400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өнерлі қыз, өнегелі ана

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналары мен қыздары арасындағы байланыс, қыздарымыздың тәрбиесі жайлы сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өнерлі қыз, өнегелі ана»


Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.


Жүргізуші:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,

Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Қош келдіңіз, бүгінгі кешімізге
Сый тартайық әсем ән, тәтті бимен.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, оқушылар және көрермендер! Бүгінгі сыныбымызда өткізілгелі отырған қыз балалар мен олардың аналарына арналған «Өнерлі қыз, өнегелі Ана» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен Аналар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.

Жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.








Жүргізуші

- Әділ қазылармен таныстыру:

- Алдымен сайыскер ару, аналарымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды анықтап беретін әділ - қазы алқасымен таныстырып алайық:
1. _____________________________



Жүргізуші:

Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің анасы» яғни өз - өзін таныстыру.
2. «Кім жылдам Қыздарымен және анеаларымен ойын ойналады. 3.«Дәм думан тағам » бұл тағамдар сайысы. (ата - аналарға үй тапсырмасы сайысы).
4. « Бұрымды ару » ( Аналары қыздарының шашын өріп, шаш үлгісін көрсетеді ) 5.Өнер сайысы ( Өз өнерін көрсету )
Жүргізуші:
- Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына тас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан,
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл әрине ана!
Олай болса алғашқы кезеңіміз «Сәлем – сөздің анасы» - кезеңін бастайық. Бірінші болып өздерін таныстыратын _________________________________







Жүргізуші:Сайысымыздың 2 – кезеңі
« Кім жылдам » деп аталады. Бірінші қыздар жарысатын болады. Қыздардан кейін аналары.

Ойынның шарты: Сіздер мына стакандардағы суды ауыздарыңызға қасықты тістеп, келесі стаканға құйуларыңыз керек. 1 минут уақыт ішінде қанша су жиналғанын есепке алатын боламыз.

Жүргізуші: Аналарымыздың қолынан келмейтін өнер жоқ. Олар тігін тігеді, астың түрлі - түрлісін дайындайды. Сыныптағы қыздарымыз да аналарына еліктеп түрлі өнерге ыңғайлы. Ендеше Аналары мен кішкентай ханшайымдары бірге дайындаған үй тапсырмаларына кезек берсек. Келесі кезеңіміз«Дәм думан тағам » деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлеріміз өздерінің үйден жасап келген түрлі тағамдарымен таныстырады.



Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі « Бұрымды ару » деп аталады. Бұл кезеңде аналары қыздарының шашын өріп, шаш үлгісін көрсетеді. Берілетін уақыт 4 минут.

Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңі « Өнер сайысына » да келіп жеттік. Бұл кезеңде аналары мен қыздары өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
- дегендей сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. жеңімпаздарымызды анықтау үшін келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.
Жүргізуші:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы

Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, аналарымызды сыйлап, құрметтейік! Осымен бүгінгі «Өнерлі ана, өнегелі қыз » атты сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
07.11.2023
847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі