400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

өнерпаз он кісімен тең

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып Қазақ тілі пәнінен Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция тарауындағы 8- сабаққа арналған дайын ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.

Мектеп: №2 кешкі мектеп

Күні: 29.11.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Нұрсейтова Айгүл

Сынып: 11

Қатысқандар: түгел

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өнерпаз он кісімен тең

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;

11.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;

Сабақтың мақсаты

Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;

Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;

Бағалау критерийлері

  • Әртүрлі графиктік мәтіндердегі мәліметтерді түсінеді;

  • Мәліметтерді салыстырып, негізгі үрдістерді анықтайды;

  • Мәтін құрылымын сақтайды;

  • Деректерді салыстырады;

  • Маңызды тұстары мен үрдістерді талдайды;

  • Өзіндік тұжырым жасайды.

Тілдік дағдылар

графиктік мәтіндер, статистикалық мәліметтер, миграция, зияткерлік миграция, санақ т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

Дифференциация

Нәтиже немесе жауап бойынша саралау (барлық тапсырмалар)

Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау (Мағынаны тану)

Пәнаралық байланыс

Заң, георграфия, тарих, математика


Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, ғылым салаларындағы өнертабыстар туралы білімдерін толықтырады.


Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут








Қызығушылықты ояту. Сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына болжам жасалады.

  • Сендерге ерекше әсер еткен қандай шығармаларды атай аласыңдар?

  • Өз орталарыңда кімдерді өнерпаз тұлға деп таныстырар едің?

  • Ғылым мен өнерде жаңалықтарды тек шетелде жүріп ашуға болады деген пікірмен келісесіңдер ме?

«Ми шабуыл»

Өнер дегеніміз не?

Зияткерлік туралы не білесіңдер?

«Ақыл-ой миграциясы» деген не?

Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.


МД Слайд







Сабақтың ортасы


5 минут





















15 минут







10 минут

















3 минут

Мәтіналды тапсырма. С. Талқылау.

Өнер ғылым туралы даналық сөздерді естерңе түсіріп, ортаға салып мағынасын талдаңдар.

«Ел үмітін ақтаймыз» тақырыбына қатысты өз ойларыңды айтыңдар


ЖЖ. 67 бет. Прозалық шығармалардың зияткерлік әлеуетті арттырудағы қызметі мәтінін оқыңдар, маңызды тұстарын талдаңдар.


Тапсырма:

Мыныптастарыңа арнап «Біз жанбасақ лапылдап...» деген тақырыпта мұхбат сұрақтар ұйымдастырыңдар.

Мәтінді оқыңдар. Берілген кеңестердің біреуін таңдап, өз көзқарастарыңмен түсіндіріңдер.


Жете зерттеулер Microsoft және оның керемет басты қожайынының жетістігінің 10 сырын анықтады. Міне, Билл Гейтстің құпиялары:


Бірінші құпия. Керек уақытта және керек жерде болу. Microsoft жетістіктерін, бірінші персоналды компьютер үшін IBM операциялық жүйесін жабдықтау мақсатында қол жеткізген сирек кездесетін бақ деп санауға болмайды. Гейтс IBM мен келіссөздер жасаудың маңыздылығын түсінді. Ол персоналды компьютердің тарихын өзгерте алатынын ұқты және алты ай бойы «жолы болғыш» атану үшін тынбай еңбек етті.


Екінші құпия. Техникаға ғашық болу. Microsoft компаниясының созылмалы жетістіктерінің көрінісі Гейтстің техникалық білімі еді. Ол осы салаға байланысты негізгі шешімдерді өз бақылауында ұстады. Көп жағдайда ол қарсыластарына қарағанда технологияның даму бағытының болашағын көре білді. Сондықтанда процессті басқара алатын.


Үшінші құпия. Тұтқындарды алмау. Гейтс – өте қатал қарсылас. Не мақсатты көздесе де, тек жеңіске жетуді көздейді. Келіссөздер жүргізу кезінде өте мейірімсіз болады. Бұл оны алаңдатпайды және ол қарсыластарды жоқ қылу ісінің маманы.


Төртінші құпия. Жұмысқа тек ақылдыларды алу. «Ақыл-ойдың жоғарғы даму шамасына ие адамдар» — бұл Microsoft жасаған ең ақылды адамдарға арналған анықтама. Бастапқы кезден-ақ Гейтс компания ең ақылдыларды қызықтырыру керек деген болатын. Бұл сөз кей топтар тарапынан сынға ұшырады, алайда жақсы жақтары да болды. Мысалы, колледжді бітірген, дарынды студенттер, өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алатын.


Бесінші құпия. Жүзіп ұстауға үйренісу. Microsoft-та Гейтс тынымсыз, өз бетімен үйрететін машина жасап шығарды. Оның пайымдауынша қателік жасауды болдырмайтын жалғыз осы жол. Оның қарсыластары осыншалықты абайламайды.


Алтыншы құпия. Алғыс күтпеу. Гейтс атақ пен зұлымдық ешқашан бір-бірінен ажырамайды деген ұйғарымға келген болатын. Жауларың көп болмай, бай адам бола алмайсың.


Жетінші құпия. Болжағыштың позициясының орнына тұру. Билл Гейтс бизнес-көшбасшысының жаңа бейнесі. Көп жылдар бойы ол, өзін компьютерлік индустриядағы болжағыш екенін дәлелдеп келді. Оның технологияны тереңдеп түсінуі және мәліметтерді синтездеудің әмбебап тәсілі, оған болашақтың тенденциясын көре алу және Microsoft стратегиясын басқаруды береді.


Сегізінші құпия. Барлық позицияны бақылауда ұстау. Microsoft жетістігінің негізі — көп көлемді жобаларды бір уақытта басқара білу қабілеті. Гейтсті «көп міндетті адам», — деп атайды, ол бір уақытта, әр түрлі техникалық тақырыптарға бірнеше әңгіме жүргізе алады екен. Бұл компания тактикасында көрініс табатын керемет қабілеттілік. Компания әрқашан жаңа нарықты және жаңа программалық қосымша айқындауышты зерттейді. Бұл өз кезегінде «үлкен істі» өткізіп алмайды.


Тоғызыншы құпия. Байт өлшемі бойынша бизнес жасау. Фондық нарықта Microsoft салыстырмалы түрде үлкен емес компания. Басқарушы топқа қолайлы жағдай жасау үшін, өзінің ішінде ұсақ ұяшықтарға бөлінеді. Кейде Microsoft әр апта сайын тармақталатын сыңайлы. Гейтс қарапайым құрылым жасап, компаниясында толық бақылау сақтайтындығына сенімді.


Оныншы құпия. Доптан көзді алмау. Гейтс екі он жылдық бойы кәсібінің шыңында. Осы уақыт аралығында әлемнің ең бай адамына айналды. Оның байлығы мен жетістігіне қарамастан, Гейтс екпінін бәсеңдеткен емес. Оның сөздері бойынша, оны «үлкен істі» өткізіп алу үрейі жетелейді. Ол басқа IBM, Apple сияқты компьютерлік компаниялардың қателіктерін қайталағысы келмейді.













1-қосымша




















Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/36443/кері байланыс ұсынады.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

• Бір жақсысы...... Бір жаманы......


Тексерілді:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
1037
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі