400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өнерлі бала сүйкімді

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мақсаты:. Балаларға сүйіспеншілік құндылықтарын арттырып, өнердің адам өміріндегі мәні туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - өнердегі адам өмірінің маңыздылығын түсіндіру; - өнерге қызығушылықтарын арттыру; - балаларды сүйіспеншілікке, мейірімке, достыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы. Ырғыз ауданы. Ақши ауылы .

М.Төлегенов атындағы орта мектебінің өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі : Р.Ә.Зинуллина



Өткізілу   мерзімі: 01.02. 2018ж.

Пән: өзін-өзі тану         

Сынып: 3
Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді.

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Сабақ мақсаты:. Балаларға сүйіспеншілік құндылықтарын арттырып, өнердің адам өміріндегі мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - өнердегі адам өмірінің маңыздылығын түсіндіру;

- өнерге қызығушылықтарын арттыру;

- балаларды сүйіспеншілікке, мейірімке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурсы: үнтаспа, көрнекіліктер,

Сара Алпысқызының суреттері, нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Мұғалім сөзі:

- Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаеваның туылған күнімен байланысты.

3.Үй тапсырмасын тексеру. Балалардың Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылға күніне арналған өлең шумақтар жаттап келулерін тексеру.

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағаңды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист. Қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы. 1992 жылдан «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, негізін қалаушы. Жетім балалардың жағдайларын да ерекше назарда ұстап, «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.«Өзін-өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы.

«Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек», – деп Сара  Алпысқызы айтқан екен.

(Топқа бөлу)

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйек сөз.

Адамның сәні – өнер, білім, ақылы.

Халық мақалы


Мұғалім сөзі:

- Адам өнер, білім, ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім, ақыл арқылы табысқа, қуанышқа, бақытқа жетуге болады. Өнерлі, білімді, ақылды адмның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады. Өнерлі болу адам баласына тән. Талпыну, талаптану әркімді өнерлі етеді. Ол үшін талмай еңбектену, іздену қажет. Кез келген адамның қолынан қандай іс келсе сол адамды өнерлі және оның қолы алтын деп атайды. Сондықтан

да халықта «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» деп бекер айтылмайды.



5.Әңгiмелеу (сұхбат). Өнерліге өлім жоқ

Ертегі

Ханның қандай өнері бар екен?

Уәзір әлгі дәулерге не деді?

Хан тұтқыннан қалай құтылды?

Өнерлі бала қандай болуы керек?

Өнер жайында қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Сендердің қандай өнерлерің бар?




6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

I топ. «Әншілер» ән айтады.

II топ. «Суретшілер» сурет салады.

III топ. «Ақындар» өлең шығарады.


Сергіту сәті: «Өнер»

Домбырам күмбірлеп,

Күй шерте аламын.

Бұрала би билеп,

Сурет те саламын.

Мәтінмен жұмыс

Қ.Қайымовтың «Ақын деген кім? » әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Дәптермен жұмыс. Ребусты шешу. Шешуі: «Өнерлі бала сүйкімді».



7.Топпен ән айту. «Бала тілегі»

Сөзін жазған:С.Молдасанұлы

Әнін жазған: Ф.Жолдасова

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел достарым, әндетіңдар, билеңдер,

Гүлденсін деп атмекен-қара орман.


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан- байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отанымым, тілегім сол менің де.


8.Үй тапсырмасы.

Өнерлі адамдар туралы әңгімелеп беру .


9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалім сөзі:

-Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылын ұқсатып, өнерін біліміне, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп атаймыз.

Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар. Сабақтан үйренген барлық жақсы қасиеттерімізді жүрегімізге сақтап аламыз. Жаймен көзімізді ашамыз.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
909
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі