400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өнерлі ұстаз-2024

Материал туралы қысқаша түсінік
Аудандық өнерлі ұстаз байқауынан
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өнерлі ұстаз – 2024»

Біртұтас тәрбие аясында 2024-2025 оқу жылының жоспарына сәйкес, Жетісай ауданының білім бөлімі, Түркістан облысы білім басқармасының 2024 жылғы 10 қазандағы №340 бұйрығына сәйкес «Өнерлі ұстаз- 2024» байқауына «№25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен мектептің Арнайы педагог маманы Мырзахан Жанат Бауыржанқызы қатысты. Мектептің Арнайы педагог маманы Мырзахан Жанат Бауыржанқызы 1999 жылы 22 сәуірде Жетісай ауданы,Жылы су ауылына қарасты Мырзашоқы ауылында дүниеге келген. 2016жылы Мырзашоқы ауылындағы «№30 І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебін» үздік аяқтаған. Сол жылы Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетіне «Дефектология» мамандығына оқуға түседі. 2020жылы осы оқу орнын қызыл дипломмен бітіреді. 2020 жылы қыркүйек айынан бастап,Жетіай ауданы , Жылы су ауылындағы «№25 жалпы білім беретін мектепке» Арнайы педагог маманы болып жұмысқа ортанласады. Қазіргі таңда отбасылы,екі баланың анасы.Еңбек өтілі 4 жыл. «Өнерлі ұстаз -2024» байқауын өткізудегі мақсат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында педагогтердің шеберлігін,сахна мәдениеті,сөз саптауы, ата-бабамыздан келе жатқан ізгілік пен инабаттылықты көрсету. Жанат қызымыз үш турдан тұратын байқауда таныстыруын өз шеберлігіне салып айтып ,қазылар алқасының ықылысына бөленді. Екінші туры «Дублёр » шарты бойынша білікті ұстазымыз Жанат кәсіби шеберлігінің арқасында өзіне түскен Педагог ұйымдастырушы дублёрін өз шеберлігімен орындап, көрерменнің көңіл- күйін көтеріп, тапсырманы өз дәрежесінде орындап шықты. «Өнерлінің өрісі - кең» демекші «Өз өнері» турында М.Мақатаевтың «Шеше сен бақыттысың» өлеңін нақышына келтіріп , сахналық көрініспен оқып, ананы құрметтеу керектігін,жәннат ананың табанының астында екенін дәріптеп көрсете білді. Білімді, білікті, инабатты , жан – жақты даму үстіндегі жас әрі көрікті ұстаз Жанат қызымыз «Өнерлі ұстаз -24» байқауына қатысып, аудандық іріктеу кезеңінен І орынды иеленіп қайтты. Өз өнерімен көпшілікті тәнті етті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2024
211
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12