400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өнерлі бала сүйкімді

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныптың «Өнерлі бала сүйкімді» ашық сабағының жоспары пән мұғалімдеріне қосымша ретінде өз сабақтарына қолдануға болады деп санаймын. Себебі өзім 3 деңгейлік курстан алған білімім бойынша сабақ жоспарын 8 жіктеме арқылы таблицада жасаймын. Мен сабақтың мақсат,міндеттеріне жалпыадамзаттық құндылықтарының қасиеттерін орындалуын жіктемелердің жүйелі түрде қолданғандықтан,осы сабақты жүзеге асырдым деп санаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

(Ашық сабақ)

Мектеп: Жарқын орта мектебі

Сынып:3 мерзімі:

Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер:Таланттылық, зеректілік,өнерпаздық.


Сабақ мақсаты:   «Сүйіспеншілік»     құндылығының   мәнін   ашу.


Міндеттері: - өнердің  адам  өміріндегі  маңыздылығын  түсіндіру.

    - өнерге  қызығушылыққа,  сүйіспеншілікке   баулу;

    - сұлулықты,  өнерді  сүйюге,  өнерпаздыққа  тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Әдістемелік құрал. Өзін-өзі тану

Әліппе-дәптер, слайдтар, суреттер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті. (Баяу «Орманға саяхат» тақырыптық музыка қойылады)

Орманға саяхат.

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. сыныпқа келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

-Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз қандай?

5 Т-ны еске алу.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз қандай?

5 Т-ны еске алу.

Сабақ барысын талдау:

2.Үй тапсырмасын тексеру. 2-3 оқушы.Өз өнерлері.


3.Дәйексөз. «Адамның сәні- өнер, білім, ақылы»

2 рет – ұлдарға, 2 рет – қыздарға айтқызу. Бәріміз қосылып айту

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер ?


4.Әңгімелеу. Ақын деген кім?  Қ. Қайымов 
- Әже, ақын деген кім? 
Мектепке барып, «Әліппені» аяқтағанына көп уақыт өте қоймаған жиен немересінің сұрағы Мәрзия әжейді ойландырып-ақ тастады: 
- Ақын деген бе? Ақын деген - өлең жазатын адам. 
- Өлең жазатын адамның бәрі де ақын ба? 
- Жоқ, қызым. Оның ішінде жүрегі үлкен адамдар ғана ақын бола алады. 
- Ал олардың жүрегінің үлкен, әлде кішкентай екенін қайдан білесіз? 
- Жүрегі үлкен деген сөз - елін, халқын, отбасын, ата-анасын ерекше жақсы көру деген сөз. 
-Әже! 
- Әу, жаным... 
- Мысалы, мен, өлең жазбаймын. Бірақ көкемді, апамды, Сізді жақсы көремін ғой. Сонда мен ақын емеспін ғой, иә?! 
- Әрине, дәл қазір сен ақын емессің. Бірақ, ақынжанды адамсың. 
- Сонда мен, кейін өлең жазатын ақын боламын ба? 
- Әсия, жаным. Мен саған күні ертең өлең жазып, ақын бола қаласың деп айтпаймын. Бірақ ойлаған ойың, тілеген тілегің, болашақ арманың үлгілі болса, ізгі-ниетті үлкен азамат болатыныңа сенемін. 
Мәрзия апа кішкентай немересінің үлкен сауалының қайдан пайда болғанын білгісі келді: 
- Әсеш, сен бұл сұрақты маған неге қойдың? 
- Біздің мұғалима Ардақ апай үлкен-үлкен елдерді басқарған патшаларға, хандарға ақындар ақыл айтқан дейді... 
- Дұрыс айтқан. Баяғы өткен замандарда Бұқар жырау деген ақын Бұқар жырау(1693-1789) бабаларымыздың айтқан сөзін хан тыңдаған.

Исатай(1791-1838) мен

Махамбет(1804-1846) деген ақын-батырлар халықтың қамын ойлаған. Ал Абай ата қандай ақын? 
   Абай(1845-1904) - ақындардың атасы. Өсе келе өлеңдерін оқысаң өзің түсінесің. Одан кейін

Сәкен Сейфуллин(1894-1938)

Ілияс Жансүгіров(1894-1938)

Мағжан Жұмабаев(1893-1938)сияқты үлкен жүректі ақындар болған жүректі ақындар болған. Жамбыл Жабаев(1846-1945)

Кенен Әзірбаев (1884-1976)сынды тағы көптеген жыр алыптарын білетін боласың, әлі. 
- Олардың бәрінің де жүректері үлкен болған ба, сонда? 
- Әрине. Жүрегі үлкен болмаса, үлкен ақын болмайды ғой... 
- Ал енді, әже, олардың жүрегі үлкен ақын екенін қайдан білеміз? 
- Өзін емес, елін ойлаған, жазған өлеңін мен де, сен де түсінетін ақын - нағыз ақын. Өлеңдерін бүкіл халық жақсы қабылдайтын ақын - нағыз ақын. 
Мәрзия апа ойланып қалды. Кішкентай немересі айтқанын түсіне алды ма? 
Әсия да ойланып отыр. Түсінген сияқты. 
Нағыз ақын - өзінің елін сүйетін адам. Халық сүйікті ақынын әрқашан да құрметтейді. 
Әсия да, әжесі де, жалпы адамдардың бәрі де осылай ойлайтын сияқты. Дұрысы солай. 
Сұрақтар: 
1. Немересі әжесіне қандай сұрақ қойды? 
2. «Жүрегі үлкен» деген сөздің мағынасын әжесі қалай түсіндірді? 
3. Өздерің қандай өнер түрін қалар едіңдер? 
Бейнекөріністер көрсету. 
(Кішкентай ақын Жамбыл,шахматшы Жансая туралы бейнекөрініс көрсету) Жас ақын
Жамбыл Дүйсенов.2003ж

2 жасында хат танып, 4 жасынан ұйқас құраған.Бүгінде 50-ге жуық туындылары бар. БалаЖамбылдың «Періште тілек»атты кітабы жарық көрді.

Жас шахматшы


Жансая Әбдімәлік 2000ж өзінің шахмат әлеміндегі алғашқы атағына алты жасында қол жеткізген еді.Бүгін әлемнің ең жас гроссмейстері, ең жас чемпион, ең жас студент және өз атында Шахмат академиясы бар .


-Жамбыл мен Жансаяны қандай балалар дейміз? 
- Ал,сендер өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер? 


5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Тапсырма: / әуен ойналады. 1.Шығармашылық тапсырма. 
1. Ақындар тобы (өлеңді аяқтау) 
Біз өнерлі баламыз, 
................................

Өнерлі өрге жүзер.

Өнерлі бала сүйкімді.

Өнерді үйрен 
Үйренде жирен.

Өнер алды, қызыл тіл. 
2.Суретшілер тобы(сурет салу) 
Балалар, қазақ халқының ұлы ақыны кім?-Абай Құнанбаев. 
Атамыздың жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдерін білесіңдер? 
-«Жазғытұрым», «Күз», «Қыс» өлеңдері.Қазір бізде қай мезгіл?-Қыс. Сендер суретшілер болғандықтан қыс мезгілін бейнелеп саласыңдар.



6.Топпен ән айту .Бәрі жақсы өнердің. Ө.Тұрманжанов.


Киім тіккіш жаман ба? Шипагер,емші маман да,

Бәрі керек адамға,Астықсыз өмір болған ба?

Астық егіп өсірген, Тракторшы жаман ба?

Осымен өнер тамам ба?


7.Үй тапсырмасы. № 21сабақ . Өнерлі бала сүйкімді. «Менің өнерім» тақырыбында эссе жазу.  №22. «Ақын деген кім» мәтінді оқып келу


8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка әуені ойнайды .

Еркін жайғасып отырайық.Енді,бүгінгі өткен сабағымыздан алған әсерді ой елегінен өткізейік. Сыныптағы бірлік , достық қарым-қатынас жүрегімізде сақталсын.Рахмет.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
858
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі