Материалдар / Өнерліге өріс кең
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өнерліге өріс кең

Материал туралы қысқаша түсінік
технология пәні мұғаліміне ашық сабақ сыныптан тыс шара өткізгенде көмекші құрал ретінде қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
1465
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле»

Абай

Еңбекке баулу оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, оқушыларды перспективалық технологиялармен таныстырып, олардың политехникалық көзқарасын қалыптастыратын пән.

Бұл пән оқушыларды тұрмыстық және өндірістік қызмет түрлерімен таныстырып, экономикалық өзгерістерге бейімдеп, келешек өмірге дайындап, жаныңда жүрген үлкендердің қызметін дұрыс сезінуге, түсінуге мүмкіндік береді.

Шақшақ шешен өз сөзінде;

«Дәулетің, ұлым өнерің,

Өнермен артар беделің.

Өнерің болса бойыңда,

Халыққа тиер көмегің» деген екен.

«Өнерліге өріс кең !» атты сайыс

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығуылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын сауық, жарыс.

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, математика, бейнелеу өнері, биология, география.

Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- сайыстың тақырыбымен таныстыру,

- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,

- әділқазы алқаларымен таныстыру.

- сайыстың шарттарымен таныстыру, (плакатта жазулы тұр)

ІІ. Сайыстың барысы:

ІІІ. Сайыс қорытындысы.

Сайыс барысы:

Жүргізуші:

Ұл мен қыз сүйкімді болсын деп,

Өнер –білімге икемді болсын деп,

Бәйтеректей бойшаңдансын деп,

Өрен-өршіл өркенді болсын деп,

Жақсы жолды таңдайық.

Жамандық тәлім алмайық,

Біздің мектеп дәстүрін

Жаңалайық, жалғайық,

Ары адал, жаны жаз,

Жеңімпазды таңдайық, - деп «Ал, қанеки, қыздар» атты кешімізді бастайық.

  1. - Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бұл сайысқа 8-9 сыныптардың топтары өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.

Сонымен қадірменді көрермен қауым, қатысушыларымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.

1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады. (4 мин)

2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы. 5 сұрақ технология пәнінен (15 мин)

3-шарт. «Кім жылдам?» (8 мин)

Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)

ә) картоп ашу

б) Инені сабақтап түйіндеу

в) түйме қадау

г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).


4-шарт. «Тіл өнері» (5 мин)

Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жаубын табу.

5-шарт. «Ас – адамның арқауы» (10 мин) салат түрлерін дайындау.

6-шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі пәндерден сұрақтар беріледі. (Оқушының ой өрісі қандай)

7-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы (сөзжұмбақ 2 мин).


Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.


1.Оқу ісінің меңгерушісі Есекенова Айнұр Болатқызы

2.Бірлестік жетекшісі Нсанбаева Венера Сисенбайқызы

3.Технология пәнінің мұғалімі Хайрова Әлия Амангелдіқызы

Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру. (әр топқа 1 мин – 4 мин)

Ақылдылық бәрімізге жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.

«Бәйге»

Әр топқа 10-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек. Әр топқа 2 минуттан 8 минут беріледі.

«Бәйге» 1-топқа

  1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)

  2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

  3. Азық-түлік тапшы болғандағы жұт түрі (аштық)

  4. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

  5. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).

  6. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)

  7. Мал сүйегінен шығарылатын дәмі, иісі жоқ мөлдір тағам желімі, ұнтақ немесе сары түстес кесек түйіршіктер (желатин)

  8. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)

  9. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)

  10. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

«Бәйге» ІІ – топ

  1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)

  2. Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)

  3. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

  4. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)

  5. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)

  6. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)

  7. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

  8. Шым кесте тігу үшін қандай маталар түрі пайдаланылады? (мақта мата, сиса, кенеп, жібек)

  9. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)

  10. Шыт, атлас, жібек (мата)

  11. Қолдан тоқылған суретті-кілем (гобелен)

3-шарт. «Кім жылдам?»

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 оқушы түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).

ә) Картоп тазалау. (әр топтан 1 оқушы шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).

б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).

в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).

г) Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)

4-шарт. «Тіл өнері»

Ал, қанеки, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.

1-топ .

1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.


2. Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.


3.Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән,

Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық – ішуге сән.

4. Арық ат қарны қабысқан

Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.


5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі – нан.

2-топ

1. Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады, Жылқыда өт жоқ,

Ірімшік май құртыңда. (Сүт) Құста сүт жоқ.


2. Дастарханға шуылдап,

Күніне үш жиылар,

Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал

Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.



3. Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.


4 Екі басы дөңгелек, екі ұшы сүйір

Қиғанға үиір (Қайшы) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.


. 5 Суда туады, суда өледі. (Тұз) Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?


5-шарт «Ас адамның арқауы»

Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл салат түрін.


Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды. (уақыты 5 минут)



Келесі кезекте 6 - шартымыз «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Әр түрлі пәндерден сұрақтар беріледі. (оқушы ой-өрісі).

  1. топ

Биология: Таза табиғаттан алынатын талшық түрлері (мата, зығыр, жібек, жүн)

Қолөнер: Киіз үйдің жабдықтарын ата.

География: Кофе отаны. (Африка)

Технология: Өлшемді қай жатқан жасаймыз. (оң)

Сурет: Байлық пен молшылықты бейнелейтін ою-өрнек (қошқармүйіз)

Әдебиет: Үйірілген сары алтындай сары қымыз.

Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз

Елімнің социалистік сүйген асы,

Шығаршы тағы нең бар дәрі қымыз, - деп жырлаған бір ғасырлық тарихы бар ақынымыз кім? (Ж. Жабаев)

2 топ

Физика: Тоқты өткізбейтін материалдарды ата. (пластмасса, фарфор, резеңке, құрғақ ағаш).

Геометрия: Ою-өрнекке түрлендірудің қай түрі қолданылады? (симметрия)

География: Елімізде мақта өсіретін бірден бір аймақ (ОҚО)

Медицина: Тамақтың энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)

Сурет: Мәңгілік нышанын білдіретін ою. (дөңгелек)

Ауыл шаруашылығы: Топырақтың құнарлылығын арттыруға қолданылатын заттар. (тыңайтқыштар)

Келесі 7-шартымыз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді сайыскерлеріміздің қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық.

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ мараппатау қағазымен мараппаталады.

Балалар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан оқушыларымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!