Оң және теріс сандар

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Оң және теріс сандар

Материал туралы қысқаша түсінік
Биылғы өткізген ашық сабағымды жариялап отырмын. әріптестеріме көмегі тиер деген мақсатта.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Бөлім:

Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Педагогтің аты-жөні:

Нурмаганбетоа А. О.

Күні:

1.10.25.

Сынып: 6

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.4

координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу;

6.1.1.7қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу;

Сабақтың мақсаты:

Қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілей алады

Құндылықтарға баулу:

Тәуелсіздік және отаншылдық: Оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздігі – ел дамуының негізгі құндылығы екенін түсіндіру, математикалық тапсырмаларды елдің жетістіктерімен байланыстыру (тәуелсіздік жылдарына қатысты сандар, еліміздің атаулы күндері, тарихи даталар арқылы есептер құрастыру).

Сабақ барысы:

Уақыты/

кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-

тыру кезеңі


5мин

Сәлемдесу;

Сыныптағы оқушылардың көңіл күйлерін сұрап, жағымды ахуал туындату;

Оқушыларды түгелдеу;

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Мұғаліммен сәлемдесу;

Сыныпта жағымды ахуал туындату, қалып қойған сөзді табу

Оң қол және сол қолды қозғау арқылы сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге ашу, сұрақтар туындаса мұғалімнің көмегіне жүгіну

Ауызша бағалауды қоданамын

«Өте жақсы»

«Жарайсың»

Тақта;

Оқулық;


Сабақтың

басы


10 минут

Жаңа тақырыптыт үсіндіру Оң сандар және теріс сандар

Кейбір шамалардың мәндері қарама-қарсы екі бағытта өзгереді.

Мысалы, жылы және суық, биіктік және тереңдік. Мұндай өзгерістер үшін шамалардың «нөлдік мәндері»: мұздың еру температурасы 0°-пен, Дүниежүзілік мұхит суының деңгейі 0 санымен белгіленеді. Егер шаманың мәні «нөлдіктен» жоғары болса, онда ол «+» таңбалы санмен жазылып, ал нөлдіктен төмен болса, «–» таңбалы санмен жазылады.

Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар

І. Координаталық түзу.

Оң сандар және нөл саны координаталық сәуле бойында нүктелермен кескінделеді

Теріс сандарды кескіндеу үшін координаталық сәулені түзуге дейін толықтыру керек. Мұндай түзуді координаталық түзу (2.4-сурет) деп атайды. Координаталық түзуде: О нүктесі – санақ басы, ОА бірлік кесіндісі және оң бағыты көрсетілген

Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі, оң бағыты көрсетілген және бірлік кесіндісі таңдап алынған түзу

Координаталық түзудегі (горизонталь орналасқан) О нүктесінен оңға қарай бағытты (нұсқамен көрсетілген) оң бағыт деп атау қабылданған. Оң бағытқа қарама-қарсы бағытты теріс бағыт атау қабылданған. Координаталық түзудегі берілген нүктеге сәйкес сан осы нүктенің координатасы деп аталады

Дәптерлеріне күннің жадын жаңа тақырып жазады.



«-»таңбасымен жазылған сандар – теріс сандар.

«+» таңбасымен жазылған сандар – оң сандар

Мысалдардағы –10, –2210 сандарын теріс сандар деп атайтын боламыз

+7, +4973 сандарын оң сандар деп атайтын боламыз. Шама мәндерінің өсуі оң сандармен, ал кемуі теріс сандармен жазылады


0 (нөл) саны оң сандарға да, теріс сандарға да жатпайды.

Таңбаларымен ғана ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар болады.

Мысалы: -3 және +3

5 және -5











Мактау мадақтау арқылы бағалау:

Жарайсың!

Өте жақсы!

Жақсы!

Керемет!

Интерактивті тақта

6-сыныбына арн. / Оқулық авторы: А.Е.Әбілқасымова;. - Алматы: Мектеп, 2018

Сабақтың

ортасы


20 минут


Жеке тапсырма













Бекіту тапсырмаларын орындау

Оқулықтан бекіту тапсырмаларын орындау

265.

56; 43; 8.9; -0.71; -35,04;

Сандарынын арасынан теріс сандарды, он сандарды теріп жазындар

266.

Бірлік кесіндісінің узындығы

1 см болатын координаталык

тузуді салындар. Осы координаталык тузуде -5; 4; -3; 3; -1 сандарын белгілендер


Төмендегі сөйлемде кездесетін шамаларды

математикалык

белгілердін көмегімен жазындар:

1)ауанын температурасы бес градус суык

2)өндірістін өнімі а тенге турады;

3)көлдін терендігі жүз елу метр

4)бөлмедегі температура жиырма бір градус жылы.

5. Дүкенге беретін 2000теңге қарыз



Тақтаға оқулықтан есеп шығарады



Дескрипторлар:

- Бөлшек, аралас және ондық сандардың таңбасын анықтайды;

- Теріс және оң сандарды жеке-жеке топтастырады;

- Жауапты талап етілген түрде (екі тізім)




Дескрипторлар:

- Бірлік кесіндісі 1 см болатын координаталық түзуді сызады;

- 0 нүктесін белгілейді және оң/теріс бағыттарды көрсетеді;

- -5, -3, -1, 3, 4 сандарын дұрыс масштабпен орналастырады;

- Нүктелерді белгілеу мен жазуды дұрыс рәсімдейді




Дескрипторлар:

- Мәтіндік мәліметтерді математикалық жазуға аударады (таңба, сан және өлшем бірліктері);

- "Суық/жылы" терминдерін таңбаға түрлендіреді (теріс/оң);

- Айнымалыны енгізіп, шаманы өрнекпен жазады (мыс., өнім құны a теңге);

- Бірлік кесіндісі 3 см болатын координаталық түзуді сызады және 0 нүктесін белгілейді




«Басбармақ» әдісімен бір – бірін бағалау жүргізіледі

Интерактивті тақта

6-сыныбына арн. / Оқулық авторы: А.Е.Әбілқасымова;. - Алматы: Мектеп, 2018

Жұппен жұмыс

1. Координаталық түзуді (бірлік кесінді ретінде дәптердің бір торкөзінің ұзындығын алып) сызып, оның бойынан мына нүктелерді белгілеңдер:

Е (5), Р (–4), О (0), Т (9), П (–7), Н (7), Ц (2).

Егер нүктелерді дұрыс орналастырсаңдар, «жүзден бірдің» математикалық атауын оқисыңдар.

Иә немесе жоқ стратегиясы

Нөл санына қарама-қарсы саны «0»

Оң санға қарама-қарсы сан оң сан?

Теріс сан координаталық түзудің оң бағытында орналасады?

Координаталық түзудің сол бағытында орналасқан сандар «теріс» сандар деп аталады?

0 саны оң сан да, теріс сан да емес.

Кіріс теріс санмен, шығын оң санмен есептеледі.


ҚБ: Жұпта өзара бағалау «+», « - », қызықты

Слайд

Тақта

Бор


Кітап

Дәптер

ЕБҚО тапсырмасы



1.Сандардың ішінен оң сан мен теріс санды тап



2. Қарама қарсы сандарды көрсетуге тапсырма беріледі


Басбармақ» әдісімен бір – бірін бағалау жүргізіледі

Слайд

Тақта

Бор


Кітап

Дәптер

функциональдық сауаттылық есебі


5 минут

1-есеп. (Ауа райы)

Қалада күндіз температура +6°С, ал түнде -4°С болды.

. Бұл екі сан қарама-қарсы ма?




2-есеп. (Ақша)


Әлихан банктен 10 000 теңге қарыз алды. Кейін ол 10 000 теңгені қайтарды.


1. Қарызды және қайтаруды сандармен белгіле.

2. Олар қарама-қарсы сандар екенін дәлелде.

3. Әлиханда соңында ақша қарызы қалды ма?


3-есеп. (Биіктік)


Теңіз деңгейінен 30 м биіктікте тұрған адам 5 м жер астына түсті.


1. Бастапқы биіктікті және соңғы орнын сандармен көрсет.

2. Қозғалыс бағытын сипатта.

3. Биіктіктегі өзгеріс қанша метр болды?


4-есеп. (Спорт)


Футбол матчында команда 4 гол салды және 3 гол жіберіп алды


1. Команда жеңді ме, ұтылды ма, әлде тең түсті ме?


5-есеп. (Сауда)


Дүкенге 80 кг банан әкелінді. Таңертең 25 кг, түстен кейін 55 кг сатылды.


1. Сатылған банандарды теріс санмен белгіле.

2. Қорда неше кг банан қалды?


6-есеп Ауа райына байланысты есеп


Кешке -3 градус болды, таңертең +5 градусқа көтерілді.

1. Бұл екі температура қарама қарсы сандар ма?

2. Температура неше градусқа өзгерді?



функциональдық сауаттылық есебін шығарады.

1. Қарама-қарсы ма? — ЖОҚ. +6-ның қарама-қарсысы -6 болғандықтан, +6 және -4 қарама-қарсы емес.

2. Өзгеріс: .

Жауап: Температура 10°С-қа төмендеді.





1. Белгілеу: қарыз = -10000, қайтарғаны = +10000.

2. Олар қарама-қарсы ма? — ИӘ, өйткені модульдері бірдей (10000) және таңбалары қарама-қарсы.

3. Соңында баланс: .

Жауап: Соңында Әлиханда қарыз жоқ (баланс = 0).





Бастапқы +30 м, кейін 5 м тереңдікке түсті → соңғы орны = -5.

1. Бастапқы = +30, соңғы = -5.

2. Бағыт: төмен қарай (биіктік азайды).

3. Өзгеріс: .

Жауап: Биіктік 35 м-ке төм…




Команда +4 (соғылған) және -3 (жіберілген).

1 Нәтиже: жеңді (1 ұпай басым).

Жауап: Жалпы +1; команда жеңді.





1. Сатылғандарды белгілеу: -25, -55.

2. Қалған: . (немесе → қор 0).

Жауап: Дүкенде 0 кг банан қалды.


1.Жоқ -3 пен +3 қарама қарсы болады

2. +5-(-3)= 8 градусқа өзгерді.

Оқушылар дайын жауаппен, жұпта қатар отырған оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Слайд

Тақта

Бор


Кітап

Дәптер

Сабақтың

соңы

5 минут

Қорытындылау.

  • 1. Қандай сандар оң сандар деп аталады? Мысал келтіріңдер.

  • 2. Қандай сандар теріс сандар деп аталады? Мысал келтіріңдер.

  • 3. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?

  • 4. Координаталық

ҚҚҚ кестесін толтыру

Қызық болды

Қиын

болды

Қайталаймын





Үйге тапсырма. Оқулықтан № 267-268

Анықтамаларды жаттау


Бағалау парақтары бойына жинаған ұпаймен бағалану

ҚҚҚ

кестесі;

оқулық



























А (5), Р (–4), Д (0), Т (4), М (-6), Н (1), К (-2).



















5; -7; -8 2,5; 0 ; +9; 1,78; -3; 99; -25

















1-есеп. (Ауа райы)

Қалада күндіз температура +6°С, ал түнде -4°С болды.

. Бұл екі сан қарама-қарсы ма?



2-есеп. (Ақша)

Әлихан банктен 10 000 теңге қарыз алды. Кейін ол 10 000 теңгені қайтарды.


1. Қарызды және қайтаруды сандармен белгіле.

2. Олар қарама-қарсы сандар екенін дәлелде.

3. Әлиханда соңында ақша қарызы қалды ма?



3-есеп. (Биіктік)


Теңіз деңгейінен 30 м биіктікте тұрған адам 5 м жер астына түсті.

1. Бастапқы биіктікті және соңғы орнын сандармен көрсет.

2. Қозғалыс бағытын сипатта.

3. Биіктіктегі өзгеріс қанша метр болды?



4-есеп. (Спорт)


Футбол матчында команда 4 гол салды және 3 гол жіберіп алды

1. Команда жеңді ме, ұтылды ма, әлде тең түсті ме?



5-есеп. (Сауда)


Дүкенге 80 кг банан әкелінді. Таңертең 25 кг, түстен кейін 55 кг сатылды.

1. Сатылған банандарды теріс санмен белгіле.

2. Қорда неше кг банан қалды?



6-есеп Ауа райына байланысты есеп

Кешке -3 градус болды, таңертең +5 градусқа көтерілді.

1. Бұл екі температура қарама қарсы сандар ма?

2. Температура неше градусқа өзгерді?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі