“Өнерлі ана, талапты қыз”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Өнерлі ана, талапты қыз”

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сайыс ана мен қыздың өнері мен шеберлігін, тапқырлығын көрсетуге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Өнерлі ана, талапты қыз”

Жүргізуші:– Құрметті қонақтар, ата-аналар және біздің сүйікті балалар!

Бүгін бізде ерекше күн – “Өнерлі ана, талапты қыз” атты сайыс өтеді. Бұл сайыс ана мен қыздың өнері мен шеберлігін, тапқырлығын көрсетуге арналған. Келіңіздер, бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық!

Сайыстың әділқазылар құрамын таныстырып өтейік ауылдық клуб әдіскері Байжанова Нұржамал апай және ауылдық кітапханашы Қыпшақбаева Гүлнар апай

1-бөлім: Таныстыру (“Біз қандаймыз?”)

Жүргізуші:– Алдымен сайысқа қатысушы жұптарымызды таныстырып өтейік.

Әр ана мен қызы өздерін таныстырып, есімдері мен ерекшеліктерін айтып береді.

Базарбай Айлин анасы Назира

Менің атым Назира

Қызыммен бірге жарысам

Бәріне үлгі боламыз

Сахнада ерекше бізбіз қашанда



Менің атым Айлин

Шашым ұзын айдаймын

Анамдай мен де әдемі

Өнерім бар салмақты



Жүрген Альмра анасы Мөлдір

Мен Мөлдірмін анамын

Қызым менің жанарым

Ана мен қыз бірге біз

Әрдайым тек биіктеміз

Мен Альмирамын кішкентай

Сурет салуға құмармын

Анамдай мен де талапты

Сайыста біз дарамыз



Садықбек Нұржайна анасы Гүлдана

Мен Гүлдана анасы

Қызым менің қуанышы

Сүйіспеншілік шуағы

Бізден төгіп тұрады



Мен Нұржайнамын сүйкімді

Жақсы көрем анамды

Бәрін маған үйреткен

Анашым ең көрікті



2-бөлім: “Шебер қолдар” (Қолөнер тапсырмасы)

Жүргізуші:– Ана мен қыз бірге қолөнер жасап, шеберліктерін көрсетеді

Тапсырма:

• Қатысушыларға 10-15 минут беріледі.

• Соңында олар өз жұмыстарын таныстырады.

3-бөлім: “Өнерлі жұп”

Жүргізуші:– Енді кезек өнер көрсетуге келді. Қыздар мен аналары өз өнерлерін көрсетеді.

Айлин көрнекіліктермен

Альмира өлең оқу

Нұржайна ән айту

4-бөлім: “Сұрақ-жауап” (Тапқырлық сайысы)

Жүргізуші:– Ал енді ана мен қыздың бір-бірін қаншалықты жақсы білетінін тексерейік!

Сұрақтар:

1. Анаңыздың сүйікті асы қандай?

2. Қызыңыздың сүйікті ойыны қандай?

3. Анаңыздың сүйікті түсі қандай?

4. Қызыңыздың ең жақсы көретін ертегісі қандай?

5-бөлім: “Көңілді эстафета” (Ойын)

Жүргізуші:– Келесі кезек қызықты ойынға келді. Қыздар мен аналар бірге жарысып, көңілді эстафета ойнайды.

Анасы қызының шашын өріп, шаш үлгісін жасайды.

Қорытынды:

Жүргізуші:– Құрметті қатысушылар! Бүгінгі сайысымыз өте көңілді өтті. Барлық ана мен қыз – жеңімпаз! Сіздер бір-бірлеріңізді қолдап, өнерлеріңізді ортаға салдыңыздар.

Бүгінгі іс-шараға арналған жылы лебізін бөбекжай-бақшамыздың меңгерушісі Нукесариева Мадина Тишбайқызына сөз кезегін береміз.

Барлық жұпқа сыйлықтар мен дипломдар тапсырылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2025
148
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі