400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

өнерлі бала

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақтың ойындарын жаңғырту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі бала »
Сабақтың мақсаты:
1. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2. Өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Өнерпаздықты, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.

Қасиеттер: таланттылық, зеректілік, өнерпаздық.
Керекті құралдар: суреттер, интерактивті тақта, слайд, тарататын материалдар, қарындаштар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді.
1. Кел ойланайық, пікірлесейік:
«Өнерлі өрге жүзер» оқушылардың ойларын еркін айтуға дағдыландыру
.

Өнердің қандай түрлерін ұнатасыңдар?

Өнердің адам өміріндегі рөлі қандай?
Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл тамаша нәрсенің аты- өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Кейде өмірден түңілген кездерде немесе көңіл-күй түсіңкі болған жағдайларда, қолыңа гитара алып, бір шерткеннің өзі, сол басыңнан өткен көптеген ауыр кезеңдерді титтей болса да ұмытуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қандай керемет дүние. Адамның бойындағы дарын, талант деген осы ғой, шіркін.... Бірақ өнер ол тек қана белгілі бір аспапты игере білу дегенге шектеліп қалмау керек, өнер – жан- жақты болады. Адамгершілік қасиетті сақтап жүру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың өзі, тіпті ауыр хабарды біле тұра, өзге жанға жеткізудің өзі – өнер. Сондықтан да өнер – менің өмірімнің үлкен бір бөлігі деп білемін. Өнерлі адам- өрге жүзеді, - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән жоқ екенін ұмытпаңыздар!

2. Сұрақ – жауап.

  • Қазақтың ұлттық ойындарын ата .асық ойыны, көкпар, алтыбақан, қыз қуу, сақина салу

  • Сәукелені кім киген? Сәукеле –қыздардың ұзату тойында киетін сәнді, әшекейлі бас киімі. Сәукеле алтын, күміс, асыл тастармен әшекейленіп, зермен, жібек жіппен кестеленеді. Төбесіне үкі тағылып, жерге дейін төгілген ақ желек  жабылады. Сәукеле – тек ұзатылатын қыздың бас киімі, оны беташарға дейін киген.

  • Тұсаукесер деген не? сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.

Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.

  • Үлкен адамдардың алдынан не істеуге болмайды? Кесіп өтуге болмайды.

  • Тойда не шашылады?


3. Ою түрлері:Қазақ даласында өнердің басқа да түрлері секілді ою - өрнек те әртүрлі үлгіде дамыған. Оюлардың әр аймаққа сәйкес өз ерекшелік стилі болған. бірақ та барлық оюлардың бастапқы элементі - «мүйіз» тектес ою - өрнек болып табылады. қазақ ою - өрнектерінің әзірше 230-дай түрі ғана анықталған. Қазір оқушыларымыз берілген түрлі - түсті қағаздардан ою қиып, оны ұқыпты жапсыруы керек.

4. Дұрысын тап ойыны. Балалар суреттерге қарап өнердің қай түрі екеін тауып әңгімелеп береді.

5.Сергіту сәті: Қара жорға биі

6.Қорытынды: Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал – мәтелі, тиым сөздері – тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әде т – ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің қайнар көзіне айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.02.2019
673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі