400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар.

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдер үшін қажет. сабақ жоспарлары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану.

Мектеп: Қармақшы аудандық білім беру мекемесі «№273 орта мектеп»


Күні:02.10.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Базарбаева А.Б

Сынып: 6 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.4

Координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу;

6.1.1.7

Қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу;


Сабақ мақсаты

Оқушылар:

• координаталық түзуде қарама-қарсы сандарды белгілеуді үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • қарама-қарсы сандарды біледі;

  • берілген санға қарама-қарсы санды табады;

  • координаталық түзуді сызады;

  • координаталық түзуде қарама-қарсы сандарды белгілей алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

• берілген лексика мен терминалогияны сабақта қолданады;

• координаталық түзуді салуды сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

• оң сан;

• теріс сан;

• бүтін сан;

• қарама-қарсы сандар;

• координаталық түзу;

• санақ басы;

• бірлік кесінді;

• оң бағыт;

• нүкте координатасы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • координаталық түзуде үлкен (кіші) сан ... кескінделеді;

  • екі теріс санның ішінен ... үлкен;

  • A(-3) жазуын «координатасы минус 3 болатын А нүктесі» деп оқимыз;

  • C(2,6) жазуын «С нүктесінің координатасы екі бүтін оннан алтыға тең» деп оқимыз;

  • 12 саны -21 санынан үлкен, себебі ... орналасады;

  • 3 саны 7,52 санынан кіші, себебі ол координаталық түзуде ... орналасды;

  • берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келеді.

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын,

координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәнінен өткен антоним, мағынасы бір-біріне қарама-қарсы (ұзын – қысқа; толық – арық; (қалың – жұқа); күшті – әлсіз) сөздерін қолдану арқылы оң және теріс сандар, қарама-қарсы сандар ұғымын түсінеді.

Жаратылыстану пәні бойынша өсімдік түрлерін еске түсіреді

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


1-5 мин

Ұйымдастыру бөлімі.

Бүгінгі сабақта саяхатқа шығып серуендеп қайтайық. Табиғатымыздың тамаша сыйлары бар шығар.

Әр елдің салты басқа,

иттері қара қасқа,-дегендей әр халықтың сәлемдесу салты әрқалай.Ең алдымен сәлемдесіп алайық.

(Оқушылармен әр елдің сәлемдесу әдебі бойынша амандасу. )

Психологиялық ахуал

Мейірімді жүрекпен

Ақпейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық


Топқа бөлу:

Гүл түрлері( Лотос, мен топқа бөлу

Лотос

Бұл гүл әлемдегі ең әдемі гүлдерді бірі. Бұл гүл адамзат тарихында тазалық пен әдеміліктің символы болып келеді.

Раушан

Бұл гүлдің отаны Иран, ал ертеректе Персия елі болып саналатын. Өз тілдерінде оны «гюль» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны гюлистан дейді, аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді екен. Ал Үнді еліне раушан гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грецияға гүлді батыс елдерден келгендер акелген, кейін гүл махаббат пен әдеміліктің символы саналған.


Роза тобы


Топ ережелерімен таныстыру, топ басшысын сайлау


1.Сыныпта тыныштық сақтау

2.Бір-бірінің пікірін тыңдай білу

3.Уақытты үнемдеу

4.Нақты әрі толық жауап беру


Үй жұмысын тексеру.

«Айналмалы бекет әдісі» арқылы әр оқушы келесі оқушының үй тапсырмасын тексереді.

Үй тапсырмасын қорытындылау:

Аквариум әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.Егер кімде кімге алтын балық шықса, сол оқушы сұрақ қойылмай балл жинайды.

Үй тапсырмасын және үй тапсырмасын қорытындылау кезінде Жапондық әдіс арқылы әр топ келесі топты бағалайды.

Өткен сабақты қорытындылау:

Оқушыларға жалпы сұрақ қою:

- Оң және теріс сандарға қандай анықтама беруге болады?

- Оң және теріс сандарды координаталық түзуде қалай белгілейміз?

- 0 саны оң сан ба, әлде теріс сандарға тиісті ме?

Тапсырма 1.

Енді балалар тақтаға назар аударайықшы. Тақтадағы берілген суретке қарап, олардың айырмашылығы неде екенін айтыңыздар.

•ұзын – қысқа;

•толық – арық; (қалың – жұқа)

•күшті – әлсіз

Бұл салыстыруға қолданылған сөздерді қазақ тілі пәнінде жалпы қалай атаймыз?

Қандай сөздер антоним деп аталады?

Антонимдер – мағынасы қарама – қарсы сөздер.

Мысалы: бізді қоршаған әлем өте қызықты, бірақ қарама – қайшылыққа толы. Кішкентай кезіңізден сіздер мейірімділік және ... (зұлымдық) жайындағы ертегілерді оқыдыңыздар. Немесе жай ғана күнделікті өмірден мысал келтірсек, құбырдан ағатын су салқын және ыстық түрде болады.

Ал математикада қарама – қарсы сөздер (терминдер) кездеседі ме?

Балалар мысал келтіреді: қосу және азайту, бөлу және көбейту, оң және теріс сандар.
















Сабақтың ортасы


5-15 мин


































15-32 мин




































30-32 мин












32-37 мин

Жаңа сабақты бекіту

Сыныппен жұмыс:

Тапсырманы ауызша талқылау. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау:

- қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеріп, есептер шығаруда сандарды дұрыс ажырата білу;

- таңбалар ережесін дұрыс қолдана білу.

Жеке жұмыс: «Рамашка әдісі» Әр оқушы жеке тапсырмалар орындап гул шоқтарын құрау.

№316 есеп

а

12



-31


15


-а


0,9


-4


-9


6


Кестені толтыру арқылы келесі сұрақтарға жауап береді:

- Оң санға қарама – қарсы сан?

- Теріс санға қарама – қарсы сан?

- Нөлге қарама – қарсы сан?

Топтар өз жұмыстарын ауыстыру арқылы бір – бірін тексереді.

Дескриптор: Білім алушы

- қарама – қарсы сандарды табады;

- кестені толтырады;

- сұрақтарға жауап жазады.

ҚБ: бас бармақ әдісі арқылы бағалайды

Жаңа сабақты меңгеру.

Үштік әдіс:

Жұптық жұмыс:

Сәйкестендіру:

№

Берілген шамалар

жауаптары

1

Тура бағытты білдіретін  сандар

16

2

Кіріс 120000тг;

97

3

16 градус суық;

оң сандар

4

Бәйтеректің биіктігі 97м;

-120000

5

16 градус жылы;

-97

6

Шығын 120000тг;

-16

7

7 ұпай ұтыс

-7

8

Су асты қайығ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі