік Мадияр мен Жұмагелді Азат
2 - жүргізуш:Аружан
Арайлап әрбір таңымыз,
Арайланып ән мен сәніміз,
Туған жердің төсінде,
Шырқатайық,Қане,бәріміз! дей келе
Келесі кезекті көрерменмен ән салу айдарына береміз
Ән: "Атамекен"
1
- жүргізуші: Темирлан
ІІІ
– бөлім.
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Сіздер үшін осы кеш ашылады
Сіздер үшін әншілер ән салады
2 - жүргізуші:Аружан
Ата-
анам дастаным,өнерімнің бастауы дей
келе Келесі
бөлім «Ата-анамен
ән шырқау»
бөлімі 1.Ән:
"Аяулым"
орындайтын мектебіміздің жас әншісі
және ата-ана Сарафутдинов
Владимир мен Базарбаева Гүлназ.Қабыл
алыңыздар! 1-Жүргізуші:Темирлан
Өмірге Ана бақыт, ана,
пана
Өмірді
өркендетер ана ғана
Өсірген
талай шешен талай көсем
Талай
ер, талай ақын, талай дана
2.Ән:
"Аяулы ана"
орындайтын мектебіміздің жас әншісі,
және ата-ана Жексембиева
Айша мен Мырзахметова Ақмарал.Қабыл
алыңыздар! Ән барлық асыл аналардың
құрметіне арналады.
2-
Жүргізуші:Аружан
Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік – елбақыты,ертеңі ,
О,халайық! Құтты болсын қуаныш!
3.Ән:
"Той думан"
орындайтын мектебіміздің жас әншісі,
және ата-ана Галиева Зарина мен Муса
Арай
Қабыл алыңыздар
1-
Жүргізуші:Темирлан
Біздің халық өнерге
мол, бай тегі,
Әнші депте,күйші
депте айт оны
Әнге сенің қанша
икемің бар екен,
Тыңдап алып жаліастырсақ
қайтеді!
Келесі
кезекті көрерменмен ән салу айдарына
береміз
Ән:
"Жаяу-"әніне би қимылымен би билеп
ән саламыз.
2-
жүргізуші: Аружан
Ән,сені тәтті көрем,жанымды
сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай,жанып-күйіп,
Өмірдің сырын ашып жүрегіме,
Музаның әміріне басымды иіп- дей келе келесі кезек
«Кездейсоқ таныс»бөліміне де келіп жетті.
1- жүргізуші: Темирлан
1-кезектегі оқушы мен қонағымызды қошеметпен ортаға шақырамыз.Ән айтпас бұрын бір-бірімізге арқамызды беріп мынадай әзіл сұрақтарға жауап береміз.
1.Қай мектептің мұғалімі?
2.Костюмінің неше ілгегі бар? Келесі кезекті әнге береміз
3.Оқушы нешінші сыныпта оқиды?
2- жүргізуші: Аружан
Әндер-әндер !Ұш әуемде,
Ұш көгімде күллі әлем.
Көктем келсе,гүл боп елге
Менде бүгін түрленем.
1- жүргізуші: Темирлан
1.Ән: "Бол жанымда"орындайтын мектебіміздің жас әншісі Сақтағанов Әділет пен қонағымыз Умирзаков Сатжан
2- жүргізуші: Аружан
Ал оқушы ұстаздар
Ортаға назар салыңдар
Әншілер шығып келеді
Қол соғып қарсы алыңдар
1- жүргізуші: Темирлан
Келесі кезектегі оқушы мен қонағымызды қошеметпен ортаға шақырамыз.Ән айтпас бұрын бір-бірімізге арқамызды беріп мынадай әзіл сұрақтарға жауап береміз.
1.Телефонының түсі қандай?
2.Қолында сағаты барма?
Келесі кезекті әнге береміз.
1.Ән: "Той думан". Орындайтын мектебіміздің жас әншісі Галиева Зарина мен қонағымыз Байыргалиева Құндыз
2 - жүргізуші:Аружан
Алдымызда ұзақ жол,
Ізденуден талмаңдар,
Өнер жолын жалғаңдар,-дей келекелесі кезекті көрерменмен ән салу айдарына береміз
1.Ән: "Мерекем"
1 - жүргізуші:Темирлан
Көңілдің ақ тілегін қол етеміз
Тілектермен нығайсын мерекеміз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс
Осыменен аяқталды караоке концертіміз.
2
- жүргізуші:Аружан
Құрметті
ұстаздар! Мектебімізге келіп оқушылардың
білімі мен өнерін тамашалағандарыңыз
үшін алғыс білдіреміз.
1
- жүргізуші:Темирлан
Дендеріңіз
сау, жұмыстарыңыз жемісті болсын.
Егеменді еліміздің болашағы жарқын
болсын!
2
– жүргізуші\:Аружан
Әрбір
күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі
болсын!
Дамуымыз жедел, келешегіміз
кемел болсын!
1-
жүргізуші:Темирлан
Жарқын
іспен күллі әлемді таң қылып,
Жасай
берсін, Қазақстан Мәңгілік!
2
- жүргізуші: Аружан
Қош
сау болыңыздар, құрметті көрермендер!
№5 орта жалпы білім беретін мектебі
Тақырыбы:
"Өнерге қанат қаққандар"
Караоке өнер шарасы
(Қалалық музыка пәні мұғалімдерінің семинарында өткізілген ашық тәрбиелік шара)
Дайындаған:
жоғары санатты музыка пәнінің мұғалімі
Ныгметова А. С
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген