Өнерлі жастар
ордасы
Бүгінгі жас болашақ – Қазақстанның жанды
бейнесі. Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді, өнегелі де
өнерлі жастар. Өнерлі жастардың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына
барынша жағдай жасап келе жатқан
кәсiби бiлiм беру ордаларының
бірі - «Өнер колледжі –
музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған
мектеп-интернат» Кешені» КММ. Ол -
кәсіби орындаушылар,
әншілер, актерлер, хореографтар және суретшілерді дайындайтын
өңіріміздегі жалғыз, бірегей оқу
орны.
Мұнда музыка мамандығын таңдаған өнерлі де
талантты, жан-жақты, креативті сонымен бірге қарапайым студенттер
білім алуда. Бейімділік, талант пен
сарқылмайтын еңбек мамандықты игеру жолындағы
маңызды алғышарттар болып
табылады. Музыкалық мамандық - «жаны бар мамандық»,
себебі рух, руханилық, адамгершілік бұл мамандыққа жақын, туыстас
ұғымдар. Ал музыка адамның
адамгершілігіне, сезіміне, жан дүниесіне әсер
етеді.
Біздің Кешеннің студенттері қаланың және
облыстың мәдени өміріне белсене ат салусыда. Олардың қатысуынсыз
бірде-бір елеулі іс-шара өтпейді. Студенттік шағынан бастап олар
облыстық филармония, театр жұмыстарына араласып, тәжірибе жүзінде
өз шығармашылықтарын
шыңдайды.
Кешен директоры Р. Кашенева жеке үлгісімен
студенттерді жеке және кәсіби тұрғыдан
өсуіне, музыкалық талғамдарын жетілдіруіне, жаңа
замануи шешімдер іздеуіне, жаңа шыңдарды бағындыруына
ынталандырады. Оның жетекшілігімен Кешенде облыстың ең үздік
мамандары жұмыс
iстейдi. Кешен ұжымы тек пікірлес адамдар ұжымы ғана
емес - бұл бір үлкен, біртұтас «сағат механизмі» тәрізді. Әр
маманның: мейлi оқытушы болсын, мейлі
студент болсын өз
мiндет-мақсаты бар. Олардың әрқайсысы сол
«механизмнің» бір бөлшегі болғандықтан өзіне қойылған міндетін тек
«өте жақсы» бағаға орындауы
тиіс. Тек түгелдей команданың
үйлесімді жұмысы нәтижесінде механизм мінсіз жұмыс істейді. Бұны
біз симфониялық, орыс және қазақ оркестрінің, скрипкашылар
ансамблінің, гитаристер, домбырашылар, қобызшылар, вокалдық
ансамбльдердің, театр студиясының қойылымдарында байқай
аламыз.
Басқа колледждердің жұмысының нәтижесі - бұл
тауар немесе өнімнің өндірісі болса, ал біздің Кешеннің жұмысының
нәтижесі - түрлі сайыстардағы жеңістермен және марапаттармен
өлшенеді. Колледжіміздің әрбір мамандығы осындай жетістіктермен
мақтан тұта алады.
Жыл сайын Кешеннiң 40 астам
білім алушылары мамандандырылған халықаралық, республикалық,
облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Биылғы жылы
да Кешен түрлі деңгейдегі
додаларда жеңіспен көріне білді.
Жүлделердің кейбірулерін атап
айтатын болсақ:
«Урал собирает
звезды» халықаралық байқауы. Таупыкова Алтыншаш -
Гран-при. Аспап - кларнет. Оқытушы: Брюханов
Г.
Құрманғазы атындағы Қазақ
ұлттық консерваториясы ,
Х Республикалық олимпиада,
Алматы қ. «Прима қобыз» номинациясы бойынша Алтынжан Таупыкова - II
дәрежелі лауреат. Оқытушы: Адамбекова
М.
«Piano
Test Almatu»
халықаралық
байқауы. Шилкина Светлана – І орын,
Оқытушы: Лапухина Е.
39
музыкалық колледждер
арасындағы Республикалық орындаушылар
байқауы.
Баян/аккардеон номинациясында
Стародубцев Матвей –ІІ дәрежелі лауреат. Оқытушы: Антоненко
Г.
Р.Жаманова атындағы
Республикалық олимпиада, Алматы қ. Акаев Арлан, Конаева Алина,
Ставров Артем ІІ орын. Оқытушылары: Кашенева Р., Ибраев М.,
Нуриахметов А.
«Студенттер шығармашылығы»
халықаралық жастар фестивалі. «Актерлік өнер» мамандығының 2 курс
студенттері - «Гран-при». Оқытушылар: Супатаева А., Шамбетов Р.,
Котляренко Н.
«Таң Шолпан» республикалық
конкурсы. Жақсылық Серикбол - І орын, оқытушы: Ибраев М.,
Красноголовая Мария - ІІ орын, оқытушы: Габидуллина
В.
Бүгінде Кешенімізде білім алып, өнерімен
облысқа, республикамызға танымал болып жүрген жастар аз емес.
Солардың бірі «Ән салу» мамандығының 2015 жылғы түлегі - елімізде
өткен «Қазақстан дауысы», «МузАрт-Live» мега-жобасының финалисті,
қазақ эстрада әншісі -
Иса Әлимұсаев. Ауыз толтырып атап айтарлық
керемет жеңісіміз - «Актерлік өнер» мамандығының
2004 жылғы түлегі – Самал Еслямованың Ресейлік
режиссер Сергей
Дворцевойдың «Ayka» драмасында басты рөлді
сомдап, 71-ші Канн кинофестивалінің «Үздік әйел рөлі» номинациясын
жеңіп алуы. Бұл жеңіс тек Кешеннің ғана емес бүкіл Қазақстанның
мерейін асырып отыр. Бұған дейін ол «Тюльпан» фильмінде басты
рөлді сомдады. Туынды 2008 жылы Канн фестивалінде «Ерекше көзқарас»
конкурсының бас жүлдесін, әділ қазылардың жүлдесін, Францияның
білім министрлігінің жүлдесін жеңіп алған
еді.
Өнерлері өрге жүзген
дарынды жастарымыз әлі де бізді талай
жарыстан жоғары жүлделермен қуантар деп сенеміз және
оларға шығармашылық табыс пен шабыт
тілейміз!
Кешен
оқытушысы:
Ә.Әскерова