400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оң жақ, сол жақ

Материал туралы қысқаша түсінік
оң жағы мен сол жағын ажырата алу білігін бекітуді жалғастыру; шеңбер– геометриялық пішіні туралы білімдерін нақтылау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: «Сол жақ – оң жақ. Дөңгелек».

Мақсаты: оң жағы мен сол жағын ажырата алу білігін бекітуді жалғастыру; шеңбер– геометриялық пішіні туралы білімдерін нақтылау.

Міндеттері: өзінің маңындағы кеңістік бағыттарын ажырата білу; оң қолы мен сол қолын ажырата алу білігін дамыту; логикалық ойлауын дамыту; геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту; қоршаған ортадан шеңбер пішінді заттарды таба білу білігін бекітуді жалғастыру.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: өз айналасындағы кеңістікте: «оң жақ, сол жақ, ортасында» сөздерін пайдаланып, бағдарлауды;

Түсінеді:өзінің айналасында сол жағы, оң жағы қайсысы екенін ажыратуды; Қолданады: өзінің айналасында бағдарлауды; сол жақ, оң жақ, ортасындағы заттарды салыстыруды,оң жағы мен сол жағын ажырата алу білігін;

Құрал-жабдықтар мен материалдар: үйшік, «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерінің макеттері, демонстрациялық материал; үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,  әңгімелету,  сергіту  сәті, ойын.

Сөздік жұмыс: сол жақ, оң жақ, шеңбер.

ҰІӘ-нің барысы

Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.


1.Кіріспе.

-Балалар қазір жылдың мезгілі?

-Қыс мезгілінде қанша ай бар?

- Қане атап айтайық.

2. Негізгі кезең. Ойын: «Сол жақта, оң жақта».

- Балалар, мына кейіпкерлерге қараңдаршы, бұл қандай ертегі.

Балалардың жауаптары.

- Балалар, бұл ертегіде бауырсақ атасы мен әжесінен қашып, алдымен қандай аңға жолығады?

Балалардың жауаптары. / Қоянға/

-Қоян бауырсақтың қай жағында тұр?

Балалардың жауаптары. /Оң жағында/

-Балалар, қоян бауырсақты жеп қоймас үшін біз тапсырма орындауымыз қажет.

-Онда дәптердегі бірінші суретке қарайық.

1-тапсырма:

-Балалар дәптердегі суретке назар аударыңдар.

Балалар ойнап жатқан ойын қалай аталады?

Балалардың жауаптары. /Арқан тартыс /

Арқанды сол жақтан кімдер тартып жатыр, ал оң жақтан кімдер тартып жатыр.



Балалардың жауаптары. /сол жағында ұлдар, оң жағында қыздар/

-Балалар, жарайсыңдар! Бауырсақты қояннан құтқардық. Бауырсақ әрі қарай домалап, тағы қандай аңға кездесті?

Балалардың жауаптары. /Қасқырға/

-Қасқыр бауырсақтың қай жағында тұр?

Балалардың жауаптары. / Қасқыр бауырсақтың сол жағында/

-Енді қасқырдан құтқару үшін біз екінші тапсырманы орындауымыз керек.

2-тапсырма

-Мына пішіндердің ішінен дөңгелекті тауып қоршап сызыңдар.




-Бұл қоршаған пішіндерің қандай кейіпкердің пішініне ұқсайды?

Балалардың жауаптары. / Бауырсақтың пішініне ұқсайды/

-Балалар, жарайсыңдар! Бауырсақты қасқырдан құтқардық. Бауырсақ әрі қарай домалап, тағы қандай аңға кездесті?

Балалардың жауаптары. /Аюға/

-Аю бауырсақтың қай жағында тұр?

Балалардың жауаптары. /Аю бауырсақтың оң жағында/

-Енді аюдан құтқару үшін біз үшінші тапсырманы орындауымыз керек.

Сергіту:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір

Біздер тату баламыз.

Гүл – гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

3-тапсырма

-Мына суретте бауырсақтар қыздардың бәріне жете ме? Суретте неше қыз? Санайықшы. Неше бауырсақ? Санаңдаршы. Осы бауырсақтарды қыздармен сызып қосыңдар.


-Бауырсақ қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Балалардың жауаптары. /Дөңгелекке/

-Балалар, жарайсыңдар! Бауырсақты аюдан құтқардық. Бауырсақ әрі қарай домалап, тағы қандай аңға кездесті?

Балалардың жауаптары. /Түлкіге/

-Түлкі бауырсақтың қай жағында тұр?

Балалардың жауаптары. /Сол жағында/

-Енді түлкіден құтқару үшін біз «Қандай зат дөңгелекке ұқсайды?» ойынын ойнаймыз.

Ойынның мақсаты: дөңгелек пішіндерді басқа пішіндерден ажырату.

Шарты: суреттегі бейнелердің ішінен дөңгелекке ұқсас заттарды тауып атайды.

-Балалар, жарайсыңдар! Бауырсақты түлкіден де құтқардық. Бауырсақ сендерге рахметін айтады. Сендерге көңілді смайликтер сыйлағысы келеді.

Балаларға смайлик тарату.

3. Рефлексия. Қорытынды жасап , балаларды мадақтаймын.

- Біз нені аңдардан құтқардық?

-Бауырсақ пішіні қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Қандай геометриялық пішінді қоршап сыздыңдар? Топтағы дөңгелекке ұқсайтын заттарды атаңдар.

-Балалар, сонымен қатар біз оң жақ, сол жақты ажыратып үйрендік.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10.05.2023
582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі