400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өнеркәсіптегі тасымалдау машиналары

Материал туралы қысқаша түсінік
Техникалық және кәсіптік білім алушыларға арналған мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өнеркәсіптегі тасымалдау машиналары

Әдетте жүк тасымалдау процестері адам қолымен орындауға мүмкін немесе түрлі механикалық қондырғылардың көмегімен адам еңбегін жеңілдету мақсатында орындалатын операциялар қатарынан тұрады.

Тасымалдау машиналары көтеріп-тасымалдау, тиеп түсіру, құрылыс-монтаж жұмыстарында жəне өндірісті механизацияландыру мен автоматтандырудың аса тиімді жабдығы ретінде халық шаруашылығының əртүрлі саласында, соның ішінде өнеркəсіпте, құрылыста, көлікте, тау-кен, металлургия, машина жасау салаларында кеңінен таралған. Осы салалардың барлығында жалпы қолданыстағы көтеру-тасымалдау машиналарының көп түрлері пайдаланылады. Олар тасымалданатын жүктердің түрлері мен жалпы қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталады, сонымен қатар өндірістің кез келген саласында тасымалданатын жүктердің тасымалдау траекториясы мен геометриялық формасына байланысты қабылданады. Ондай машиналарды қолдану ауыр қол жұмыстарын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп ішіндегі тасымал үздіксіз және үздікті принципті түрлерге бөлінеді. Үздіксіз тасымал толассыз жүк ағыны және механикалық немесе электрлік қозғалтқыштарды немесе жүктің ауырлық күшін пайдаланумен сипатталады. Сусымалы жүктерді көлденең тік және тік бағыттарда тасымалдау ортасына таспалы, шынжырлы, қатпарлы қырнағыш және бұрандалы конвейерлер, элеваторлар, дірілдегіш конвейерлер мен пневмотасымалдау жүйелері жатады. Бұл конвейерлер өндірістің қай саласы болмасын кеңінен қолданылуда.

Осыған орай өнеркəсіпте жəне халық шаруашылығының басқа салаларында қолданып жүрген көтеру-тасымалдау техникасының құрылымын жетілдіріп, өнімділігін көбейтіп қана қоймай, техника-экономикалық параметрлері тиімді болатын, жаңа жобадағы машина өндірісін ұйымдастыру қажет.

Заманауи тасымалдау машиналар өндірісін ұйымдастыруда жеке блокты бөліктер мен жаңа конструкцияларды жасауды біріздендіруге негізделеді, демек машина жасау мен оларды пайдалану кезінде сапаны жоғарылатуға жəне ең жоғары техника экономикалық тиімділігін алуға мүмкіндік туындайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
371
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі