Материалдар / Өнерлі екен он саусақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өнерлі екен он саусақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Вариативтік бөлім өнерлі екен он саусақ. Мектепке дейінгі балаларға арналған құрал. Бала тілін, ой өрісін дамытуға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2022
468
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Вариативтік компонент

Тақырыбы: «Өнерлі екенғой он саусақ»






















«Өнерлі екенғой он саусақ»

вариативтік компоненттің тақырыптық жоспары.


Тақырыбы

Бағдарламалықмазмұны

Керекті құралдар

Сағат

1.«Қағаз, қарындашпен таныстыру»

қағазбен майлы қарындашпен таныстырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.


сурет салуға арналған ақ қағаз, түрлі түсті майлы қарындаштар.

1

2.«Түрлі түсті орамал»

Балаларды шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру.

Демонстрациялық материалдар,орамал

1

3.«Бұлттар әлеміне саяхат»

Балаларға аспан әлемін қағаз бетіне дәстүрден тыс әдістермен түсіру, іскерлік дағдыларын меңгерту, шашырату әдістерін бекіту

Бұлттар суреті

1

4.«Ұзын жолдар»


Балалардың қарындашпен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру

Қызыл, көк түсті майлы қарындаштар, екі түрлі жолақ қағаз, әр балаға арналған жолақ қағаздар, ойыншық қағаздар

1

5.«Әр түрлі түстегі қақпалар»


Қарындашты үш саусақпен дұрыс отырып, ұшын сәл жоғары, қатты қыспай, оң қолымен қағаз бетіне төменнен жоғары қарай, оңнан солға қарай, жоғарыдан төмен қарай қысқа және ұзын сызықтар жүргізе білуді үйрету

Әр балаға бір-бірден сары түсті қағаз, екі түсті қарындаш, ойнышық аю.

1

6.« Жау- жау жаңбыр»


Сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру, балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін іс-әрекетте бере білуге үйрету, қарындашты ұстай білу дағдыларын дамыту

Көгілдір түсті майлы қарындаш, әрбір балаға ақ қағаз (жоғарғы бөлігіне бұлттар бейнеленген) сүрткіш.

1

7.«Табиғат әлемі. Шағылысқан күн сәулесі»

Балаларға алақанмен саусақтар көмегімен күн бейнесін салу әдісін үйрету.

Күн сәулесі салынған үлгі сурет, көк түске боялған қағаз, сары бояу қол сүрткіштер, ойыншықтар

1

8.«Қош келдің Алтын күз! Жапырақтар түсуде»

Қылқаламмен таныстыру, сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіруді үйрету;

Қызыл, қоңыр гуашь бояу, сары түске боялған қағаз, қылқалам, су, сүрткіш, демонстрациялық материалдар.

1

9.«Жомарт күз:Қызыл, сары жапырақтар»




Ата-аналармен бірлесе отырып алақан арқылы жапырақтың бейнесін салуды үйрету

демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздан жасалған сары, қызыл жапырақтар, қызыл, сары гуашь бояулар

1

10.«Түрлі- түсті жіптер»

Фломастерді дұрыс пайдалана отырып ирек сызықтар сызуға үйрету.

3 түсті фломастерлер, 3 түсті жіптер, әр балаға арналған жіптердің суреті салынған парақтар, дымқыл қол сүрткіштер.

1

11. Әжемнің жіп шумақтары .

Балаларды түрлі түсті фломастерлермен жіп ораманың суретін салуға, фломастерді қатты қыспай, қағаздың ортасынан бір нүктені белгілеп, сол жағынан жоғарыдан бастап қолды үзбей дөңгелетіп салуды үйрету

Демонстрациялық материалдар

1

12.«Теңіздер мен мұхиттар. Балықтар жүзеді»

Езілген бояуды жүргізу арқылы қағаз бетін толық бояуға үйрету. Қылқаламмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту

Әр балаға түрлі-түсті майлы қарындаштың көмегімен салынған балық бейнесі бар парақтар, көгілдір бояу, қылқалам, қол сүрткіштер, су

1

13.«Ғарышқа саяхат. Әуе шарлар»


Қарындашты үш саусағымен дұрыс ұстай отырып, ирек сызықтар салу дағдысын бекіту.

Түрлі- түсті қарындаштар, үлестірмелі материалдар, қол сүрткіштер. Демонстрациялық материалдар.

1

14.«Жапалақтап қар жауды»

Саусақ арқылы қардың бейнесін салуды үйрету, саусақтардың бұлшықеттерін дамыту, бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Әр балаға бір-бірден көгілдір түспен боялған парақтар, ақ гуашь, су, қол сүрткіштер, демонстрациялық материалдар.

1

15«Ақ ұлпа қарлар»

« Бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы жіңішке сызықтар түсіре отырып, жауып тұрған ұлпа қардың бейнесін салуға үйрету.

Ақ түсті гуашь, жіңішке қылқаламдар, әр балаға көк түспен боялған қағаздар, қол сүрткіштер, су

1

16.«Шырша шамдарын жағамыз»


Жаңа жыл мейрамына байланысты кешті еске түсіре отырып берілген суретті жалғастырып саусақтарымен таяқшаға оралған мақтамен сурет салуға үйрету.

Түрлі-түсті бояулар, әр балаға арналған таяқшаға оралған мақта, үлестірмелі материалдағы фон, қол сүрткіштер, су

1

17.«Қардағы іздер»

Қағазға саусақпен дақ түсіруді үйретуді жалғастыру, бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, жануарлардың қимыл-қозғалысын және іздерін қарға түсіріп жаттығу

Ақ қағаз, қоңыр, көк түсті бояу (гуашь) қылқалам, ойыншық аңдар

1

18.«Мұз сүңгілері»


Үзік сызықты сыздырта отырып кеңістікті бағдарлай білуге үйрету, баланың қиялын дамыту, табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Әр балаға сүңгінің суреті салынған парақтар, қылқаламдар,көк бояу, су, қол сүрткіштер.

1

19.«Мұржаның түтіні будақтайды»

Қыс мезгілі ерекшелігін түсіндіру, қарындашпен үзбей ирек сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру, саусақтарының қозғалыстарын және икемділігін дамыту.

Әр балаға бір-бірден үйдің суреті салынған парақтар, түрлі –түсті қарындаштар, қол сүрткіш.

1

20.«Мұз айдынындағы іздер»



Берілген фонның үстінен коньки ізін ирек сызықтар арқылы көрсетуге үйрету, ирек сызықтар сызу дағдыларын қалыптастыру, қиялын дамыту, табиғаттың әсемдігін түсіне білуге тәрбиелеу

Әр балаға арналған көкшіл мұз айдыны бейнеленген үлестірмелі материал, жіңішке қылқалам, көк бояу, қол сүрткіштер, су

1

21.«Маймақ маң-маң басады»

Аюдың ізін қарындашпен үлкен және кіші дақ түсіру арқылы салуға үйрету, жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке дербес әрекет етуімен белсенділігін дамыту

Әр балаға бір-бірден аюдың суреті салынған парақтар, қарындаштар, ойыншық аю

1

22.«Машинаның дөңгелектері»

Машинаның дөңгелегін тығын арқылы салуға үйрету;жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке әрекет көрсетуі мен белсенділігін дамыту

Әр балаға арналған үлестірмелі материял, қара бояу, қол сүрткіш.

1

23.«Түрлі түсті моншақтар»

Саусақ немесе бастырма арқылы моншақтар суретін салуға үйрету.

Қуыршақ Айсұлу, түрлі түсті моншақтар, әр балаға сары түспен боялған қағаздар қызыл, сары бояулар, қол сүрткіштер, су.

1

24.«Үйдің терезесіндегі жарықтар»


Қылқаламмен үзік сызықтарды кеңістікте дұрыс орналастыра сызуды үйрету

Демонстрациялық түспен боялған қағаздар, ақ бояу, қылқалам, қол сүрткіштер, су

1

25.«Торғайларға жем шашамыз»



фломастермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,қағаз бетіне нүктелерді түсіруге үйрету

Фломастер мен үшкір ұшталған таяқша, торғайлардың суреті, сазбалшық, жем салғыш, сүлгі.

1

26.«Орамалды безендіру»

Қағазға бастырмамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, орамалды геометриялық пішіндермен безендіруге үйрету

Сары түсті парақ, бастырма, түрлі түсті бояу, сүлгі, су

1

27.«Менің отбасым»

Балаларға отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсінік беру.

Қуыршақ Әйгерім, оның әдемі көйлек үлгісі, әр балаға бір-бірден көйлек үлгілері, түрлі бояулар, қол сүрткіштер, су.

1

28. Әжемнің өрнектері.

Түрлі түсті бояуларды пайдаланып текеметті безендіруге үйрету, негізгі түстер туралы білімдерін бекіту

Әр балаға бір-бірден текемет үлгілері, қызыл, сары бояулар, қол сүрткіштер, су.

1

29. Түрлі түсті сақиналар.



Қол, саусақ қимыл-қозғалыс икемділігін бейімдей отырып дөңгелек пішін салуға үйрету, бояу түстерін ажырату дағдыларын қалыптастыру

Ұлттық киім киген қуыршақ Айсұлу, түрлі түсті сақиналар, қызыл, сары бояулар, қол сүрткіштер, су, ақ қағаз.

1

30. Жылғалардан су ақты.


Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру; қылқаламмен ирек сызықтар сызуды жалғастырып, бояуды үйрету

Демонстрациялық материалдар, көктем мезгілі бейнеленген суреттер

1

31. Шөптегі қанқыз.



Балаларға шөпті бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы салуды үйретуді жалғастыру; шөпті бейнелегенде оның толық; бетті қамтуын қадағалау;

Демонстрациялық материалдар.

1

32. Егістіктегі бақбақтар.



Балаларды егістікте өсіп тұрған бақбақ гүлінің пішінін, әдемілігін сурет арқылы жеткізуге үйрете отырып, бояумен жұмыс істеу біліктіліктерін жетілдіру

Демонстрациялық материалдар

1

33. Егістіктегі бақбақтар


Балаларды егістікте өсіп тұрған бақбақ гүлінің пішінін, әдемілігін сурет арқылы жеткізуге үйрете отырып, бояумен жұмыс істеу біліктіліктерін жетілдіру

Демонстрациялық материалдар

1

34. Мерекелік отшашу.


Мерекелік отшашудың әдемілігін сурет арқылы жеткізуге, отшашудың суретін салуға үйрету

Әр балаға құм салынғаныдыстар, қол сүрткіштер.

1

35. Қошақандарға шөп береміз.

Жасыл түсті пайдалана отырып шөптердің суретін салуға үйрету;

Әр балаға құм салынғаныдыстар, қол сүрткіштер.

1

36. Доптар.


Балаларға қарапайым дөңгелек пішінді саусақпен құмда салуды үйрету;

Әр балаға құм салынғаныдыстар, қол сүрткіштер.

1

Барлығы:36

1.Күні________

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Бөлімі: «Өнерлі екенғой он саусақ»

Тақырыбы: «Қағаз, қарындашпен таныстыру»

Мақсаты: қағазбен майлы қарындашпен таныстырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Көлденеңінен, тігінен сызықтар сызуды үйрету. 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!