400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Оң және теріс сандар" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Оң және теріс сандар" 6 сыныбына арналған қысқа мерзімді жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалімі: Тукенова Эльвира Жақсылыққызы

Күні:

Сыныбы: 6 Пәні: математика

Тақырыбы: Оң және теріс сандар

Мақсаты: Қолданыстағы сандардан басқа нөл және теріс сандарды үйрете отырып, сыни тұрғыдан саралай білуге жетелеу.

Міндеті:

-оң және теріс сандардың айырмашылығын табу;

-оң және теріс сандарға мысалдар келтіру, әңгімелеп айту;

- өмірмен байланыстыра отырып, кейбір шамалардың сан мәндерін оң санмен немесе теріс санмен жазылудың себеп-салдарын анықтау.

Қолданылған модульдер:

Оқыту мен оқытудағы жаңа технологиялар.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқытуда АКТ-ны қолдану.

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.

Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: «Сергіту сәті», "Шаттық шеңбері", "Алтын ережені" құру, топқа бөлу, "Миға шабуыл", топпен жұмыс, оқыту мен оқудағы технологиялар, "Жұптас-ойлан-бөліс", «Ментальдық карта»"БҮБ".

Сабақ жоспары:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар: осы әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?

Кіріспе

5 мин




















Психологиялық ахуал

ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты:

Тұлғаралық байланысты орнату


Топқа бөлу

«Түстер»

Мақсаты:

топта жұмыс жасауға үйрету






Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұраймын. "Жүректен - жүрекке" шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізге бүгінгі сабаққа тілек тілейміз. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеремін.


Оқушыларды әр түрлі түрлі-түсті түстерді таңдау арқылы 3 топқа бөлемін.

Топтың атын, топ басшыларын оқушылармен ақылдаса отырып сайлаймын. Алтын ережені құрады







Мұғаліммен амандасады, көңіл-күйлерімен бөліседі. Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып, тілектер айтады.




Оқушылар қалаған түстерін алып, бірдей сандар бір топ болып, шағын топқа бөлінеді. Өз ұсыныстарын білдіреді. Бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды.

Алтын ереже:

-сабаққа кешікпеу;

-басқаның пікірін сыйлау;

-уақытқа бағыну, регламент сақтау;

-тапсырмаларды тиянақты орындау.

«Жақсы. Өте жақсы»








Алтын ереже жазылған флипчарт, маркерлер






Түрлі - түсті қағаздар







Тұсаукесер

10 мин





«Ментальды карта» Мақсаты: түрткі сұрақтар арқылы тақырыптың мазмұнын ашу


Мұғалім слайд арқылы түрткі сұрақтар қояды:

-Күнделікті тұрмыста кездесетін тура және қарама-қарсы мағынада мысалдар келтіріңдер.

-Бұл мағыналардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

-Алдында «+» бар сан мен «-» бар сандарды қалай түсінесіңдер?

Сұрақтарға жауап беру үшін оқушыларға әртүрлі суреттер көрсетіледі.

Оқушылардың жауаптары:

Суреттерге қарап отырып, олардың айырмашылығын, өздерінің ойларын айтады. Осы келтірілген мысалдар бойынша талқылап, тақырыптың мазмұнын ашады.





Берілген жауаптары арқылы оқушылардың түсінігін бағалау


Интерактивтік тақта









Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Оқушылар сабаққа өз мақсаттарын қояды.



Негізгі бөлім

20 мин

«Жұптас-ойлан-бөліс»

Мақсаты: ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып есептер шығару, талдау

Оқушыларға

- оң және теріс сандарға байланысты есептер жазылған үлестірме материалдары беріледі.

- оқулықтан есептер беріледі:

Тапқыр- №288, №292, №297,

Тұлпар - №286, №289, №296

Сұңқар - №287, №290, №301

Жұптаса, топтаса отырып, белсенді әрекет жасайды. Шығарылған естепті әр топ тақтаға жазып нәтижесін көрсетеді.

"Критериалды бағалау" парақшасы

Үлестірме материалдары,

Оқулық.

3 мин

Сергіту сәті «Доп»

Мақсаты: диалогтік қарым-қатынас құру

Оқушыларды шеңберге тұрғызамын. Бүгінгі сабақта танысқан жаңа терминдермен сұрақ-жауап ретінде ой бөлісуді сұраймын.

Оқушылар шеңберге тұрады. Бір-біріне доп лақтыру арқылы сұрақ қояды, қарсылысы жаңа тақырыпты меңгеру кезіндегі жаңа терминдерді анықтамасымен түсіндіреді.

Жақсы

Доп

Қорытынды

5 мин

«Критериалды бағалау» Мақсаты: топтық іс-әрекетте оқушыларды бағалау

Топ басшысына «Критериалды бағалау» парақшасы арқылы өз тобының оқушыларын бағалау ұсынылады

Топ басшысы әділ түрде өз топ мүшелерінің жұмысына баға береді

"Критериалды бағалау" парақшасы

Тапсырма жазылған парақшалар


Үй тапсырмасы

п2.1 оқу, №300, 302, 303 есептерді шығару

п2.1 оқиды, №300, 302, 303 есеп шығарады


оқулық

2 мин

"БҮБ"

Мақсаты: сабақтан алған әсерлерін анықтау

Білемін, үйрендім, білгім келеді. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикер таратады

Оқушылар стикерлер арқылы сабақтан алған әсерін жазады.


Кері байланыс

Стикерлер











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
828
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі