400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану.

Мектеп:

№26 С.Датов атындағы орта мектеп

Күні: 02.10.19ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Жасмагамбетова Ф.

Сынып: 6 «А,Д»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.4

координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу;

6.1.1.7

қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу;

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • оң сандарды, теріс сандарды білу;

  • қарама-қарсы сандарды білу;

  • координаталық түзу анықтамасын білу;

  • координаталық түзуді салады, координаталық түзуде санақ басын және бірлік кесіндіні анықтай алу;

координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндеп білу.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • оң сандарды, теріс сандарды, қарама-қарсы сандарды біледі.

  • координаталық түзуді салады, координаталық түзуде санақ басын және бірлік кесіндіні анықтайды;

  • координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндеп біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

• берілген лексика мен терминалогияны сабақта қолданады;

• координаталық түзуді салуды сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

• оң сан;

• теріс сан;

• бүтін сан;

• қарама-қарсы сандар;

• координаталық түзу;

• санақ басы;

• бірлік кесінді;

• оң бағыт;

• нүкте координатасы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • координаталық түзуде үлкен (кіші) сан ... кескінделеді;

  • екі теріс санның ішінен ... үлкен;

  • A(-3) жазуын «координатасы минус 3 болатын А нүктесі» деп оқимыз;

  • C(2,6) жазуын «С нүктесінің координатасы екі бүтін оннан алтыға тең» деп оқимыз;

  • 12 саны -21 санынан үлкен, себебі ... орналасады;

  • берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келеді.


Құндылықтарды дарыту

Сыныпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын,

координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Координаталық түзу түсінігін қалыптастыру оқушылар 7-сыныпта физика пәнінен өтетін «график осьтерінің координаталарын және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеуді білу» оқу мақсатын жетік меңгеруе ықпал етеді.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу және сабаққа қатыстып отырған оқушыларды түгелдеу.


Сабақтың ортасы










































































































Жаңа сабақты түсіну


Оң сандар мен теріс сандарды және 0 санын түзу бойындағы нүктелермен кескіндеуге болады.

  1. Түзу сызып 1 –сурет, оның бойынан О нүктесін белгілеп, осы нүктені санақ басы ретінде қабылдау керек;

  2. Бірлік кесіндіні (ОА) таңдап алу керек;

  3. Оң бағытты көрсету керек.

Мұндай түзуді координаталық түзу деп атаймыз.

Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.

О нүктесі координаталық түзуді қарама – қарсы бағытталған екі сәулеге бөледі.

I. Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді: (0).

Координаталық түзудегі оң бағытты стрелкамен белгілеу қабылданған. Координаталық түзудің О нүктесінен (санақ басынан) оң бағытта оң сандар кескінделеді.

II. Координаталық түзу бойында оң сандарды кескіндеу.

Таңдап алынған бірлік кесінді О нүктесінің оң жағына, бір-бірімен жалғастырыла, қажетінше бірнеше рет салынады (1-сурет). Бірлік кесіндіні бірінші рет салғанда оның соңғы А нүктесі 1 санына сәйкес, екінші рет салғанда, оның соңғы В нүктесі 2 санына сәйкес болады. оған жалғастыра бірлік кесіндіні үшінші рет салғанда, оның соңғы С нүктесі 3 санына сәйкес және т.с.с. болады.

1 –сурет

Координаталық түзудегі оң бағытқа қарама-қарсы (солға қарай) бағыт теріс бағыт деп аталып, ол бағытта теріс сандар кескінделеді.

III. Координаталық түзу бойында теріс сандарды кескіндеу. Бірлік кескінді О нүктесінен солға қарай жалғастырыла қажетінше бірнеше рет салынады. Бірлік кескіндіні бірінші рет, оның соңғы D нүктесі – 1 санын, екінші рет салғанда, оның соңғы Е нүктесі – 2 санын кескіндейді. Бірлік кесіндіні үшінші рет салғанда, оның соңғы Ғ нүктесі – 3 санын кескіндейді және т.с.с. Егер осы нүктелерді координаталарымен жазсақ, онда:

D(-1), Е(-2), Ғ(-3), ... .

Координаталық түзудегі бірлік кесіндіні тең бөлектерге бөліп, оң бөлшектерді немесе теріс бөлшектерді кескіндеуге болады.

2 –сурет

Мысалы, координаталық түзу бойында 2,5 санына L нүктесі сәйкес, ал санына N нүктесі сәйкес келеді (2 – сурет).

Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді.


Егер координаталық түзу вертикаль орналасса, онда О нүтесінен (санақ басынан) жоғары қарай оң сандар, ал төмен қарай теріс сандар кескінделеді (3 – сурет).

Ауа температурасын, адам денесінің температурасын өлшейтін термометрдің шкалалары вертикаль координаталық түзу тәріздес орналасқан.


3-сурет


Жаңа сабақты меңгеру.

Жалпы сыныптық жұмыс:

1- тапсырма.

  1. Жаңа сабақ бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.

1) Координаталық түзу дегеніміз не?

2) Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең? (0 саны)

3) Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің оң жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар? ( оң сандар)

4) Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің сол жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар? т.б.

5) Қарама қарсы сандар дегеніміз не?

Оқушыларға дер кезінде кері байланыс беріледі. Оқушылар тек сұраққа жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар координаталық түзу жайында ой-түйіндерін айтулары тиіс.

Жаңа сабақты бекіту.

2-тапсырма

Сәйкестендіру:

Джомолунгма (Эверест) шыңының биіктігі 8848 м.

+200 С

Тынық мұхиттағы Мариан шұңғымасының тереңдігі 1102 м.

-5

Команда мүшелері 5 ұпайға жеңілді

-200 С

Команда мүшелері 5 ұпайға ұтты

+5

Бөлмеде 200 С жылы 

-1102 м.

Далада 200 С аяз

+8848 м.



Бағалау: Жұбын бағалау. Қосымша сұрақ қою

3-тапсырма. Кестедегі бос орынды толтырып, қарама қарсы сандарды жазу.

а

15


25


10


36


18


30

-а


-3


-50


-5


-30


-12



Кері байланыс орнату оқушымен мұғалім арасында.

4-тапсырма.

Оқулықпен жұмыс (өзара бағалау жүргізіледі):

№ 232-есеп.

Шамаларды мағынасына қарай оң санмен, теріс санмен немесе 0 санымен жазыңыз:

  1. су асты қайығы 500 м тереңдікте жүзіп жүр;

  2. олар ойынды 2 ұпай ұтыспен аяқтады;

  3. олар ойынды 1 ұпай ұтылыспен аяқтады;

  4. автобус аялдамада тоқтады;

  5. автобус аялдамаға 30 м жетпей тоқтады;

  6. автобус аялдамадан 15 м өтіп (асып) тоқтады.

Жауаптар: 1) -500 м; 2) +2; 3) -1; 4) 0; 5) -30 м; 6) +15м.

5-тапсырма. Оқушылар берілген координаталық түзуден нүктелерді тауып белгілейді.

К(-5);О(-4);О(-3);Р(-2);Д(-1)И(0);Н(1);А(2);Т(3);А(4)

Кері байланыс: мұғалім мен оқушы арасындағы сұрақ-жауап.

Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011



Қосымша 1.












































































Қосымша 2

Математика:

Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

Алматы: «Атамұра» 2002






Қосымша 3.

Қосымша 4.



Сабақтың соңы


Сабақты қорытындылау.

  1. Қандай сандар оң сандар деп аталады?

  2. Қандай сандар теріс сандар деп аталады?

  3. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?

  4. Қарама-қарсы сандарды пайдаланып мысал келтіріңдер?


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- нені білгім келеді..



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Кері байланыс бойынша бағаланады.

Мұғалім диалогқа оқушылардың қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.


Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады, сынып ішінде емін еркін қозғалыста болуына мүмкіндік туғызылады.

























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
2303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі