жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өнерлі екен он саусақ
Тәрбиеші: Жансейтова Эльмира «Таңшолпан» шағын орталығы
Түсіндірме хат
Дәстүрден
тыс әдіс арқылы сурет салу, мүсіндеу,
қол еңбегі бүлдіршіндердің ең сүйікті
ісі де болады. Өйткені, бояу әлеміне
ену, оны қолмен ұстап, сезіну арқылы
салынған дүние – балалардың танымдық
деңгейін ғана емес, сонымен бірге
қоршаған ортаға деген қызығушылығын
да арттырады. Сондықтан болар, дәстүрден
тыс әдіс арқылы бейнелеу:
-баланың
психикасына (эмоционалдық жағдайына);
-логикалық ойлау қабілетіне;
-саусақ
моторикасының дамуына;
-қағаз бетіне
бағдарлай білуді;
-көзбен көріп,
мөлшерлей білуді;
-эстетикалық
талғамының қалыптасуына зор ықпал
етеді.
Жалпы, мектепке дейінгі
мекемелердегі бейнелеу өнерінің,
мүсіндеудің, табиғи материалдармен
жұмыс жасаудың шығармашылық қабілеттерін
шыңдауда балалар үшін маңызы зор. Өз
түсінгенін бұқпасыз, боямасыз жеткізетін
жеткіншектің бояу арқылы бағдарлауында
тәрбиешінің орны ерекше. Сондықтан да,
өзімнің шығармашылық жұмысымның арқауы
ретінде осы дәстүрден тыс әдіс арқылы
сурет салуды, мүсіндеуді, қол еңбегін
алуды жөн көрдік. Аптасына бір рет
өткізілетін бұл іс-әрекеттер балалардың
қиялын, ой-өрісін дамытады, щығармашылыққа
жетелейді.
Шығармашылық жұмысымның
өзектілігіне келер болсақ: Бала қиялына
ерік беру арқылы оның ішкі сезімін, жан
дүниесін бағдарлау, нәтижеге жетер
жолдағы тиянақтылық пен іскерлік
дағдысын дамыту.
Ерте
кезде-ақ философтар шығармашылық
феноменды аңғаруға және адам дамуына
ықпалы қаншалықты екенін анықтауға
ұмтылды (Платон, Аристотель, Ф. Аквинский,
И.Кант). Орыс философиясында шығармашылық
зор түсініктердің бірі екендігін
мойындайды (В.С.Соловьев, В.Н.Лосский,
И.А.Беряев ).
Бейнелеу өнері
шығармаларын жақсы дәрежеді қабылдау
үшін, бала өнердің өзінің бейнелеу
тілін түсінетін дамыған қабілет болу
қажет. Өнер қабылдау балада арнайы
үйренуді қажет етеді.
«Өнерлі екен он саусақ» үйірмесі балаларды дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салуға, мүсіндеуге, жапсыруға, табиғи материалдарды қолданып өз шығармашылық қабілеттерін дамытып, жасаған жұмыстары туралы әңгімелей білуге үйретеді.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлау қабілетін, мәдениетін дамыту. Шығармашылық іскерліктері мен эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Міндеттері:
Балалардың
шығармашылық қабілеттерін шыңдап, бір
затты әр қырынан көре білулеріне, жасаған
жұмыстарын талдауға, өз ойларын жеткізе
білулеріне машықтандыру.
Бейнелеу
өнеріне қажетті негізгі техникалық
дағдыларды меңгерту.
Саусақ
моторикасының дамуына, эстетикалық
талғамының қалыптасуына ықпал ету.
Сурет
өнеріне деген қызығушылықтарын
арттыру.
Бастаған істі аяғына
жеткізуге, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелей отырып, рухани – адамгершілік
қасиетін дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Күтілетін
нәтиже:
Дәстүрден
тыс әдіс арқылы бейнелеу техникасын
меңгеріп, өз беттерінше жұмыс жасайды.
Шығармашылық қабілеттері
шыңдалады.
Жасаған жұмысы туралы
айтып бере алады.
Вариативтік компонент
«Өнерлі екен он саусақ» оқу іс – әрекетінің перспективтік жоспары.
р/с |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Күні |
1 |
Ұшақтар бүктеу |
1 |
|
2 |
Аққулар қол еңбегі |
1 |
|
3 |
Сиыр сурет салу |
1 |
|
4 |
Паровоз мүсіндеу |
1 |
|
5 |
Әтеш пен бақа жапсыру |
1 |
|
6 |
Алтын балық қол еңбегі |
1 |
|
7 |
Қайық бүктеу |
1 |
|
8 |
Қашқаргүл (астра)мүсіндеу |
1 |
|
9 |
Арыстан жапсыру |
1 |
|
10 |
Аққала қол еңбегі |
1 |
|
11 |
Үйрек мүсіндеу |
1 |
|
12 |
Түймедақ бүктеу |
1 |
|
13 |
Қысқы киім .қол еңбегі |
1 |
|
14 |
Тасбақаның суретін салып үйренеміз сурет салу |
1 |
|
15 |
Досыма сыйлық мүсіндеу |
1 |
|
16 |
Қалампырқол еңбегі |
1 |
|
17 |
Тату жанұя (мүсіндеу) |
1 |
|
18 |
Қоңыраугүл сурет |
1 |
|
19 |
Қояндар бүктеу. |
1 |
|
20 |
Молшылық, береке түрлі материалдар |
1 |
|
21 |
Бақабүктеу |
1 |
|
22 |
Қаздың балапаны қол еңбегі |
1 |
|
23 |
Бақ - бақ қол еңбегі |
1 |
|
24 |
Балықтар. мүсіндеу |
1 |
|
25 |
Анамызға сыйлық (қол еңбегі) |
1 |
|
26 |
Гүлдер әлемі сурет |
1 |
|
27 |
Ормандақол еңбегі |
1 |
|
28 |
Көлде жүзген аққу мүсіндеу |
1 |
|
29 |
Қайықша. бүктеу |
1 |
|
30 |
Қонжық(қол еңбегі) |
1 |
|
31 |
«Алқаптағы гүлдер»жапсыру |
1 |
|
32 |
Құстар (сурет салу) |
1 |
|
33 |
Жаңбыр(саусақпен сурет салу) |
1 |
|
34 |
Шалғын шөптер(жапсыру) |
1 |
|
35 |
Жайлауда(қол еңбегі) |
1 |
|
36 |
Көрме ұйымдастыру |
1 |
|
Барлығы |
36 |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген