400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өнерлі өрендер" сайысы (технология пәнінен)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Өнерлі өрендер" сайысы оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін қорытындылау мақсатында ұйымдастырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сырым аудандық ЖББ А. Жұмағалиев

атындағы Жосалы ОМБК КММ технология пәнінің мұғлімі Кадыралиева А.Г


Тақырыбы: «Өнерлі өрендер»

Мақсаты: өркениетті еліміздің өрендеріне халқымыздың ұлттық өнерін насихаттау арқылы технология пәнінен алған білімдерін пысықтау. Ұлттық мәдениеттің дамуына өзіндік үлес қосуға баулу.

Түрі: сайыс

Барысы.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгін 5-10 сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Өнерлі өрендер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Қасиеттің бәрі керек адамға,

Жұмбағы көп мынау үлкен ғаламда.

Әрі епті, әрі жылдам ұландар,

Кәні шықсын таңғажайып аланға деп бүгінгі «Өнерлі өрендер» сайысына қатысушыларды ортаға шақырамыз.


Сайыстың шарттары:

  1. Жұмбақ шешу

  2. Мақал-мәтелді жалғастыру

  3. Сұраққа жауап беру

  4. Кім жылдам? ( тапсырма орындау)

  5. Сөзқұрақ ( берілген әріптерден сөздер құрау)

  6. Әп сәтте (берілген құрал-жабдықтардан бұйым түрін жасап шығару)

Сайысқа 6 оқушы қатысады. Екі кезеңнен бастап әр кезең сайын аз ұпай жинаған 1 оқушы қатардан шығып отырады. Барлық кезеңнен сүрінбей шыққан қатысушы «Өнерлі өрен» деген атаққа ие болады.

Алдымен бүгінгі сайысымызды саралайтын қазылар алқасымен таныс болайық.

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық

І кезең. Жұмбақ шешейік.

1.Кішкене өзі, мың көзді. (оймақ)

2. Дастарханға шуылдап,

Күніне үш жиылар.

Жарты сағат қимылдап,

Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ)

3. Бар екен дүниеде жалғыз көзді.

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап -жалаңаш өзі безді. (ине)




4.Екі семсер айқасқан,

Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)

5.Бір итім бар қабаған

Аузына темір жамаған. (әбдіре)

6.Басқаға киін дейді

Ал өзі киінбейді (тігін машинасы)

7.Қолы жіңішке,

8.Алақаны жалпақ. (Күрек)

9.Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)

10.Өздігінен бата алмас,

Адам өмірімен қатарлас.

Ол болмаса пендеңіз,

Тіршілік өмір жасамас. (киім)

11.Шаршамас киім көрдім жалғыз аяқ

Аузына тістеп алған шиден таяқ.

Жүгірген сайын белбеуін қабаттайды,

Беріпті әсемдікті аямай-ақ. (ұршық)

12.Қолымда бір құсым бар екі басты,

Аяғын басқан кезде нәрсе қашты. (қайшы)

13. Қалпақты шымырды,

Төбесінен ұрды.

Түзетуге қыңырды,

Дәйім дайын тұрды. (балта)

14.Болат түкті көсеу мықты,

Тозаңдатып темірді үкті (егеу)

15.Тұмсығы мықты,

Ой мен қырды тегістеп шықты. (үтік)

16. Саусаққа киіп ем тобатай,

Инені жүгірттім оп-оңай (оймақ)


Қазақ халқы тілге бай, айтатын ойын астарлап, мақалдатып жеткізетін дана халық.

Мақал-мәтелмен жас ұрпақтың бойна ізгілік нұрын сеуіп, әдептілікке, жауапкершілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа баулыған.

ІІ кезең. Мақал-мәтелдерді жалғастыру

1.Еңбек қылмай ер оңбас..........

(Бірлік болмай, ел оңбас)

2.Еңбектің көзін тапқан..............

(Байлықтың өзін табады)

3.Еңбек ерлікке жеткізер..........

(Ерлік елдікке жеткізер)







4.Қол өнері кілемде...............

( Сөз өнері өлеңде)

5.Шеге қаға білмесең қолыңды ұрарсың.........

( Түйме таға білмесең, қолыңа ине тығарсың)

6. Қыз еркем кестесімен көркем.............

(Ұл еркем өнерімен көркем)

7.Киім пішсең кең піш, тарылтуың оңай.............

(Темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай)

8. Шешеннің сөзі мерген............

(Шебердің көзі мерген)

9. Көз қорқақ.....................

(Қол батыр)

10. Өнерлі... /өрге жүзер/
11. Өнерлінің... /өрісі кең/
Шебердің қолы ортақ... /шешеннің сөзі ортақ/
12. Жігітке жеті... /өнер де аз/

13. Өнер-таусылмас азық.
(Жұтамас байлық )
14.Асыл тастан шығар,

(Өнер жастан шығар) 

15.Ақыл көпке жеткізер,

(Өнер көкке жеткізер) 

16.Талапты ерге................( нұр жауар)
17.Еңбектің наны тәтті................

(жалқаудың жаны тәтті)
18.Өнер таусылмас азық.................
(Сарқылмас байлық)
19.Өнерді үйрен.................
(Үйренде жирен)
20.Ел іші...............(өнер кеніші)

Ал енді қазылар алқасы, ұпай санын есептеп берсе, ең аз ұпай жинаған ойыншы сайыстан шығады.

ІІІ кезең Сұрақ-жауап.

1.Астық дақылдарын ата. ( бидай, сұлы, күріш)

2. Сүт тағамдарының маңызы. (Құрамында ақуыз, кальций, майлар, минералдар бар)

3. Матаны ылғалды жыллумен өңдеу дегеніміз не? ( үтіктеу)

4. Ежелгі ұлттық ою қалай аталады? (қошқармүйіз)

5. Қағазбен бүктеп бұйым жасау қалай аталады? (оригами)

6. Бұйым макеттерін қай материалдан жасау оңайырақ? (қатырма қағаздан)

7. Ою түрлері неше топқа бөлінеді? ( 4- топқа: өсімдік тектес, жануар тектес,ғарыштық, геометриялық)





8. ұлттық баскиімдерді ата. (сәукеле, тақия, бөрік)

9.малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам. (Құрт)

10. Табиғи жүнді неден алады? (ешкі,қой)

11.Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

12. Зергер дегеніміз кім? (әшекей бұйымдарын жасайтын адам)

13. Металдар қанша топқа бөлінеді? (қара және түсті)

14. Киіз үй жиһаздары. (кебеже, сандық)

15. Ағаш бетін тегістейтін құрал (сүргі)

ІV. Кезең. Кім жылдам? ( тапсырма орындау)

1.Қағаздан ою ою

2. Картоп ашу

3. Инені сабақтан түйіндеу

4. Түйме қадау






V кезең. Сөзқұрақ ( берілген әріптерден сөздер құрау)

И

Ш

А

С

Т

Ө

Р

О

Ы

Қ

Ә

К

Н

Е

У

Ұ

Д

У

Л

Г

І


(уық, құрақ, қолөнер, сүргі, сәукеле)

VІ. Әп сәтте (берілген құрал-жабдықтардан бұйым түрін жасап шығару)

Берілген құрал-жабдықтарды пайдалана отырып бұйым түрін жасап көрсету.


Сайысқа түскенімен топ балалр,

Ішінен шыққан озып орын алар.

Бүгінгі өткен сайыстың да

Бағы жанған бағасы бар.

Олай болса, ортаға шақырайық,

Алғыс айтып, қошемет танытайық,- деп кезекті марапаттау рәсіміне береміз.

Қорытынды.
Өмір таны, өнер қу, Өнер сүйсең жиренбе,
Өнер табу - ол да оқу Дамыта бер, үйрен де!
Талаптансаң тартынба, «Өнер алды кең»,- деп кел,
Өз күшіңе жол табу! Қалсын үлгі кейінге, -дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Келіп, тамашалағандарыңызға көп рахмет! Сау-саламатта болыңыздар!



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 маусым
1103
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі