Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өнерлілер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зерттеу жұмысының бағыты: Жаратылыстану

Секциясы: Адам денсаулығы

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Асқабақтың адам ағзасындағы пайдасы»


Кіріспе


Табиғат – адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы.

Табиғаттың бізге берген керемет сыйларының бірі – асқабақ. Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады. Бұлар - жемісі ең ірі өсімдіктерге жатады. Жемісінің салмағы 100 килограмға жететін түрлері де бар.

Асқабақ - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, мал азықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік ретінде танымал. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады.

Қазақстанда асқабақтың кәдімгі түрлері мен ірі асқабақтардың түрлері мен сорттары өсіріледі.

Болжамы:
Асқабақтың қасиетін, биологиялық құрамын зерттей отырып, адам ағзасына пайдалы және емге қолдануға болатындығы.

Зерттеу кезеңдері:
- Зерттеу объектісі ретінде асқабақты бақшаға егіп, басқа да асқабақ егілген жерлерді анықтап, бақылау.
- Асқабақты өсіру, биологиялық құрамын зерттеу қасиетін анықтау.
- Материалдық ақпараттар жинақтау.

Зерттеу жұмысының әдістемесі:
Асқабақ туралы деректер жинақтау, өңдеу, суреттер жинақтау, сызбалар даярлау. Асқабақтың пайдасын зерттей отырып, біршама ауруларға, әсіресе оның дәнектерінің ішекқұрт ауруларына ем екенін, шипалық қасиеттерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты:
Асқабақтың табиғи және биологиялық құрамын анықтай отырып, оның пайдалы жақтарына зерттеу жүргізу арқылы нәтижелерді практикалық қолдану, салаларын анықтау.

Міндеттері:
- Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
- Ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу (ақпараттар жинау, деректер жинақтау, өңдеу, суреттер жинақтау, сызбалар даярлау, интернет материалдарын пайдалану.)
- Жұмыс нәтижесін шығару.

Алға қойған міндеттерді шешу әдістері:
- Бақылау жасаудың мақсатын анықтап алу.
- Қандай белгіге басты назар аудару керектігін дәлме – дәл белгілеп алу.
- Бақылау жасалатын объектінің белгілерін анықтап алу үшін салыстыру тәсілін пайдалана отырып, анықталған заттың негізгі белгілерін топтастыру, жоспарын жасау.










































Зерттеу жұмысына пікір


Жас зерттеуші өз жұмысының мақсатын және оған байланысты міндеттерін көрсете және аша білген. Бақша өсімдіктеріне қызыға қарайтын Дина асқабақ туралы көптеген ақпараттар жинақтаған. Өзінің бақшасына еккен асқабағының да қалай өскеніне дейін анықтап, бақылап күнделік те жасаған. Жоба авторы жастығына қарамай көптеген деректерге сүйене отырып, материалдарды тиімді пайдаланған.
Бұл жұмысты атқаруды ата - анасының еңбегі зор екендігі көрініп тұр.
Дегенмен осы еңбегін ары қарай жалғастырып толықтыра түсу керек.



Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары: Абеуова Г.Т









































Аннотация


Бұл кітапшадан «Асқабақтың адам ағзасындағы пайдасы» оның қасиеті кең көлемде жинақталған деректермен танысасыздар. Асқабақтың өзі және оның түрлері мен дәнектерінің емдік қасиеттері жайлы мағлұматтар енгізілген.

Аннотация


В этой книге широко раскрывается его польза для человека и лечебные своиства. А так же рассказывается какие лечебные своиства имеет тыква и его семена.

Annotation.


In this book, “Useful properties of pumpkin on an organism” is widely disclosed its use for human and medical properties.

































Зерттеу бөлімі.


Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады екен. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейтіндігін білдім. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралыпты. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі екен.
Асқабақтың азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсірілетіндігін түсіндім. Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді - түкті келеді. Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары болады екен













Асқабақ тұқымдастар сипаттамасы


Асқабақ көп күн талғамайтын, ексе бау - бақшаның бәрінде өсе беретін бір жылдық өсімдік. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өседі. Асқабақ тұқымдастардың ұзын сағақты, жай жапырақтары болады. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі даражынысты, кейде қосжыныстылары да кездеседі. Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5 - еу, оның 4 - еуі тұтасып, екі - екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында ғана түзеді. Аталық тозаңдағы имек. Аналық жатыны үш ұялы. Жемесі - қабақ. «Қабақ» деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміс серігі болатын жидектес жемісі.








Асқабақтың пайдалы қасиеттері


Асханада: Асқабақты кесуден алдын оның қабығын тазалап жуу керек. Кейін үстіңгі қабатын кесіп, екіге бөліп және ұрығынан тазалау қажет. Қандай тағам дайындауға қарап бөліңіз. Асқабаққа су қоспай пісіреді. Асқабақты бүтіндігінше пісіру де мүмкін, ол үшін ойып алынған жерін төмен қаратып, көлеміне сай ыдыста газ плитаға қойыңыз. Асқабақты чипсилер үшін жұқа қылып кесілген бөліктерді ұнға аунатып, қыздырылған майға да қызарып қабыршақтанғанша қуырып алынады. Асқабақты қуырғанда артықша сұйықтық болмай үшін оны кабачки сияқты пісіру мүмкін: асқабақ бөліктерін тұздап, 2 сағатқа алып қоясыз, кейін қағазда құрғатып, қуырып аласыз. Асқабақты шикілей де, пісіріп те пайдаланады.

Асқабақтан дайындалған пюре, самса, сүтке пісірілген асқабақ ботқасы, асқабақ мантысы, шикі асқабақ шырыны, асқабақ құймағы өте дәмді, әрі пайдалы. Қуырған асқабақ ішектің сауығуына көмектеседі., қан аздықтың алдын алуда, жарақат алғанда, күйіп қалғанда, жұқпалы ауруға шалдыққанда өте пайдалы әрі несеп және өт айдағыш қасиетке ие. Асқабақ пюресінде көміртегі мен калория аз болғандықтан, оны қантты диабетке және семіздікке шалдыққандардың күнделікті дәміне қосып береді.

Асқабақтың денсаулыққа пайдасы:


Асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі екен. Сонымен бірге жүрегі әлсіздерге, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден - бір пайдалы ас. Асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» күйген денеге таңуға да болады екен. Интернеттен халық емі ретінде отқа, ыстық суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сары етін алып таңса күйіктің ыстығын алып тез жазылуға себеп болатынын оқыдым. Пікір білдіргендердің ішінде мұны дәрігерлер де мақұлдапты. Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін емес. Сонымен қатар ол:
асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қан аздықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.
Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп - жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жоятын қасиетке ие дейді.







Асқабақ майының пайдалы қасиеттері
Орта ғасырларда - ақ асқабақ тұқымдарының пайдалылығы оның мәйегінен кем емес екені мәлім болған, олардың құрамында 40% дейін аса пайдалы тағам майы бар екен. Асқабақ тұқымынан алынатын майдың емдік қасиеттерін құрметтегін соншалық, Австрияда (бұл елде асқабақ майын қолмен өндіру тарихы басталған), австриялық азаматтардың денсаулығы үшін аса пайдалы болатын асқабақ тұқымының майы тек қана дәрізат ретінде қолдану керек, сондықтан оны тек қана дәріхана дүңгіршектерінде сатуға болады деген арнайы жарлық шығарылыпты.. Сол баяғы кездерде осы өсімдік өнімінің қымбаттылығы туралы Еуропада асқабақ майының 200 грамдық бөтелкесінің құны « салмақты алтын жүзіктің бағасына тең болатын» деген факті айқын дәлелдейді.


Ішек құртынан құтылғыңыз келсе......
200 грамм кепкен, өткен жылғы тазаланған, ұсақталған асқабақтың дәні, 100 грамм какао, аздаған қант, бірнеше тамшы су құйып араластырып, жұқа 20 шелпек жасап, қант себеді. Бірінші күні ештеңе ішіп - жемеу керек. Ертеңіне таңертең 1, 5 - 2 үлкен қасық касторка майын ішіп, шелпек жеңіз, әр минутта біреуден бітіргенше, құрттар тез шығады. 200грамм асқабақ дәнін итбүлдіргеннің шырынымен араластырып, қою ботқа жасайды. Кешке жатарда тұздалған балық жеп, таңертең ботқаның жартысын жейсіз, тағы 1 сағаттан соң қалғанын жеп, 2 сағат жату керек. Сағат таңертең 8 - де 1 үлкен қасық касторка майын ішкен жөн.

Сондай - ақ жусанның жапырағы мен асқабақтың дәнін бірдей мөлшерде алып, бөтелкеге арақ құйып, 1 апта жылы жерде не күннің көзіне тастайды. Аш қарынға күніне 2 рет 50 грамнан ішеді, құрттар шығады.


















Қорытынды.


Қорытындылай келе, әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес, сонымен қатар шипалық, емдік, дәрілік қасиеттетерін пайдалана отырып адамдарға ұсынамын.

«Бабын тапсақ, байлық жерде» деп халық бекер айтпаған. Жалпы, халық медицинасына пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып саналады.
Асқабақтың адам өмірі үшін өте маңызды өсімдік екенін зерттеп шықтым. Ол жүрек - тамыр аурулары мен бүйректің әр түрлі аурулары үшін пайдалы. Асқабақтың калориялығы төмен, сондықтан одан жасалған тамақтар семіздіктен зардап шегушілер мен толысуға икем адамдар үшін пайдалы. Асқабақты асқазан мүшелері ауырған кезде емдік тағам ретінде пайдаланады, өйткені, онда клетчатка мен органикалық қышқылдар аз, ал мұның өзі ішектің шектен тыс ауруына жол бермейді, ішек пен қарынның шырышты қабығын түршіктірмейді.
Жас асқабақтың үгілген жұмсағын денедегі бөртпеге, безеуге, экземаға, қабыну процестеріне, күйік пен үсікке басады. Ішек құртына қарсы дәру ретінде пайдаланады. Дәндерінің қайнатпасын гельминтоздарды емдегенде қолданады.


























МАЗМҰНЫ


І. Кіріспе



II.Зерттеу бөлімі


1. Асқабақтың шығу тарихы


2. Асқабақтың пайдалы қасиеттері


3. Асқабақ тұқымдастар сипаттамасы


4. Асқабақтың емдік қасиеттері


III. Қорытынды.


Пайдаланылған әдебиеттер




















«Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мектебі» КММ









Ғылыми жоба тақырыбы: 

«Асқабақтың адам ағзасындағы пайдасы»










Орындаған: 2«Ә» сынып оқушысы

Оспан Дина Сержанқызы

Жоба жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі

Оналбаева Айнур Балтабаевна

Бағыты: жаратылыстану

Секциясы: адам денсаулығы

Жетісай ауданы

2018-2019 оқу жылы

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ол кім? Бұл не? - 2009ж

2. Мен зертеушімін. -2013ж

3.Дүниетану -4сынып- 2001ж

4. Ғаламтор



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
653
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12